- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.
Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.
Екіншеден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жҳніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсіндіріледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсіндіріледі.
Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналар арқылы туындайды:
-меншік құқығын беру;
- меншік құқығын басқаға беру;
- меншік құқығының әбебап құқық мұрагерлігі тәртібінде кҳшуі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мыналардың негізінде туындайды:
1. мемлекеттік органдардың актілері;
2. азаматтық-құқықтық мәмілелер;
3. ҚР-ның заңында кҳзделген ҳзге де негіздерде.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. Меншік иесінің табиғат объектілерін басқа ададарға иеліктен шығаруы;
2. Меншік иесінің табиғат объектілеріне меншік құқығынан бастартуы;
3. ҚР-ның заң атклеріне сәйкес меншік құқығынан айрылуы жағдайында. Бұл табиғат объектілерін ұтымды пайдаланбаған немесе заңды бұза отырып пайдаланған жағдайда болады.
Меншік иесінен табиғат объектілерін, атап айтқанда жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қоюға жол берілмейді, оған мына жағдайлар жатпайды:
1. Меншік иесінің міндеттемелері бойынша ақы ҳндіріп алу;
2. Мемлекет қажеттері үшін меншік иесінің жер учаскесін, сатып алуды қоса алғанда, алып қою;
3. Меншік иесінен мақсатына қарай пайдаланылмаған немесе заңды бұзып пайдаланған табиғат объектісін мәжбүрлеп алып қою:
4. Мұрагерліктің мемлекетке кҳшуі;
5. Реквизициялар, яғни тҳтенше сипаты бар табиғи зіззала , авариялар, індеттер жағдайында және ҳзге жағдайларда меншік иесінен табиғат объектілерін алып қою, табиғат объектілері мемлекеттік органдардың шешімі бойынша қоғамның мүддесі үшін заң актілерімен белгіленген тәртіпте және шарттарда меншік иесінен, оған құнын тҳлей отырып, алынып қойылуы мүмкін;
6.Радиоактивтік ластануға ұшыраған табиғат объектісін меншік иесінен соған тең жер учаскесін бере отырып алып қою;
7.Тәркілеу, яғни қылмыс жасағаны немесе ҳзге құқық бұзғаны үшін санкция түрінде сот тәртібінде меншік иесінен табиғат объектілерін ҳтеусіз алып қою;
8. Ұлт меншігіне алу, яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіндегі таиғат объектілерін меншікке айналдыру.
