- •Ақша-несиелік саясат
- •1. Потенциалды жұө- толық жұмысбастылық кезіндегі өндіріс көлемі.
- •Жұө екі әдіспен есепетелінеді:
- •Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары. Қр-дағы шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.
- •Құн заңы, оның әрекет ету ерекшеліктері.
- •Маржинализм теориясы және «неоклассикалық» деп аталатын экономикалық теория бағыты (а. Маршал).
- •Мемлекет функциясы
- •Меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру: мақсаты, жүзеге асыру тәсілдері, түрлері және қр-дағы кезеңдері
- •Меншік – экономикалық категория ретінде
- •Меншік иесінің түрлері.
- •1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •Нарықтың артықшылығы мен кемшіліктері.
- •Нарықтың атқаратын қызметі және нарық құрылымы
- •Нарықтың мәні және нарық субъектілері.
- •Нарықтың негізгі элементтері
- •Сұраным және ұсыным икемділігі.
- •Тауар өндірісі, оның пайда болуы үшін қажетті объективті жағдайлар. Жай және капиталистік тауар өндірісі. Ортақ жағдайы мен айырмашылықтары
- •Экономикалық теорияның атқаратын қызметі және қоғамдық құбылыстарды зерттеу әдістері
- •Экономикалық теорияның ғылыми мектептері – меркантализм және физиократтар
- •Экономикалық теорияның маркстік даму кезеңдері
- •Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы.
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары. Қр-дағы шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.Бизнес пекәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір – бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік болса – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш адам. Сондықтан бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. . Кәсіпкерлік қызмет түрлері.Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:
• Шаруашылық байланыстар ыдырады;
• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
• Өнімді өткізу күрт төмендеді;
• Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады.
Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы жылдары кең дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.
Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Бұл технологиялық жаңалық еңгізудің бір түрі.
Вечурлық бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала анықталмаған табыспен, яғни капиталды тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу - сату бойынша келісімдер.
Өнімді шығаруға қажет өндірістік қорлармен қамтамасыз етудің қажеті жоқ.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:
• Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
• Келесі сату үшін тауарды сатып алу;
• Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;
• Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;
• Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару;
• Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
• Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
• Келісімді тіркеу, салық төлеу.
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік қызметінің мәні осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды қағазды сату) ерекше назарды және мұқият ресімдеуді қажет етеді.
Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді анықтау қажет.
Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен шыққан. Өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады.
Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсыналады және оған келесі негізгі кезеңдер кіреді:
• Мәселені анықтау (диагностика);
• Шешімдерді, жобаны жасау;
• Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы мүмкін.АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.
Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңесті қолданусыз қабылданбайды.
Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді.
Қ
Қоғамдық өндірістің құрылымы.
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Қоғамның алдындағы өзекті мәселелер: қалай? Кім үшін? (дәстүрлі жүйе, жоспарлы жүйе және нарықтық) жүйелерде қалай шешіледі
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:1.Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.3. Техникалық прогресс шектеулі.4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.6. Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы. Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.4. Орталықталынған ресурстар қоры.5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы. Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:1. Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.2. Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару3. Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуыАралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
ҚР-дағы меншік түрлері.
Шаруашылық тәжірбиесінде меншіктің әр түрлі формаларымен кездесуге болады. Бірақ олардың барлығы, меншіктің екі негізгі түрінің мәніне келіп тіреледі: жеке және қоғамдық: 1) Жеке меншік екі негізгі форманы қамтиды : азаматтардың өз меншігі және олармен жасалған заңгерлік меншігі (кәсіпорындардың, ұйымдар, мекемелердің). Қоғамдық меншік - а) мемлекеттік ¬ меншік;
Меншіктің негізгі түрлері және формалары
б) муниципалды меншік – ¬ қалалық және ауылдық меншік болып бөлінеді.
Меншік құрылымдық тұрғыдан әрдайым жеке меншік болып табылады. Ол «менікі», «сенікі емес», «біздікі», «біздікі емес» деген ұғымды береді. Шын мәнінде мемлекеттің де меншігі қоғамның бір бөлігінің меншігі. Мемлекеттік меншікке байланысты түсініктемені дұрыс беру керек. Өйткені мемлекеттік меншік қоғамдық меншіктің баламасы емес, сол сияқты мемлекет те бүкіл қоғам деген ұғымды бермейді, оның тек бір бөлігі болып табылады.
Бизнесте жеке меншік ең тиімді болып келеді. Ол нағыз иелерлерінің қолдарында бола отырып, адамдардың еңбектегі қуатты қызығушылығын және табысқа ынталылығын тудырады. Кәсіпорындардың негізгі түрлері
Меншіктің түрлері мен формаларына қатысты бизнесті ұйымдастырудың формалары анықталады. Осыдан кәсіпорындардың төрт негізгі түрін көруге болады: жеке кәсіпорындар, жолдастықтың (немесе серіктестік), акционерлік ¬ қоғам және унитарлы кәсіпорындар.
Кесте Кәсіпорындардың негізгі түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы
Кәсіпорындардың түрлері Кәсіпорын мүлігі Экономикалық жауаптылығы
Жеке кәсіпорын Кәсіпкердің жеке меншігінде болады Шектелмеген
Жолдастық (серіктестік ) Қатысушылардың үлестеріне бөлінген Шектелмеген және шек қойылған
Акционерлік қоғам Акционерлердің алған акцияларына қатысты бөлінген Шек қойылған
Унитарлы кәсіпорын Бөлінбейді: мемлекетке немесе муниципалитетке бағынады; Шек қойылған
