- •Антивирустық қорғаныс.”
- •6. Студент бiлуге тиiс:
- •7. Студент iстей алуға тиiс:
- •8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :
- •9. Әдебиеттер
- •10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім
- •1. Ақпарат иесі және қолданушы.
- •2. Ақпарат және заң.
- •3. Компьютерлік қылмыстар және олардың алдын алу шаралары
- •4. Электрондық құжаттардың құпиялылығы мен конфиденциальдығы
- •6. Вирусты жұқтырмайтын объектер
- •7. Компьютерлік вирустардың сыныпталуы.
- •8. Антивирустық бағдарламалар.
- •11. Сабақтың мазмұны
- •11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс
- •1. Ақпаратты шифрлеу
- •2. Антивирустық бағдарлама eset nod 32мен жұмыс.
- •11.2. Оқытушымен жұмыс:
- •11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:
10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім
1. Ақпарат иесі және қолданушы.
В.В.Крыловтың берген анықтамасы бойынша «компьютерлік ақпарат - ол, компьютердегі не басқадай машиналық тасымалдаушылардағы, қолдануға не компъютерді баскаруға арналған мәлімет, білім немесе бұйрықтар жиынтығы (программа) - оны қолдану ережелерін белгілеген жекеменшік иесі бар, ақпараттык жүйенің анықталған элементі». Бұл анықтамадан компьютерлік ақпараттың жекеменшік иесі болуы керек.
Ақпараттық қорлардың, жүйелердің, технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының жекеменшік иесі деп оларды өкілетті меңгеруді, қолдануды және иеленіуді толық көлемде белгілеушіні айтады.
Ақпараттық қорлардың, жүйелердің, технологиялардың және оларды қамтамасыз ету кұралдарының иесі деп оларды өкілетті меңгеруді, қолдануды және иеленуді заң жүзінде белгіленген көлемде орындаушыны айтады.
Ақпаратты қолданушы деп ақпараттық жүйелерге немесе қажетті ақпаратты алу үшін дәнекерші (посредник) көмегіне жүгінушіні және ақпаратты пайдаланушыны айтады
Ақпараттық қорлардың, жүйелердің, технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының иесі немесе жекеменшік иесі болып табылмайтын, яғни ақпаратты заңды пайдаланушы болып табылмайтын адамдардың әрекеттері заңды бұзушылық деп есептеледі де, заңды жауапкершілікке тартылады. Жеке жағдайлада мүндай әрекеттердің қымыс іс деп қарастырылу мүмкіндігі бар.
2. Ақпарат және заң.
Ақпарат, дәстүрлі материалдық объектілермен қатар, заң жүзінде жеке меншік құқығы бар объект деп қарастырылуы керек және қарастырылады да.
Заң жүзінде қорғалатын компьютерлік ақпарат - онымен танысу және жұмыс істеу құқығы бар, шектеулі қолдаушылардың пайдалануына арналған және шектеулі қолдану мүмкіндігі бар ақпарат.
Шектеулі қолдану мүмкіндігі бар ақпарат - ол субъектілердің (адамдардың) меншігін кұқықтық қорғау және құпия сақтау мақсатында, оған жету мүмкіндігі заңды түрде шектелген, мәліметтер.
Заңды түрде ақпаратты қорғау мақсаттары:
ағымдануын, ұрлануын, жоғалуын, бүлінуін, жасандылануын болдырмау;
жою, модификациялау, бүрдіру, көшірме алу, қамау, бөгеу үшін рұхсатсыз жасалатын әрекеттерді болдырмау;
мемлекеттік кұпия құқығын іске асыру.
3. Компьютерлік қылмыстар және олардың алдын алу шаралары
Компьютерлік кылмыстың түрлері өте көп. Оған жататындар:
компьютерде сақтаулы ақпаратты рұхсатсыз қарау және қолдану;
белгілі бір жағдайларда компьютерлік жүйені жарым-жартылай немесе толығымен істен шығаратын «логикалық бомбаларды» программалық жабдықтауға енгізу;
компьютерлік вирустарды дайыңдау және тарату;
компьютерлік ақпараттарды ұрлау және тағы басқалар.
Кәзіргі автоматизация және жалпы компьютерлік байланыс заманында компьютерлік қылмыстан ешқандай да мекеме кауіпсіз бола алмайды. Кәзіргі кезеңде компьютерлік қылмыстар кең тараған объектілер:
1. Әскери және барлаулық мекемелер компьтерлері (шпиондық мақсатта);
2. Бизнестік компаниялар мен өндіріс орындары (өндірістік шпионаж);
3. Банктер мен бизнес мекемелері (профессиональдық қылмыскерлер);
4. Кезкелген мекеме компьютерлері, әсіресе мемлекеттік және коммунальдық (террористер);
5. Кезкелген компания (бұрынғы кызметкерлер, университеттер - студенттер);
6. Кезкелген мекеме (интеллектуалдық мүмкіндігін көрсету мақсаттында, кейде арнайы тапсырманы орындауда).
Компьютерлік қылмыстардың алдын алуда үш негізгі шаралар тобын көрсетуге болады:
1. құқықтық:
2. ұйымдастыру - техникалық;
3. криминалистикалық.
Ақпаратты заңды түрде қорғау әрекеттерің жүргізу үшін қажетті құқықтық шаралар:
компьютерлік қылмыстарға жауапкершілікті тағайындау,
программистердің авторлық құқықтарын қорғау,
қылмыстық және азаматтық заңларды жетілдіру,
сот ісін жетілдіру.
Құқықтық шараларға компьютерлік жұйелерді дайындаушыларға қоғамдық бақылау мәселелері және компьютерлік қылмыстардың алдың алуға бағытталған халықаралық заңдарды қабылдау жатады.
Компьютерлік қылмыстар, бағдарламалық-есептеу комплекстерін дайындауда, жетілдіруде және қолдануда жіберілген ұқыпсыздықтан болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 227-бабы: «Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату»
Заң мен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесіндегі немесе олардың желісіндегі ақпаратқа заңсыз кіру, егер бұл ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға әкеп соқса –
екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған ұйымдасқан топ не өз қызмет бабын пайдалана отырып, сондай-ақ ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адам жасаған дәл сол әрекет –
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшіруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желісін бұзуға көпе-көрнеу әкелетін ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерістер енгізу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату –
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
