Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жыныс жүйесі мүшелерінің эмбриональді шығу тегі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қыз балалар

1-Саты. Сүт безі үлкеймеген, қасағада шаш жоқ,сыртқы гениталия балалардікіне ұқсас, аналық ұрық безі өсе бастайды. Қынаптың РН-6,0-7,0.

2-Саты. 2 сатыға сәйкес сүт безінің үлкеюі, қасағаның шаштануы басталуы, дене өсуінің жылдам жүруі, санның жуандап май жинала бастауы.

3-Саты. Сүт безі мен қасағаның шаштануы 3 сатыға сәйкес келеді, қынап үлкейіп, эпителиі қалыңдайды және оның жасушаларында гликоген жинала бастайды.

4-Саты. Қолтық қуысында шаш пайда бола бастайды, етеккір басталып қасағада шаш шығады, сүт безі 5 сатыға сәйкес аналық ұрық бездері үлкейе береді.

5-Саты. Сүт безі мен қасаға шаштанады. Тұрақты овуляция басталады.

Қыз балалардың жыныстық даму сатылары (Д.М.Таннер бойынша)

Сатылары

Қасаға шаштары

Сүт бездері

1.

Жоқ

Пубертатты

2.

Сирек, шамалылау пигменттелген, тіке, мамық жүн, жыныстық ерін бойында орналасады.

Кеуде мен емшек ұшы көтеріңкі,

ареолдар дм үлкейген.

3.

Молдау болып келеді, қара оратыла бастайды.

Кеуде мен ареола үлкейген, жалпы контуры бар.

4.

Қатты оратылған, бірақ ересек адамдардыңкінен аз, санында жоқ.

Ареола мен емшек ұшы сүт безінің үстінде тағы бір бөлік құрайды.

5.

Ересек әйелдің үшбұрышы тәрізді, санның ішкі бетін алып жатады.

Емшек безі жетілген, ұшы шығып тұрады.

Ер балалардың жыныстық даму сатылары (Д.М.Таннер бойынша)

Сатылары

Қасаға шаштары

Жыныс мүшесі аталық без

1.

Жоқ

Пубертатты

2.

Сирек, ұзын, шамалы,

пигменттелген, мамық жүн.

Жыныс мүшесі шамалы үлкейген, қара

қыртыстары көбірек.

3.

Қаралау оратыла бастайды, азырақ, жыныс мүшесінің түбінде

орналасады.

Жыныс мүшесі

ұзыннан өскен, аталық без бен ұма үлкейген.

4.

Қатты, оратылған, ересек адамдар секілді, бірақ сирек санында

болмайды.

Жыныс мүшесі

жуандау және басы

үлкейген, соңғысының терісі қарайған.

5.

Ересек адамдар секілді, санының ішкі бетінде де болады, бірақ горизонтальді шекарасы болады.

Ересек адамның мөлшеріндей

Аталық жыныс безінің қалыптысуы.

1-біріншілік бүйрек (вольфово денесі); 2-біріншілік бүйректің өзегі; 3-парамезонефральді (мюллеров ) өзек; 4- аталық жыныс безінің бастамасы; 5-ұрық түтікшелері; 6-ен орталығының түтікшелері; 7- құрсақ қолқасы; 8- хорда; 9-нерв түтікшесі; 10- мезодерма; 11- эктодерма .

Аталық жыныс бездері - жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ қабықшадан тұратын қабықпен қапталған. Осы қабықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды. Бөліктерде 1-2 ирек шәует каналшықтары болады.

Ирек каналшықтар тік каналшықтарға айналады да аталық жыныс безі торының каналшықтарымен жалғасады. Бұл тордан 10-12 алыпкетуші каналшықтар тарайды. Ирек каналшықтар арасын қан тамырлар мен нервтер бар борпылдақ дәнекер ұлпасы алып жатады. Осы ұлпада аталық жыныс гормонын бөлетін интерстициялық жасушалар болады. Әрбір шәует каналшығы дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Шәует каналшығы базальдық мембрананың үстінде жататын сперматогендік эпителиймен астарланған, ал сперматогендік эпителийінің жасушалары арасында Сертолидің жасушалары деп аталатын ірі жасушалар орналасқан. Каналшықтың қуысы дамудың түрлі кезеңіндегі жыныс жасушаларына толы болады. Жыныс жасушалары ирек каналшық қабырғасында бірнеше қабат құрап жатады: сперматогонилар шетінде, қалыптасқан аталық жыныс жасушалары немесе сперматозойдтар каналшықтардың ортасында болады. Аталық жыныс жасушаларының - сперматозойдтардың, түзілуі (сперматогенез) ирек каналшықтарда жүреді. Адамда, кейбір омыртқалы жануарларда (итте, теңіз шошқасы деп аталатын кемірушілерде, егеуқұйрықта, т.б.) сперматозойдтардың дамуы үздіксіз жүреді.