Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қан плазмасындағы жыныстық тероидтардың қалыпты мөлшері (орташа және өзгеру шектері).

                   Ер бала Қыз бала

Тестестерон, нг/мл

Эстродиол,пг/мл

Эстерон,

пг/мл

Тестестерон,

нг/мл

Эстродиол,

пг/мл

Эстерон,

пг/мл

Жаңа туған нәресте

0,31

10,7

2,4

0,26

2,85

11,2

20-60 күн

2,47/0,8-3,8

8

9

0,08

(0-39)

(0-32)

Жыныс-тық жетілу кезең-дері Р1

0,12

0,05-0,60

7

12

0,03-0,27

0,12

(0-29)

8,7

(0-15)

7,5

Р2

0,65

0,19

10

16

0,18-0,3

0,26

(7-38)

18,3

(0-39)

16,7

Р4

2,92/1,15-5,2

21

33

0,25-0,58

0,37

(18-79)

50,2

(16-88)

56,8

Р5

4,72

1,2-8,0

24

35

0,12-0,99

0,50

(9-125)

59,9

77,2

Жыныстық белгілердің жетілуі, мен пайда болуы кезектесіп, белгілі - бір ретпен тұрақты жүрмейді. Шамамен төмендегідей кезекпен пайда болуы мүмкін.

Қыз балалар үшін

9-10 жастан бастап жамбас сүйектерінің өсуі, бөксенің дөңгелектенуі (өсуі), сүт безінің емізік маңы дөңгелекшелерінің аздап көтерілуі байқалады.

10-11 жастан бастап сүт безі күмбез тәріздес көтеріле бастайды, қасағада шаштар пайда болады.

11-12 жастан бастап сыртқы гениталия (жыныс мүшелері) үлкейіп, қынаптың эпителиі өзгереді.

12-13 жаста сүт безінің безді ұлпалары мен емізік маңайының ұлпалары өсіп, емізік маңайы пигменттенеді, алғашқы етеккір келеді.

13-14 жаста қолтыққа шаштар шығып, етеккірі әлі тұрақтамайды (ретсіз келеді).

14-15 жаста бөксе мен жамбас пішіні өзгереді.

15-16 жаста безеулер шығып, етеккірі ретті келе бастайды.

16-17 жаста тұлғаның өсуі тоқтайды.

Ер балалар үшін

10-11 жаста аталық ұрық безі мен жыныс мүшесінің жетілуі басталады.

11-12 жаста қуық түбінің безі үлкейіп, көмей өсе бастайды.

12-13 жаста аталық ұрық безі мен жыныс мүшесі айтарлықтай өсіп, қасағада қыздарға тән шаштар пайда бола бастайды.

13-14 жаста аталық ұрық безі мен жыныс безі шапшаң өседі.

Емізік маңайында түйін тәріздес қатаюлар пайда болып, даусы өзгере бастайды.

14-15 жаста қолтыққа шаш шығып, дауыс одан сайын өзгере түседі, бетке жүн (шаш) шыға бастайды, ұма пигменттеліп, алғашқы эякуляция басталады.

16-17 жаста қасағада ерлерге тән шаштану байқалады, бүкіл денеге жүндер шығады, шәуһет пайда болады.

17-21 жаста тұлғаның өсіп, дамуы тоқтайды.

Ер және қыз бала үшін жыныстық жетілу белгілерінің көбі сәйкес келеді. Яғни, бойдың шапшаң өсіп, қасағада және қолтыққа шаштың пайда болуы, дауыстың өзгеруі. Бұл сәйкестіктер бүйрек үсті безінің белсенділігімен одан көп мөлшерде андрогендердің бөліне бастауына байланысты. Ал, басқа белгілердің пайда болуы арнайы жыныс гормондарының бөлініп шығып, әсер ете бастауына байланысты. Рис. 2. Изменение пропорций тела с возрастом у девочек и мальчиков и ростовые скачки у девочек и мальчиков

Ересек адамдар (20-60 жас) денесінің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде-154 см. Дененің бойлап өсуі ер адамдарда 18 -19 жаста, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Кей жағдайларда адамның бойының өсуі айтылған жаспен шектелмей 25 жасқа дейін жалғаса береді, ол көбінесе ішкі секреция бездері қызметінің артуына байланысты.

Дененің пропорциясы жас пен жынысқа байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дамуы үрдісінде алдымен оның денесінің жоғарғы бөлімдері тезірек өседі, ал туғаннан кейін - төменгі бөлімдері жылдам өседі. Міне, сондықтан туғаннан кейін бастың биіктігі тек 2 есе, ал тұлғаның ұзындығы - 3 есе, қолдікі - 4 есе, аяқтікі - 5 есе өседі. Дене пропорциясындағы жыныстық айырмашылықтар: әйелдердің иығы қушықтау да, жамбасы кеңдеу, аяқ- қолдары біршама қысқалау, ал тұлғасы ұзындау.

Еркекті әйелден айыратын жыныстық белгілер - біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Біріншілік белгілерге көбею ағзалары, ең алдымен жынысты анықтайтын жыныс бездері жатады; қалғандары екіншілік белгілерді құрайды. Әйелдердің бойы (орташа 12 см) қысқалау, салмағы төмендеу келеді.

Бізде ересек еркектің салмағы 66 -кг, әйелдікі -59 кг.

Дене салмағының дара ауытқуы орташа шамамен салыстырғанда 18-25 кг болады.

Әйелдің кеудесі еркектікінен қысқалау және тарлау, соның салдарынан және жамбасының көбірек көлбеулігінен әйелдің іші ұзындау келеді. Еркекте бұлшықет массасының жалпы мөлшері орташа есеппен оның барлық дене массасының 40 %-ын құрайды, ал әйелде бар болғаны 38 % -ын құрайды, соның нәтижесінде әдетте әйелдің күші еркектікінен аздау. Әйелдерде май тіні еркектердікіне қарағанда молырақ дамыған. Әйелдерге тән екіншілік жыныс белгісі - жақсы дамыған сүт бездері, бұлар еркектерде тек бастама түрінде ғана болады. Еркектің терісі қалыңдау, қаттылау және түкті (әсіресе бетте) болып келеді.