- •Мемлекеттің қаржы қызметінің ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
- •Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның құрылымы
- •Мемлекеттің қаржы қызметін жүзеге асырудың әдістері мен нысандары
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің қағидалары
- •Материалдық және экономикалық мағынадағы қаржы жүйесінің түсініктері
- •Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары мен функциялары
- •Материалдық қаржылық қатынастар олардың белгілері
- •Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру әдістерінің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын бөлумен байланысты әдістердің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастырумен байланысты әдістер
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығының түсінігі мен пәні
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығы пәнінің жүйесі, қайнар көздері
- •Қаржылық қатынастар түрлері мен ерекшеліктері
- •Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістерінің түсінігі мен түрлері
- •Қаржылық-құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілері
- •Қаржылық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері мен түрлері
- •Қаржылық - құқықтық институттардың түсінігі
- •Ақшаның ұғымы және функциялары
- •Биметаллизм және монометаллизм, олардың түрлері
- •Қр және шетелдердің ақша жүйесі: түсінігі мен элементтері
- •«Резидент» және «резидент емес» түсініктерінің мазмұны мен валюталық операциялары
- •Валюталық бақылау: мақсаты мен міндеттері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері мен объектілері
- •Валюталық реттеу органдары, өкілеттіліктері
- •Валюталық реттеу әдістері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түсінігі мен түрлері
- •Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер және олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Қаржылық бақылаудың қағидалары мен түрлері
Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер және олардың түрлері
Қаржылық бақылаудың жіктелуі
Қаржылық бақылаудың жіктелуі Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың қағидалары мен түрлері
Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
- реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы;
- алдын ала ескертушілік сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық;
- бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты;
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
ҚР-ның және шетелдердің бюджет жүйесі және оның құрылымы
Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр. түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылыМын анықтайтын институт. Бюджет қызметінің нәтежесінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры құрылады. Бюджет жоспарын ұйымдастыруды мемлекет ақшасынан түсетін және мемлекеттік звено құрылысының басқа да ақша қаражатын алушылар арасында бөлінуін есептеуге мүмкіндік береді. Бюджет нақты анықталған мақсаттарға бағытталған ақша қаражатын ұсыну болып табылады. Мемлекетіміздің бюджет жүйесі әр деңгейде және әртүрлі орын алады. Олар республикалық бюджет, қала-аудандық бюджеттер және т.б. болып бөлінеді. Негізінен бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас элементтердің жиынтығынан тұрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.
ҚР-ның және шетелдердің бюджет жүйесінің қағидалары
Бюджет құрылымы жүйесінің ұйымдастыру құру принциптері бюджет құқығының екі элементінен тұрады:
1. бюджет жүйесі;
2. бюджет жүйесін құру қағидалары.
Кез келген елдің бюджеттік құқығы мемлекеттік және әкімшілік аумақтық бөліністеріне байланысты анықталады ҚР-ң бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттен тұрады осы екеуі бірігіп мемлекеттік құрылысын құрайды. Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге
