Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Жыныс мүшелерін және жыныстық жетілуді зерттеу әдістері.

Жыныс мүшелерінің және жыныстық жетілуі тексергенде мұқият қарап, дененің өсіп-жетілуін бағалаумен қатар, дене бітіміне қарап және тұлғаның деформациясына (өзгеруіне) назар аудару керек. Әсіресе, бойды дұрыс бағалап, шел майдың тарылуына, бұлшық еттің жетілуіне, дененің пропорциясына аса көңіл бөлінеді. Жыныс қалыптасуының азғана бұзылуынан ғана тұлғаның өзгеруінің өзіне тән белгілері пайда болады. Яғни мойынның қысқаруы, кеуде пішінінің өзгеруі, алақан мен табанның аномалиясы (метакарпальді және метатарзальді сүйектердің қысқаруы, фалангтердің жетілмеуі, саусақтардың өзгеруі) байқалады. Жаңа туған нәрестенің алақандары мен табандары ісініп, қолға қатты болып білінеді. Құлақ қалқанының пішіні өзгеріп, көздің жоғарғы қабағы салбырап (птоз) тұрады, төменгі иек дұрыс жетілмейді (микрогнатизм), биік таңдай, мойында шаштың пайда болуы байқалып, дене пигменттеніп (витилиго), тізе мен шынтаққа, кейде, ішке және кеудеге жүн (шаш) шығады.

Сыртқы жыныс мүшелерін, бала жалпы қарауға үйреніп, онымен тіл табысқаннан кейін қарау керек. Қыз балалардың сыртқы жыныс мүшелерін анасының немесе мейірбикенің қатысуымен қарайды. Жаңа туған нәрестелердің жыныс мүшелерін тізе - шынтақ қалпында, ересек қыздарды санның ішіне тартып жинап, шалқасынан жатқызып, қарайды.

Ер балалардың жыныстық жетілуін қадағалау қыз балаларға қарағанда жеңіл, яғни аталық безін санын өлшеп, жасына сәйкес стандарттық мөлшермен салыстыруға болады.

Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда, олардың интерсексуальды жағдайын немесе кейбір ауытқуларды анықтауға болады. Ер балаларға тән ауытқуларға төмендегі жатады: ГИПОСПАДИЯ- үрпі каналының төмен қарай кеңеюі. Жыныс мүшесі қисайып, үрпі каналының тесігі басының төменгі жағынан шапқа дейінгі аралықта орналасады.

ЭПИСПАДИЯ - үрпі каналының жоғарғыға қарай кеңеюі. Жыныс мүшесі қисайып, жоғары және маңындағы ұлпаларға қарай тартылып тұрады.

Жыныс мүшелерінің гипоплазиясы (микропение) - жыныс мүшесінің қатты кішіреюі. Басқа ақаулармен қосылып байқалуы мүмкін.

ФИМОЗ - күпектің туа болған тарылуы.

ПАРАИМОЗ- күпектің басының қыстырылуы. Фимоздың асқынуы.

Аталық ұрық безінің агенезиясы - анорхиялы (бездің жоқ болуы) немесе монорхиялы (бір без болады) болуы мүмкін.

КРИПТОРХИЗМ - аталық ұрық безінің ұмаға түспей қалуы.

Жыныстық даму құбылысын бақылаған кезде дәрігер пубертаттық өзгерістердің пайда бола бастауын бағалайды. Қыз балаларда жыныстық жетілу 8-8,5 жасынан ерте біліне бастайды, ал ер балаларда 10-10,5 жасында басталады.

Таннер бойынша жыныстық жетілу сатыларын интегральды бағалау схемасы.

Ер балалар

1-Саты. Дененің өсуі мен салмақ қосу тең жүреді, май жинау арытып, аталық ұрық безі үлкейе бастайды.

2-Саты. Дененің өсуі тез жүреді, ұма мен аталық безі үлкейіп, қасағаға шаш шыға бастайды.

3-Саты. Жыныс мүшелері үлкейіп, жыныс мүшесі ұзарады, қасағаның 3 сатылы шаштануы байқалады. Жоғарғы еріннің бұрыштарында шаш шығып, жамбасқа қарағанда иық енінен өсе бастайды.

4-Саты. Қолтық шұңқырында шаш шығып, жыныс мүшелері 4 сатыға сәйкес жетіледі және шаштануы 4 сатыға сәйкес келеді, дауысы жуандайды, алғашқы эякуляция пайда болады.

5-Саты. Гениталии және қасаға 5 сатыға сәйкес шаштанады. Бетіне ересек адамдардағыдай шаш шығып, бой өсуі тежеледі, гинекомастия жоғалады. Дене бітімі жетілген, ересек адамдардікіне сәйкес болады.