Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

48.Кемеңгер Абылай ханның ұстанған дипломатиясы мен сыртқы саясатының ерекшеліктері мен қр‑ның қазіргі көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі ерекшеліктеріне қысқаша саяси талдама жасаңыз.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.Қазіргі таңда Қазақстан  халықаралық қатынастар жүйесінде өзіндік орны мен ролі бар беделді мемлекет  және сенмді сыртқы саяси серіктес ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастық Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау және халықаралық лаңкестікпен күреске қосқан үлесін жоғары бағалайды. Халықаралық аренада Қазақстан көпұлтты және поликонфессиональды қоғамның озық үлгісі ретінде танылды. Қазақстан Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ішкі саясат және сыртқы саясатта да күрмеуі қиын күрделі мәселелермен бетпе кет-келді. Осы мәселелерді тәжірибелі шешу ғана  мемлекеттің болашағының бұлыңғыр болмауының кепілі бола алды. Солардың бірнешесіне тоқталатын болсақ, Қазақстанның Ресей Федерациясымен өзара ықпалдастығының құлдырауы болды. 1990-1994 жылдар аралығында Ресейдегі саяси элитаның бұрынғы кеңестік мемлекетермен қарым-қатынастарды өздеріне тиімсіздігі жөнінде пікірлер пайда болды. Бұл негізінен сол кезеңдегі РФ сыртқы саясатында жылдам түрде Еуропа елдері қатарына кіру бағыты басшылыққа алынғандығына байланысты болды. Бұл кезең Ресейдің Орталық Азиядағы істерден оқшауланып, Батыспен өзара қарым-қатынастарға баса назар аударуымен сипатталады. Ресейдің сыртқы саяси стратегиясында өзін Еуропамен, бүкіл Батыспен теңестіруге ұмтылыс анық байқалды. Осыған байланысты Орталық Азиядағы мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да Ресейдің батысеуропалық өркениетке жылдамырақ енуін тежейтін кедергілер ретінде қарастырылды. 1992 жылы 1 сәуірде РФ Жоғарғы Кеңесі территориялық бүтіндікті және егемендікті сақтау әр мемлекеттің өз міндеті екендігін жариялады. Ресей парламентінің бұл қадамы бұрынғы КСРО-ның ортақ қарулы күштерінің тарауына және барлық посткеңестік республикаларда, оның ішінде. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттерінде де ұлттық армияның құрылуына себеп болды. 1993 жылы Ресейдің бастамасымен Қазақстан рубль аймағынан шығарылып, өзінің валютасы – теңгені енгізді. Бұл Мәскеудің өзінің жақын көршілерімен қарым-қатынастарға деген қызығушылығының төмендегенін көрсетті. 

49.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелері.

Ғылыми сараптаулар арқылы осы күрделі саяси құбылыстың қалыптасуы, жағдайы және келешегі анықталады. Қоғамның саяси сферасының өркениет талаптарына жауап бере алуының елдегі демократияның дамуына тәуелділігі саяси жүйенің қызметі мысалдарында көрсетіледі. Себебі, қазіргі әлемдік дағдарыстар жағдайында мемлекеттің басқарушылық, реттеушілік рөлі арта түседі. Демократия үрдісі әлемдік өзгерістерге сәйкес өзінің жаңаша даму кезеңіне келеді. Мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлінің күшейуі қоғамдық қатынастарды демократияландыруды жоққа шығармайды. Біздіңше, «демократияландыру» ұғымының мазмұнын ашуға Р.Дальдің анықтамасы сәйкес келеді: «Демократияландыру – еркін және ашық сайлаумен, нақты саяси бәсекелестік және азаматтық құқықтарды қорғаумен, жиналыстар, ақпараттар, коммуникация, сонымен бірге саяси қалауларды таңдау бостандығымен сипатталатын, идеалды демократиялық режимге бағытталған қозғалыс». Демократиялық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаларының бірі – маңызды мемлекеттік мәселелерді демократиялық әдістер арқылы шешу. Оған көбінесе референдум өткізу, парламентте дауыс беру жатады. Қазақстанның демократиялығы Конституцияның демократиялық нормаларды белгілеуінен көрінеді, ол азаматтарға өкілеттік органдарға тұтас бір халықтың мүддесін, азшылдықтың әлеуметтік және ұлттық мүдделері мен жеке азаматтардың заңды мүдделерін таныта алатын өз өкілдерін ұсыну мен сайлауға мүмкіндік береді. Қоғам жаңаруға тиісті. Бірақ жаңару адамзат қол жеткізген фундаменттік құндылықтарды жоққа шығармайды. Демократиялық қоғам да сондай тағдырлық құндылық. Дағдарыстық ахуал қанша қиыншылықтар әкелгенімен қоғам оларды жеңе отыра нақты, толыққанды демократиялық мемлекет орнатуға жетісетіні даусыз.