- •1.1. Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •1.2. Экологиялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
- •1.3. Экологиялық құқықтың принциптері және жүйесі
- •2.1. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және классификациясы
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – экология құқығының негізгі қайнар көзі
- •2.4. Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативтік актілер
- •3.1. Табиғат объектілеріне меншік құқығының түсінігі, меншік құқығының туындауының және тоқтатылуының негіздері
- •3.2. Табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері мен объектілері
- •3.3. Табиғи ресурстады пайдалану құқығының түсінігі және принциптері
- •3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
- •4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
- •4.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары
- •4.3. Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
- •5.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың түсінігі
- •5.3. Экологиялық сараптаманың түсінігі және жүргізілу сатылары
- •6.1. Экология заңдарын бұзудың түсінігі және белгілері
- •6.2. Экологиялық әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктер
3.4.Табиғат ресурстарын пайдалануға берілу және тоқтатылу негіздері
Арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау негіздері және оны жүзеге асыру шарттары. Арнайы табиғат пайдалану құқығы:
1) табиғи ресурстарды пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;
2) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін.
Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығын жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.
Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес беріледі.
Арнайы табиғат пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға билік ете алмайды.
Арнайы табиғат пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Қолданыстағы заңда жекелеген табиғи ресрутарға қатысты табиғат пайдалану құқығының қосымша негіздері көзделуі мүмкін:
1. Экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
2. Табиғат ресурстары лицензиясын алу;
3. Табиғи ресурстарға лимиттер мен квоталар белгілеу;
4. Табиғат пайдалануға шарт жасау немесе табиғат пайдалануға рұқсат алу;
Табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз мүдделі адамның барлық қажетті сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.
Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:
1. Тиісті мемлекеттік органға өтініш беру;
2. Ұсынылатын құжаттарды алдын ала қарау;
3. Құжаттарды қарау;
4. Табиғи ресурстарды беру туралы шешім шығару;
5. Заттай түріндегі табиғи ресурсқа қарсылық білдіру;
6. Табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздер бойынша және өзінің ерекшелігіне қарай тоқтатылады.
Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады:
1. Табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тартуы;
2. Заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;
3. Табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі;
4. Табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау;
5. Табиғи ресурсты мақсатына қарай пайдаланбау;
6. Табиғат қорғау заңының бұзылуы;
7. Мемлекеттің немесе қоғамның мұқтаждары үшін табиғи ресурсты алып қою.
4.1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі
Табиғатты қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі дамуы үшін мейлінше көкейтесті мәселелері болып табылады.
Экология саласындағы мемлекеттік басқару проблемасына табиғат қорғау мен табиғат пайдалану теориясының жалпы мәселелерін зерттейтін ғалым-заңгерлер, сондай-ақ экологиялық құқықтың ресурстық салаларының өкілдері үнемі ден қойып келеді. Әрбір зерттеу елеулі түрде ғылыми құндылық болып табылады, себебі басқарудың жалпы теориясын толықтыра және дамыта отырып, салалық заңдарда ғалымдар басқару тетігінің айрықша белгілерін - басқарудың өзіндік нысандары мен әдістерін бөліп көрсетті, бұлар осы әлеуметтік құбылыстың аса серпінді сипаттамалары болып табылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару дегеніміз – табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты заңдылықтар талабын орындауды қамтамасыз ететін арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органының атқарушы-жарлықшы қызметін айтамыз.
Табиғи ресрурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік басқару нысандары 3 түрге бөлінеді:
1. Заң шығарушылық нысаны – бұл басқарудың нормативтік актілерін іске асыру бағытындағы мемлекет қызметінің нақты әрекетті жүзеге асыруы;
2. Құқық қолданушылық нысаны - бұл нақты іс-қимылдарды қабылдау мен жүзеге асыру арқылы басқару нормативтік актілерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің қызметі;
3. Құқықтық қорғаушылық – бұл мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды орындамаған немесе бұзған адамдарға жазалау шараларын қолдану барысындағы мемлекеттің қызметі.
Мемлекеттік басқару мақсаты – экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Мемлекеттік басқару әдістері қазіргі уақытта меншіктің көптеген нысандарының болуы ерекшелігін ескереді, және осының салдары ретінде, субъектілердің көп екенін де ескереді. Сондықтан қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару органдары аманатты әдісті де (міндетті нұсқамалар әдісін, мемлекеттік органдардың бұйрықтарын дәлме-дәл орындауды), ұсынымдар әдісі де (қандай да бір шарттарды ескере отырып, мемлекеттік шешімдерді бірнеше нұсқада орындау кезіндегі әдісін де) пайдаланады. Экологиялық тәжірибеде мемлекеттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемлекеттік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін заңдық күшіне ие болады. Мұның мысалы ретінде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын айтуға болады, ол оны мемлекет бекіткеннен кейін міндетті сипатқа ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады.
Экологияны мемлекеттік басқарудың қызметтері элемент болып табылады, ол басқару қызметінің мазмұнын басқарудың мемлекеттік органдары жүйесімен байланыстырады.
Бүгінгі таңда экология саласындағы мемлекеттік басқару қызметінің мына қызметтерін бөліп көрсетуге болады:
1. Қоршаған табиғат ортасының нормаланған сапасы;
2. Экологиялық мониторингті жүзеге асыру;
3. Экологиялық және табиғат пайдалану кадастрларын жүргізу;
4. Экологиялық сараптаманы жүргізу;
5. Экологиялық бақылауды ұымдастыру;
6. Экологиялық төлемдер мен салықтарды алу;
7. Экология саласында мемлекеттік органдардың бұзушылықтары үшін жазалау шараларын қолдану.
