- •Мемлекеттің қаржы қызметінің ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
- •Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның құрылымы
- •Мемлекеттің қаржы қызметін жүзеге асырудың әдістері мен нысандары
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің қағидалары
- •Материалдық және экономикалық мағынадағы қаржы жүйесінің түсініктері
- •Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары мен функциялары
- •Материалдық қаржылық қатынастар олардың белгілері
- •Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру әдістерінің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын бөлумен байланысты әдістердің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастырумен байланысты әдістер
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығының түсінігі мен пәні
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығы пәнінің жүйесі, қайнар көздері
- •Қаржылық қатынастар түрлері мен ерекшеліктері
- •Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістерінің түсінігі мен түрлері
- •Қаржылық-құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілері
- •Қаржылық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері мен түрлері
- •Қаржылық - құқықтық институттардың түсінігі
- •Ақшаның ұғымы және функциялары
- •Биметаллизм және монометаллизм, олардың түрлері
- •Қр және шетелдердің ақша жүйесі: түсінігі мен элементтері
- •«Резидент» және «резидент емес» түсініктерінің мазмұны мен валюталық операциялары
- •Валюталық бақылау: мақсаты мен міндеттері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері мен объектілері
- •Валюталық реттеу органдары, өкілеттіліктері
- •Валюталық реттеу әдістері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түсінігі мен түрлері
- •Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер және олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Қаржылық бақылаудың қағидалары мен түрлері
Қр және шетелдердің қаржы құқығы пәнінің жүйесі, қайнар көздері
Қаржы құқығының қайнар көздері мемлекеттің қаржылық атқаратын қызмет кезінде пайда болатын, құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық нормалардан тұратын оның сыртқы жүйесінен тұрады.
Қаржы құқығының қайнар көздеріне мыналарды жатқызуға болады:
ҚР Конституциясы
ҚР Конституциялық заңдары
ҚР Салық Кодексі
ҚР Заңдары
ҚР Президентінің жарлықтары, зң күшіне ене алатын, ҚР-ның Президентінің нормативтік жарлықтары
ҚР Үкіметінің нормативті тұғырнамалары
Қаржы министрі, экономика министрі, Халық банк төрағасының нормативтік бұйрықтар, кедендік бақылау агенттілігінің нормативтік тұғырнамалары
Маслихаттардың, әкімшіліктердің қаржылық құқықтық қаулылары, нормативтік қаржы құқықтық шешімдері
Халықаралық қаржы құқығы және халықаралық қаржы құқықтық келісімдер.
Қаржылық қатынастар түрлері мен ерекшеліктері
1. Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормалар Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; - міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді: Ø Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді Ø Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді o Бюджеттік o Бюджеттен тыс o Қаржылық-банктік o Қаржылық-сақтандыру o Қаржылық-шаруашылық.
Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістерінің түсінігі мен түрлері
Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді § Біржақтылық-биліктік § Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады.
