- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұнынан дамиды. Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының кодестері қабылданды.
Негізгі салалық заң актісі 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі болып табылады. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады.
1 бөлімде - "Негізгі ережелер" жер заңының мақсаттары мен міндеттері, принциптері жердің құрамы мен аймақтарға бөлу, жер салығы мен жалдау ақысы, сондай-ақ жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті қарастырылады.
Заңда 2-бөлім "Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар" ерекше орын алады, ол жерді пайдалану және жерге меншік мәселелерінің кең ауқымын реттейді. 3-бөлімде "Жер санаттарында" жердің қәзіргі жеті санаттарын құқықтық реттеу беріледі. Жерді қорғаудың тәртібі мен шарттары, мемлекеттік жер бақылауын жүргізу, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры, олардың мақсаты мен қызметін ұйымдастыру - 4 бөлімде көзделген. 5-бөлімде "Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелерде" жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғаудың негіздері мен шарттары, жер заңын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану, сондай-ақ осы кодекстің күшіне ену тәртібі қарастырылады.
1996 жылғы 27 қаңтарда ҚР Президенті "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықта жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің жалпы шарттары мазмұндалады.
Қазақстан Республикасының Парламенті 2003 жылғы 8 шілдеде Орман кодексін қабылдады. Оның құрылымына 9 бөлім, 20 тарау, 118 бап жатады. Орман кодексінің осы редакциясының мазмұны қазіргі практика талаптары мен Қазақстанның осы заманғы экономикалық шынайлықтарына сай келеді.
Экологиялық құқықтың елеулі көздерінің бірі 2003 жылғы 9 шілдеде ҚР Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексі. Ол 11-бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады. Сонымен бірге, бұл заң актісі су қатынастарын реттеуде елеулі рол атқарады.
2004 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заң қабылдады. Ол 11-бөлімнен, 61 баптан тұрады. Бұл заңның реттеу нысаны табиғи еркіндік жай-күйінде болатын жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
1997 жылғы 15 шілдеде "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заң қабылданды. Ол 24 тараудан, 88 баптан тұрады. Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысты болады. Заңға тәуелді актілер жүйесіне ҚР Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресрустарды пайдалану мәселелері бойынша субъектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомостволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады, олар белгілі бір министрліктердің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрліктермен қатынаста болады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұысынымдарды атауға болады.
