Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция материалдары (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

2. Қоғам туралы түсінік

1. Қазақстандық қоғам. Қоғам және табиғат

Қазақстандық қоғам. Қазақстан – көпұлтты қоғам. Қазақстан халқын қазақтармен бірге тұратын әртүрлі этностардың ұлттар мен ұлыстардың өкілдері құрайды. Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болып табылады. Мұны қалай түсіну керек? Бұл қазақ ұлтының ежелгі жерінде өз мемлекетін құрғанын білдіреді. Сондықтан да қазақтар байырғы, автохонды (грек. – ежелгі байырғы) ұлт болып аталады.

Бұл идея ҚР Конституциясының кіріспесінде бейнеленген.

Конституцияның кіріспесі: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз».

Бүгінгі күні этникаға немесе дінге қатысты кез келген қазақстандық – бұл өз елінің тең құқықты азаматы, ал қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамушы қазақстандық азаматтың қауымдастықты біріктіретін ядро ретінде әрекет етеді (ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінен).

Бүгінгі күні мемлекеттік БАҚ-ның 70%-ы қазақ тілінде жасалады. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде барлық оқушылардың 63%-ы оқиды. ҚР Президенті 2020 жылы қазақстандықтардың, бәрінен бұрын жастардың 90%-ы мемлекеттік тілді меңгеруге қол жеткізу міндетін қойды.

Біздің елдің ұлттық саясатының басты міндеті – азаматтық ұстамдылық пен ұлттық келісімді сақтау. Мұндай келісім олардың экономикалық және мәдени теңдегін, этностар арасындағы достықты, мәдениет, тіл және ұлттық қажетсінулерді жүзеге асыру тұрғысында этностардың еркін дамуына қамтамасыз етеді.

Ресми статистика. ҚР-нда 22 республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді, олар 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарды біріктіреді; этноқұрылымдар бар: немістер – 49, қазақтар – 40, кәрістер – 36, татарлар – 29, славяндар – 27, шешендер мен ингуштар – 26, әзірбайжандар – 23, ұйғырлар – 21, орыстар – 20, украиндар – 19, еврейлер – 18, поляктар – 16, түріктер – 14, гректер – 12, армяндар – 11, белорусьтар – 10, дүнгендер – 10, курдтер, өзбектер – 8-ден, казактар – 6, түркімендер, болгарлар, дағыстандықтар – 4-тен, қырғыздар, тәжіктер – 3-тен, қарашайлар мен балкарлар, қытайлар, чуваштар, қарақалпақтар – 2-ден, ассириялықтар, чехтар, Балтық жағалауы халықтары, грузиндер, осетиндер, лезгиндер, ирандықтар, буряттар, венгрлер, румындар – 1-ден. Елде 100-ден астам ұлттық мектептер, 170 жексенбілік мектептер жұмыс істейді, онда 23 ана тілі оқытылады. Ұлттық қайта өрлеудің үш мектебінде 12 ана тілін зерделеу бойынша 29 бөлімше жұмыс істейді. Қазақстанда 4 республикалық және 15 өңірлік ұлттық газеттер басылып шығады, 6 ұлттық театр (қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей және өзбек) жұмыс істейді.

Жыл сайын этникалық топтардың тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынғы Наурыз, Масленица, Рождество және басқа бұқаралық халықтық мерекелер дәстүрлі мерекелерге айналды (http://kazakhemb.org.il).

Қазақстан – көпұлтты халықтар мен ұлыстардың ынтымақтастығы. Қазақстан аумағына ХХ ғасырда әртүрлі ұлттар өкілдерінің көп бөлігі мәжбүрлеу түрінде немесе өз еріктерімен қоныс аударды: саяси қуғын-сүргіндерге байланысты, революциялар, азамат және Ұлы Отан соғысы кезінде, азамат және Ұлы Отан соғысынан кейінгі қираушылық кезінде, индустрияландыру мен тың жерлерді игеру кезінде. Қазақ халқы мен Қазақстан аумағына қоныс аударған адамдардың рухани байлықтарының өзара әрекеттестігі нәтижесінде Қазақстан халқының бірегей рухани-өнегелік әлеуеті жасалды. Біздің халыққа бейбітшілік сүйгіштік, құрметтеушілік, төзімділік, әртүрлі мәдениеттер мен құндылықтарды қабылдау қабілеті, ашықтық тән. Бүгінгі күні Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады.

Қазақстанда «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Қазақстан Республикасының бұл мемлекеттік бағдарламасы этникалық имигранттарды; Қазақстан Республикасы аумағына еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Қазақстан ел аумағын мәжбүрлі немесе ерікті түрде тастап кеткен немесе оның қазіргі шекараларынан тыс жерлерде Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеуден кейін қалып қойған этникалық қазақтарды және олардың басқа елдерде тұратын ұрпақтарын тарихи Отанына қайтару саясатын жүргізуде. Ресми түрде оралмандар термині қолданылады. Соңғы екі онжылдықтың ішінде Қазақстанға ресми деректер бойынша, 1 миллионға дейін этникалық қазақтар қоныс аударған.

