Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Rubezh_otv_Kirbaeva.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆

28.Микробалдырлар және олардың өсу ортасын модификациялау негіздері

29. Тағамдық талшықтар, классификациясы және тағамдық шикізаттары. Химиялық құрылысы бойынша тағамдық талшықтар көмірсуларға жатады. Тағамдық талшықтар аш ішек пен тоқ ішектің қимылын ынталандырады. Тағамдық талшықтарға бай азық құрамында талшығы аз азық түрлеріне қарағанда көбірек жəне мұқият шайнауды қажет етеді. Асқазанда тағамдық талшықтар ісініп, тойымдылық сезімінің тез қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, рационда тағамдық талшықтар мөлшерін арттыра отырып калорияларды шектеу жеңілге түседі. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, тағамдық талшықтарға жататын пектиндер тағамнан кейін глюкоза деңгейін төмендетеді. Пектиндердің қандағы ХС деңгейін азайтуы туралы шектеулі деректер бар. Бірқатар еңбектерде сұлының тағамдық талшықтарының, əсіресе, кебек түріндегі, холестерин деңгейін, атеросклероз дамуы мүмкіндігін төмендетуге көмектесетіндігі көрсетілген. Тағамдық талшықтарды аз тұтыну жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің факторы ретінде қарастырылады.Тағамдық талшықтарға бай азықтан минералдық заттектер жақсырақ сіңіріледі. Дақылдар талшықтарының құрамына кіретін фитин қышқылы темір мен мырыштың сіңімділігін арттырады. Фитин қышқылының мөлшері аспаздық өңдеуде, қамырдың ашытылуында артуы мүмкін. Тағамдық талшықтар тоқ ішектің қатерлі ісігінің қаупін азайту факторы ретінде қарастырылады. Бірақ, эпидемиологиялық зерттеулер нəтижелері əртүрлі мəнді. Тағамдық талшықтардың бір бөлігі асқазан-ішек жолдары ферменттерінің əрекетіне тұрақты. Мұндай талшықтарды қорытылмайтын деп атайды. Мұндай талшықтардың энергетикалық құндылығы жоқ, бірақ, олар тоқ ішек қимылының негізгі ынталандырушысы саналады. Қорытылмайтын тағамдық талшықтардың көп мөлшері бүтін дəнде, кебектерде болады. Дəн ажыратылғанда қорытылмайтын талшықтар мөлшері азаяды.Асқазан-ішек жолдарында бұзылатын тағамдық талшықтар қорытылатын деп аталады. Олар моно- жəне дисахаридтерге дейін ыдырап, осы күйінде қанға сіңеді. Қорытылатын тағамдық талшықтардан моносахаридтердің сіңуі тағамның моносахаридтерінен гөрі тезірек өтеді. Сондықтан, қант диабетінде моносахаридтерді тағамдық талшықтармен алмастыру ұсынылады. Еуроодақ елдерінде тағамдық талшықтардың ұсынылатын тəуліктік тұтынылуы 20 г деңгейінде. Бірақ, тиімді тамақтану тұрғысынан алғанда бұл мөлшер 25-35 г-ға дейін көтерілуі тиіс.Рационға байланысты түрлі тағам өнімдері тағамдық талшықтардың көзі болады. Мысалы, солтүстік елдерде тағамдық талшықтардың 50% дейін дақылдармен түседі. Оңтүстікте тағамдық талшықтардың 50% көкөністер мен жемістерден толықтырылады. Дақылдар мен көкөніс-жемістерден түсетін тағамдық талшықтардың химиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар екендігі белгілі. Адам үшін бұл жағдайдың мəні белгісіз. ДДҰ ұсыныс бойынша көкөністер-жемістерді тұтыну тəулігіне 400 г дейін арттыру қажет. Ресейліктердің көкөністер-жемістерді орташа тұтынуы ұсынылатын норманың жарты-сындай ғана. Аспаздық өңдеу үрдісінде тағамдық талшықтардың ішінара бұзылысы өтеді, сондықтан, көкөністер мен жемістердің жартысын шикі түрінде тұтыну ұсынылады. Осымен қатар, нанды күнделікті тұтыну ұсынылады.

