Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ET_gotovy.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
325 Кб
Скачать
☆

Маржинализм теориясы және «неоклассикалық» деп аталатын экономикалық теория бағыты (а. Маршал).

Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Мемлекеттік бюджет- ел иелігіндегі ақшалай ресурстардың орталықтандырылған қоры, ол мемлекеттік қажеттіліктерді қанағанттандыру және әлеуметті-экономикалық қызметтерді орындау үшін қажет қаражат қоры.

Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Мемлекеттік бюджет- заң шығарушы билік бекіткен күтілетін салықтық түсімдер мен жоспарланатын мемлекеттік шығындар сомасы.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Мемлекет функциясы

Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі.

Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:

әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;

құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.

° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды.

Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін.

Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі.

Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты.

Мемлекеттің үшінші функциясы — ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.

Мемлекеттік Реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.

Нарықтық және корпоративтік реттеумен қатар қазіргі шаруашылықты экономикалық реттеу жүйесінің құрамдас нышаны болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]