2009 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша қазақтар халықтың 67%-ын, қалған барлық ұлттар – 33%-ын құрайды. Олардың ішінде ең көп сандылары – орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, кәрістер, татарлар, ұйғырлар болып табылады.

Әрбір этностың өз ерекшеліктері бар. Қазақстанда этностар арасындағы қатынастарды жан-жақты дамыту, тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрлер мен салттарды сақтау және оларды одан әрі дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. 1995 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Қазақстанда ар-ұждан бостандығы мен діни сенімдер бостандығы қамтамасыз етіледі. Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде діни бірлестіктердің жалпы саны төрт еседен астам ұлғайды. Бүгінгі күні мешіттердің саны бір жарым мыңды құрайды. Православиелік приходтардың саны төрт есе, католиктік ұйымдардың саны – үштен бірге артты. Мыңға жуық протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен дұға үйлері, 21 иудеялық қауым жұмыс істейді. Басқа да діни сенімдердің ізбасарлары пайда болды. Қазақстанда қырықтан астам конфессияны білдіретін үш мыңдай діни бірлестіктер жұмыс істейді. Қазақстан мысалы мемлекет бастамашы және қолдаушы бола отырып, олардың арасындағы тұрақты сұхбат негізінде конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін көрсетті. Біздің елде ислам мен православиенің, басқа діндердің арасында ізгі қатынастар қалыптасты. Қазақстан дүниежүзілік жетекші діндердің орталықтарымен тығыз қарым-қатынастарды қолдап отырады. Бұған мысал – қазақстандықтардың Мекке мен Мединадағы қасиетті орындарға қажылыққа баруы. Қазақстан православиелік қасиетті орын – Мәскеудегі Құтқарушы Христон храмының қалпына келтірілуіне өз үлесін қосты – әрлеу жұмыстары үшін қазақстандық тамаша гранит пен мәрмәр тегін берілді.

Қазақстанның діндер арасындағы тұрақтылықты сақтаудағы үлесін мойындау Қазақстанға 2001 жылы қыркүйек айында Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің ресми сапары болды, ол қазақстандықтарға бейбітшілік пен рухани келісімді сақтағаны үшін өз ризашылығын білдірді. 2012 жылы маусым айында Астана қаласында дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезі өткізілді. 2012 жылы 6 шілдеде Астанада елдегі жаңа, ең үлкен және салтанатты мешіт – «Әзірет сұлтан» ашылды. Мешітке Қожа Ахмет Яссауидің ұлы ұстазының есімі берілді және қазақ халқының рухани дәстүрлерінің сабақтастығының көзге түсер нышаны болып табылады. Қазақстанда азаматтар ұлттық және тектік белгілері бойынша бөлінбейді, бірлесе отырып демократиялық, әлеуметтік, зайырлық, құқықтық қоғам құрады.

Қазақстан Республикасы – біздің елде тұратын барлық ұлттар мен этностар үшін ортақ Отан. Мемлекет Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін азаматтардың бәрін құқықтық тұрғыдан тең субъектілер ретінде қарастырады және оларды теңдей дәрежеде қорғайды. Мемлекет ҚР-нда тұратын этностардың азаматтық құқықтарына шектеулер қоймайды. Олардың құқықтары адам және азамат ретінде халықаралық құқық деңгейінде қорғалады.

Ұлттық идея. Қазақстанның көпұлтты халқы өмір құрылысының ортақ идеясымен біріккен бірыңғай ұлт болып табылады. Біздің елде адамдар өзара еркін қарым-қатынаста болады. Ұлттық мәдениеттер мен тілдердің айырмашылығы, бір жағынан, әрбір мәдениеттің өзара рухани баюының және бүкіл ұлттың өсу құралы, екінші жағынан, басқа мемлекеттердің халықтарымен өзара әрекеттестік құралы болып табылады.

Бүгінгі күні ұлттық идеяның қажеттігі туралы мәселе қойылуда. Бұл ретте Қазақстан халқының ұлттық идеясы ретінде бүкіл халықты біріктіретін идеялар түсініледі. Қазақстандағы өмір құрылысының бұл идеясын нарықтық экономика, құқықтық мемлекет және демократиялық реформалар сияқты құралдарды қолдану жолымен жүзеге асыру қажет. Бұл идеяны жынысы мен жасына, ұлты мен кәсібіне, әлеуметтік жағдайы мен шығу тегіне қарамастан әрбір қазақстандық жүзеге асыруы тиіс. Ұлттық идея қазақ халқының дәстүрлері мен салттарын қайта жандандырумен байланысты. Қазақстанда дәстүрлерге деген өте байсалды көзқарас орныққан. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің құрамдас девиздерінің бірі болды (төрт «Т» – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүрлер), «транспаренси» (транспоранттілік) және «толеранс» (төзімділік)). Ұлттық бірлік Доктринасы да осы ұстанымдарға (4Т) негізделеді. Қазақстандықтардың жас ұрпағы қазақ халқының дәстүрлерін біліп қана қоймай, оларды қастерлейді және орындайды деген үміттеміз.

Кейбір дәстүрлерді көрсетейік.

  • үлкендерді сыйлау.

