Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2rub_kont_FARM_S_OTVETAMII_docx-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
93 Кб
Скачать
☆
  1. Антропогендік эвтрофикациясы, себебі және салдары.

Судың эвтроикациясы- судың биогенді элементтермен баюы.Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар жатады.Оны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар, мал шаруашылық кешендері, жылытылған сулар, мал шаруашылық кешендері, рекреациялық әсерлер, ағын суларды ағынсыз суларға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады. Өсімдіктер биогенді заттарды тікелей судан сіңіреді, ал ол судың жоғарғы қабатында фитопланктонның интенсивті жиналуына және су түбіндегі өсімдіктердің оттегі жетіспеуінен жойылуына әкеліп соқтырады. Мұнда оны өлген планктонның органикалық затын өндейтін редуцент ағзалар сіңіреді. Судың терең қабаттары оттегіне кедейленіп, аэробты процестер анаэробты процестермен алмасады да, су улы заттармен ластанады.(судың сапасының нашарлауы, экожүйенің тұрақтылығының бұзылуы, ортаның анаэробиозы, гидробионттар құрамының өзгеруі).

  1. Су тұтыну. Гидросфера ластануының экологиялық салдары.

Организмге минералдық заттар су арқылы тасмалданады.Ол гидролиз, гидратация, коллойдтар ісінуі реакцияларына қатысады.Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3(58-67%) құрайды, жас ұлғаюына орай су да аздап азаяды. Ересек адамның ауызсуға тәуліктік қажеттілігі орташа 3л.

  1. Әлемдік мүхиттардың экологиялық мәселелері.

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді. Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]