Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

59. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне шағын талдама жұмысын жазыңыз.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді мемлекеттік билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар және басқа да шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.  Бұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырады.  Мемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. 1 Мемлекет идеясы адам сана сезімінің түбінен пайда болады. Негізгі мемлекеттің пайда болған себебі ол барлық елдердің өздерінің өмірлік маңызды өмір сүру шарттарын орындауға жалпы басқару керектігін сезді. «Мемлекет» термині негізінен екі мағынада түсіндіріледі. Ойдың кендігінде ол ел қоғам деп түсінуге болады. Ол оның толған бір территорияда орналысқан және жоғарғы билік мүшелерімен басқарылып отырған. Өзінің тар мағынасында мемлекет бұл белгілі бір территорияға жоғарғы билігі бар тарихи қалыптасқан ұйым. Мемлекет өзін басқа саяси институттардан айыратын бір қатар қызметтерін атқарады. Мемлекет қызметтері – ол оның іс-әрекетінің басты бағыттамалары. Дәстүр бойынша мемлекет қызметі ішкі және сыртқыға бөлінеді. 1)Ішкі қызметіне саяси, экономикалық, ұйымшылдық, құқықтың, әлеуметтік, мәдени - тәрбиешілдік жатады. Саяси қызметтің міндеті саяси тұрақтылыққа қамтамасыз ету, биліктік әрекеттерді жүзеге асыру, саяси бағыттама бойынша жұмыс жасау немесе таптың саяси үстемділігін тірек ету. Экономикалық қызмет салықтың және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттейді, координация жасайды және ұйымдастырады, экономикалық өсуіне стимул тұғыстырады немесе жоспарлау жүйесін пайдаланады ж.т.б. Ұйымдастырушы қызмет биліктің әрекетін жүзеге асырады, шешімдерді атқарады, мемлекеттік аппараты қалыптастырады және қолданады, заң орындауына бақылау жүргізеді, саяси жүйенің әр түрлі субъектілерінің әрекет координациясын жүзеге асырады. Құқықтық қызмет – құқық тәртіп орнатады, қоғамдық қарым-қатнастарды және азаматтардың қылықтарын, қоғамдық құрылымды экстремистердің бұзушылық әрекетінен қорғайтын құқықтық нормалар орнатады. Әлеуметтік қызмет адамдардың өмірлік маңызды қажеттіліктердің қанағаттандыру, деңсаулығын сақтау, қарт адамдарға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, жастарға, әлеуметтік кепілін беру, өмірін және деңсаулығын сақтау. Мәдени-тәрбиелік қызмет адамдардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жағдай тұғызуға бағытталған отандық және әлемдік көркемдік мәдениетке ендіру, патриотшылдықты, азаматшылдықты, ұнатпаушылықты тәрбиелейді. 2) Сыртқы қызметтің арасынан екіге бөледі. Қорғау қызметінің міндеті елдің тұтастылығына қауіпсіздігіне және тәуелсіздігіне қамтамасыз ету. Ынтымақтастық қызметі ол экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саудалық және басқа салаларда қарым-қатынас құру. Мемлекет  мынандай сипаттармен  айқындалады: 1) Бұқаралық  билікті жүзеге асыратын  адамдардың ұйымы,  ол үшін  нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды   қалыптастырып  отырады. 2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті  жүргізетін құрылым  екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады,  қызметінің  түрлері де  көбейіп отырады. Соңғы уақытта  мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың  мүддесіне  орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын  аппарат деп келеді.  Бұл дұрыс та.  Тек  бұл қырынан  келіп қарау  маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяның,  жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай  қорытындыларға келеміз: 1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді. 2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді. 3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді. 4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады. 5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.