29. Тағамдық талшықтар, классификациясы және тағамдық шикізаттары. Химиялық құрылысы бойынша тағамдық талшықтар көмірсуларға жатады. Тағамдық талшықтар аш ішек пен тоқ ішектің қимылын ынталандырады. Тағамдық талшықтарға бай азық құрамында талшығы аз азық түрлеріне қарағанда көбірек жəне мұқият шайнауды қажет етеді. Асқазанда тағамдық талшықтар ісініп, тойымдылық сезімінің тез қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан, рационда тағамдық талшықтар мөлшерін арттыра отырып калорияларды шектеу жеңілге түседі. Эпидемиологиялық зерттеулер көрсеткендей, тағамдық талшықтарға жататын пектиндер тағамнан кейін глюкоза деңгейін төмендетеді. Пектиндердің қандағы ХС деңгейін азайтуы туралы шектеулі деректер бар. Бірқатар еңбектерде сұлының тағамдық талшықтарының, əсіресе, кебек түріндегі, холестерин деңгейін, атеросклероз дамуы мүмкіндігін төмендетуге көмектесетіндігі көрсетілген. Тағамдық талшықтарды аз тұтыну жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің факторы ретінде қарастырылады.Тағамдық талшықтарға бай азықтан минералдық заттектер жақсырақ сіңіріледі. Дақылдар талшықтарының құрамына кіретін фитин қышқылы темір мен мырыштың сіңімділігін арттырады. Фитин қышқылының мөлшері аспаздық өңдеуде, қамырдың ашытылуында артуы мүмкін. Тағамдық талшықтар тоқ ішектің қатерлі ісігінің қаупін азайту факторы ретінде қарастырылады. Бірақ, эпидемиологиялық зерттеулер нəтижелері əртүрлі мəнді.

Тағамдық талшықтардың бір бөлігі асқазан-ішек жолдары ферменттерінің əрекетіне тұрақты. Мұндай талшықтарды қорытылмайтын деп атайды. Мұндай талшықтардың энергетикалық құндылығы жоқ, бірақ, олар тоқ ішек қимылының негізгі ынталандырушысы саналады. Қорытылмайтын тағамдық талшықтардың көп мөлшері бүтін дəнде, кебектерде болады. Дəн ажыратылғанда қорытылмайтын талшықтар мөлшері азаяды.Асқазан-ішек жолдарында бұзылатын тағамдық талшықтар қорытылатын деп аталады. Олар моно- жəне дисахаридтерге дейін ыдырап, осы күйінде қанға сіңеді. Қорытылатын тағамдық талшықтардан моносахаридтердің сіңуі тағамның моносахаридтерінен гөрі тезірек өтеді. Сондықтан, қант диабетінде моносахаридтерді тағамдық талшықтармен алмастыру ұсынылады. Еуроодақ елдерінде тағамдық талшықтардың ұсынылатын тəуліктік тұтынылуы 20 г деңгейінде. Бірақ, тиімді тамақтану тұрғысынан алғанда бұл мөлшер 25-35 г-ға дейін көтерілуі тиіс.Рационға байланысты түрлі тағам өнімдері тағамдық талшықтардың көзі болады. Мысалы, солтүстік елдерде тағамдық талшықтардың 50% дейін дақылдармен түседі. Оңтүстікте тағамдық талшықтардың 50% көкөністер мен жемістерден толықтырылады. Дақылдар мен көкөніс-жемістерден түсетін тағамдық талшықтардың химиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар екендігі белгілі. Адам үшін бұл жағдайдың мəні белгісіз. ДДҰ ұсыныс бойынша көкөністер-жемістерді тұтыну тəулігіне 400 г дейін арттыру қажет. Ресейліктердің көкөністер-жемістерді орташа тұтынуы ұсынылатын норманың жарты-сындай ғана. Аспаздық өңдеу үрдісінде тағамдық талшықтардың ішінара бұзылысы өтеді, сондықтан, көкөністер мен жемістердің жартысын шикі түрінде тұтыну ұсынылады. Осымен қатар, нанды күнделікті тұтыну ұсынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]