Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политология шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

15.Мажоритарлық сайлау жүйесіне анықтама беріп, кемшіліктерін анықтаңыз

Жалпы сайлау құқын бекіткен кезде дамыған елдерде 2 маңызды сайлау жүйесі қалыптасты: мажоритарлық және пропорционалды. Басында мажоритарлы сайлау жүйесі кең таралды. Мұның мәні мынада: яғни депутаттық орындар әрбір округте қай кандидаттың партиясы көпшілік дауысқа ие болса, соған тиесілі болады, ал қалған партия, кандидаттар ұсына алмай қалады. Мажоритарлық жүйе заңның депутаттарға қандай көпшілікті, яғни салыстырмалы ма, әлде абсолюттіні талап ететініне байланысты болды. Мажоритарлық жүйеде дауыс берудің қорытындысын анықтау жүйесі. Бұл жүйе бойынша жартысынан не одан да басым дауыс жинаған кандидат жеңіп шықты деп есептеледі. Бұл жүйенің негізгі принциптері:Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар:Абсолютті ,салыстырмалы.Абсолютті жүйеде сайланды деп принципі (50+1) (қарсыластың дауысынан көп) алған талапкер саналады.

Салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса,сол сайланады.Онда 50 пайыздан артық дауыс алу шарт емес.Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандатты келеді,яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады.Мысалы мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ,Англия,Франция,Жапонияда дамыған.

Мажоритарлық жүйенің кемшіліктері де бар.Оның ең бастысы сайлаушылардың қалған 49 пайызының (ал салыстырмалы көпшілік жүйесінде одан да көп азаматтардың) еркі,ықтияры ескерілмейді.

16. Г. Алмонд саяси жүйе теориясын сипаттаңыз

Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. .) Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады.Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. Мысалы:

- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан саяси жүйелер – англо-американдық, континенталды-европалық, индустриалды елге дейінгі, жартлай индустриалды, постиндустриалды (Г.Алмонд);

Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы - мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекет Г.Алмондтың айтуы бойынша саяси жүйенің негізгі институты. Демократиялық мемлекеттерде билік үш тармаққа бөліну арқылы жүзеге асады. Билік бөліну деген мемлекет билігінің өкілеттілігін бөлу. Бірақ мемлекеттік билік тұтас болу тиіс, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.