  • «жеті ата» ұстанымы – туыстық байланыстар институты. Бір рудың жеті атасына дейінгі өкілдерінің арасындағы некеге тыйым салынады, сондықтан әрбір қазақ өзінің рулық шығу тегін жетінші атаға дейін білуі тиіс.

Ұлттық идея қазақстандық отаншылдық түсінігімен тығыз байланысты. Қазақстандық отаншылдық – бұл Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүретін барлық халықтардың гүлдену мүмкіндіктері мен тағдырларының бірлігін терең түсіну сезімі. Әрбір адам өзі өмір сүретін елді сүюі және құрметтеуі тиіс. Қажет болған жағдайда әрбір адам өз елін қорғауы тиіс. Қазақ мақалын еске түсірейік: «Отан үшін отқа түс – күймейсің».

Бүгінгі әрбір барлық адам кейінгі ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті сезінуі және қуатты рухани-өнегелілік, зияткерлік және дене әлеуеті бар қазақстандық ұлтты қалыптастыруға ұмтылуы, табиғатты сақтауы және күшті тәуелсіз отан құруға ұмтылуы тиіс.

Қоғам және табиғат. Адамның экологиялық жүйедегі орны. Табиғат табиғи заңдар бойынша адамзат қоғамы заңдарынан тыс дамиды. Қоғам шығармашылық күш ретінде әрекет етеді. Қоғам әртүрлі мәдени құндылықтар жасайды. Қоғамның табиғаттан ерекшеленуінің мәні осында. Алайда, табиғат пен қоғамды қарама-қарсы қоюға болмайды. Адам дегеніміз – экологиялық жүйенің бір бөлігі. Егер біз табиғатты бұзсақ, онда өзіміздің өзімізді де бұзғанымыз.

Қазақстан аумағында мыңдаған жылдар бойы негізі адамның табиғатқа ұқыппен қарауы болған көшпелі өркениет өмір сүрді. Қазақ халқы ғасырлар бойы табиғатпен достасты, көшпелі әдет-ғұрыптар мен тәртіптерге негізделген өзіндік экономикасы, өмірлік базисі болды. Әрине, бүгін біз өткенге қайта оралып, қайтадан көшпелілілерге айналмаймыз. Алайда, біз өз түптамырымызды, өз тарихымызды және бізге ата-бабаларымыз қалдырып кеткен табиғатқа деген ұқыпты көзқарас ұстанымдарын ұмытпауға тиіспіз.

Қоршаған ортаның ластануы және оның адам денсаулығына кері әсері. ХХ және ХХІ ғасырда адамның табиғатқа белсенді араласуы жүріп жатыр. Бұл қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Әсіресе бұл біздің елдің табиғатына қатысты. Ғаламшар көлемінде қоршаған ортаның ластануына қатысты кейбір сандық деректерді келтірейік. Ауаның ластануы. Жылына атмосфераға 200–400 млн. тонна шаң, 150 млн. тонна күкіртті ангидрид, 700 млн-дай тонна басқа да зиянды заттектер шығарылады. Өнеркәсіпті аудандарда ластанушылық табиғи деңгейден мыңдаған және одан да көп есе жоғары.

Судың ластануы. Мұхитқа жылына 1200 миллион тонна шамасында химиялық заттардың 30000-нан астам түрлері төгіледі, оның 6 млн. тоннасы – мұнай.

Топырақтың ластануы. Жыл сайын біздің Жерде 20 млн. гектар жер өз құнарлылығынан айырылады, 6 млн-дай гектар жер шөлге айналады. Жерге әрбір жылда 4 млн-дай тонна ұлы химикаттар енгізіледі.

Жануарлар және өсімдіктер дүниесін жою. Экологтардың мәліметтері бойынша жыл сайын жануарлар мен өсімдіктердің 100-дей түрі жоғалып кетеді. Жануарлардың 50000-дай түрі жойылып кету шегінде тұр. Табиғатты қорғаудың Халықаралық одағы жариялаған, тек қана жоғалып бара жатқан сүтқоректілер мен құстардың түрлері енгізілген Қызыл кітап көлемді екі томды құрайды. 200 жылдың ішінде ғаламшардың өкпесі болып табылатын ормандардың ауданы екі есе азайды. Жылына 11 млн. гектар орман жоғалады. Америка тропикалық ормандарының 40%-ы, Африканың – 50%-ы жойылды. Жердің өсімдік жамылғысы ауданының 25%-ына нұсқан келтірілді. Атмосфераның ластануы адам денсаулығына кері әсер етеді. Бүгінгі күні көптеген адамдар аллергиядан зардап шегуде. Бұл дегеніміз – адам ағзасының табиғаттың ластануына жауабы. Жас адамдар қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатымен қоғамға пәрменді ықпал етуі мүмкін. Халықты экологиялық тәрбиелеуді, экологиялық насихатшы, табиғат қорғау қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықты жүйелі жүргізу, бұл жұмысқа халықтың көпшілік топтарын тарту қажет. Барлығы бірігіп, бүкіл қауым болып, білім негізінде табиғаттың ластануына жол бермеуге болады.