Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆
  1. Биметаллизм және монометаллизм, олардың түрлері

Биметализм — жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болған:

  • қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

  • қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

  • ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерік берілді.

Биметаллизм XVI—XVII ғасырларда кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм[өңдеу]

Монометаллизм — бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Күміс монометаллизмі Ресейде 1843—1852 жылдары, Индияда 1852-1893 жылдары, Голандияда 1847—1875 жылдары қызмет етті. Алтын монометаллизмі (стандарт) алғаш рет ақша жүйесінің үлгісі ретінде XVII ғасырда Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғасырдын, аяғына қарай енгізілді, айталық: Германияда — 1871—1873 жылдары, Швецияда, Норвегияда және Данияда — 1873 жылы, Францияда 1876— 1878 жылдары, Австрияда - 1892 жылы, Ресейде және Жапонияда —1897 жылы, АҚШ-та — 1900 жылы. Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты[өңдеу]

Алтын монета стандарты — бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

  • алтын монеталарды құюға рұқсат етілді (әдетте елдің монета сарайында);

  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

  • алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшаларды алтын монеталарға еркін ауыстыру қаупін туғызды. Бұл кезендерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. Сөйтіп, банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылады, және оны сыртқа шығаруға тыйым салынады, сондай-ақ алтын монеталар қазынаға сақталуға жіберіледі.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң жайлаған капитализм дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын монета стандарты негізінде калпына келтіре алмады. 1924—1929 жылдары ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның мынадай екі қысқартылған нысаны жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]