Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-4 билет сурактарынын жауаптары..docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆
  1. Төлен Әбдіковтын «Парасат майданы» хикаяты

“Парасат майданы” – тек көркем шығарма ғана емес, жазушының адамзат баласына айтқан ескерту-аманаты. Философиялық туынды. Бұл повесiнде басқа шығармаларымен салыстырғанда жазушының жанын кемiрген ой-толғаныстары, үмiтi мен күдiгi, ар азабын кешкен шақтағы уайымы, қоғамның келешегiн ойлаған мазасыз қайғысы анық етiп суреттелген. Жазушы парасат майданы үшiн болған ұрыста неге үнемi жауыздықтың жалы күдiрейiп, жеңiске жете беретiнiнiң себе­бiн iздейдi. Iзгiлiк пен зұлымдықтың күрделi табиғатына айрықша қадалып, ақыл-ойға бағынбайтын қағидалардың құ­пия­сын табуға әрекет жасайды.

Повесте жан азабына душар болған шығарманың бас кейiпкерi (жазушы кейiпкерiнiң есiмiн құпияда ұстауды жөн көрiптi) ауруханада жатып адамгершiлiк, тазалық, имандылық, махаббат, бақыт туралы көңiлiне ұялаған мөлдiр сезiмдерiн қағазға түсiрiп, күнделiк жүргiзе бастайды. Бiр күнi жан дертiне шалдыққан ғарiптiң өмiрiнде күтпеген оқиға болады. Ол күнделiктерiн оқып шығып, оған жауап жаз­ған бейтаныс адамнан хат алады. Бейтаныс кейiпкер оған жазған хатында, өмiрден рухани тiрек iздеген ғарiптiң имандай сенетiн әдемi идеалдарын жоққа шығарып, қайта-қайта оны тығырыққа әкелiп тiрейдi. Мiне, осылайша шығармада iзгiлiк пен зұлымдықтың, адам санасының сарайын жаулап алу үшiн соғысқан парасат майданы басталады.

   Ең қорқыныштысы, бейтаныс хатты жазушының келтiр­ген қисындары мен дәлелде­рiнде ақиқат жоқ емес едi. Бiрте-бiрте ол iзгiлiкке ғана емес, зұлымдыққа да сену қа­жет екенiн дәлелдеуге құлшына кiрiсiп, қарсыласының санасында оны заңдастырып бағу­ға тырысады. Қарсыласы биiк рухтың адамы болғандықтан, бейтаныс хатты жазушының айтқанына көнгiсi келмей, қиналады. Iзгiлiктiң ғана әлемдi құтқарып қалатынына кәмiл сенетiн ол байғұс, зұлымдықтың жамылғысын жұлып тас­тау үшiн, бейтаныс хатты жазушымен қайта-қайта айтыс-тартысқа түседi. Онымен жүзбе-жүз кездесiп, райынан қайтармақ болғанымен, ол әре­кетiнен түк нәтиже шықпайды. Бейтаныс хат жазушы кездесуге келмей қояды. Өкiнiштiсi, әдемi қағидалармен жан-жақты қаруланып алған зұлымдықпен тiресiп, оны жығу оңай iс болмай тұр. Өйткенi бүкiл әлемнiң жаны көкпарға түскен, адамды Алланың түзу жолына салғысы келген парасат майданында iзгi­лiктiң нұрлы таңындай дүниеге шуағын шашқан – адам­гершiлiк, имандылық, мейiрiм­дiлiк, тазалық пен махаббат қана емес, ақыл-ойымыздың егiстiгiне түсiп, оны шегiрт­кедей жалмаған зұлымдықтың залым   нөкерлерi – арсыздық, опасыздық, сатқындық, жауыздық, екiжүздiлiк пен жағымпаздық та өз айтқандарының дұрыстығын дәлелдеуге тырысып, бар арамдығын iске қосып жатыр. Және осынау парасат майданындағы шайқаста бiрте-бiрте барлық уақытта да залымдығын асыра бiлген зұлымдықтың күшi басым түсiп, iзгiлiктiң жаны тұншығып барады. Се­бебi зұлымдықтың табиғаты адам танымастай болып өзгерiп, баяғыдан мың есе күрделене түскен. Ол бiз ойлағандай бағзы замандардағы Люцифердiң кейпiндегi қорқынышты құбыжық емес, жұртты алдап Данте, Шекспир, Достоевский мен Абай болып ойнап, том-том кiтап жазып, үнемi iзденiстiң үстiнде жүрген, сайтанға жанын сатқан – Фауст,   Алпамыстың жоғын пайдаланып, қоғамға үстемдiгiн жүргi­зiп келе жатқан – Ұлтан. Ақылынан адас­қан қоғам тек оның қас-қабағына ғана қарап өмiр сүрiп келедi. Оның ұғымында шындықты айтушылардың бәрi – қоғамның азғындары да, өтiрiк айтушылардың бәрi – қоғамның жарылқаушылары. Өтiрiк айтушылардың барлығы шетiнен билiктiң майлы жiлiгiн мүжiп, шен-шекпен алады. Қоғамды ұлы қасiреттiң дауылына ұрындыратын үлкен трагедиялар Құдайдың қарапайым қағидаларын бұзғаннан немесе пенде баласының жексұрын мақсатына жету үшiн, оны өзiнiң ыңғайына қаратып бұрмалауынан басталады. 

“Парасат майданы” повесiн­дегi бейтаныс хат жазушы – қор­қынышты құбылыс. Өйткенi ол жауыздықтың да өмiр сүруге құқылы екенiн дәлелдеп, сұлу сөздерiмен оның жалаңаш тәнiн жасырып, зұлымдықты мәңгiлiк патшалығына отырғызып, заңдастырып алмақшы. Тапқан қисындары мен дәлел­дерi де ұстарадай өткiрлiгiмен жаныңның осал тұстарын тiлiп-тiлiп жiбередi: “– Сiз iзгiлiкке сенесiз де, зұлымдыққа сен­бейдi екенсiз, – дейдi ол, –Менiңше, екеуiне де сену керек. Дүниенi ұстап тұрған осы екi күш қой. Өмiр атты арбаның екi жетегi болса, бiреуi – зұлымдық. Бiрақ ол, сiз ойлағандай адамға тек жамандық әкелетiн зиянды нәрсе емес...” “– Өтiрiктi жек көремiз. Ал сол Өтiрiк адамдармен айтысатын болса: “– Ау, ағайын! – дер едi, – Бәрiңнiң күн көрiп отырғандарың менiң арқам емес пе?! Ыңғай шындықты айтамын десеңдер, баяғыда тоз-тоз болып, құрып кететiн едiңдер. Менiң арқамда қанша рет жан сақтап жүрсiңдер...” 

“– Өмiр – күрес. Адамдар алдымен қара күшпен күре­сетiн болды. Одан кейiн неше түрлi қару-жарақ ойлап тауып, соғыс ашып, халықтарды жаппай қырғынға ұшыратты. Ендi қатерi одан кем емес ақыл-парасат майданы шықты. Егер бұл майданда iзгiлiк жеңiске жетпесе, адамзаттың рухани күйреу дәуiрi басталады” – дейдi ол шарасыздықтан қамығып.

Рас, өтiрiкпен күн көрген заман көп болды. Қазiр де онымен күн көрiп жүргендер аз емес шығар. Бiрақ ол өтiрiктiң өз басының жақсылығынан емес, өтiрiкке негiздел­ген қоғамның кiнәсынан ғой. Егер оның орнында шындыққа негiзделген әдiл қоғам болса, өтiрiк сол сәтте әшкере болып, сiз айтқандай, бiзге кекiрейiп, жоғарыдан қарап сөйлей алмас едi... Шығарманы оқи бастағаннан-ақ суреткер Т.Әбдiк­ұлының талай кiтаптың шаңын жұтып, өз ақиқатын дәлелдеу үшiн айтысатын iзгiлiк пен зұлымдықтың қисындарын бақайшағына дейiн зерттегенiн аңғарасың. Зұлымдықты жақтаған бейтаныс кейiпкердiң хатын оқып, келтiрген дәлел­дерiмен таныса бастағаныңда, кейде тiптi, пенделiк түйсiгiң­нiң оның алдында жығыла жаздайтыны да рас. Бiраз уақыт өткеннен кейiн оған беретiн iзгiлiктiң жауабын оқығаныңда, райыңнан қайтып, сол пенделiк түйсiгiңнiң солқылдақтығынан үрейлене бастайсың.

“Парасат майданы” күтпеген жерден қайғылы аяқталады. Ауыр қасiреттi арқалап, жан азабын кешкен науқас, ақырында, ешқандай да бейтаныс хат жазушының жоқ екенi, өзiнiң бiресе iзгiлiк, ендi бiрде зұлымдық болып айтысып жүргенi туралы ащы ақиқатқа көзi жетiп, өзiне-өзi қол салып өледi.

Повестiң басты кейiпкерi қаза тапты. Бiрақ рух тазалығы үшiн болған шайқас әлi жалғасып жатыр. Зұлымдық салтанат құрып, үстемдiгiн жүргiзiп тұрған заманда парасат майданындағы сол ұлы ұрыста қиналып, азапқа түсетiн бiр жұмбақ әлем бар. Ол – адамның жаны.

ІІ билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]