- •Антивирустық қорғаныс.”
- •6. Студент бiлуге тиiс:
- •7. Студент iстей алуға тиiс:
- •8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :
- •9. Әдебиеттер
- •10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім
- •1. Ақпарат иесі және қолданушы.
- •2. Ақпарат және заң.
- •3. Компьютерлік қылмыстар және олардың алдын алу шаралары
- •4. Электрондық құжаттардың құпиялылығы мен конфиденциальдығы
- •6. Вирусты жұқтырмайтын объектер
- •7. Компьютерлік вирустардың сыныпталуы.
- •8. Антивирустық бағдарламалар.
- •11. Сабақтың мазмұны
- •11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс
- •1. Ақпаратты шифрлеу
- •2. Антивирустық бағдарлама eset nod 32мен жұмыс.
- •11.2. Оқытушымен жұмыс:
- •11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:
6. Вирусты жұқтырмайтын объектер
Вирус программа болғандықтан құрамында программа жоқ және программаға айналдыруға келмейтін объектілерді бүлдіре алады, бірақ зарарландыра алмайды.
Мұндай объектілер қатарына мәтіндік файлдар (бұйрықтық файлдар мен программалар мәтіні), қарапайым редакторлардың (Лексикона және Multi-Edit) құжаттары, .BMP, .PCX, .GIF, .WMF форматтағы графикалық файлдар, деректер қорының ақпараттық файлдары және басқалар.
7. Компьютерлік вирустардың сыныпталуы.
Кәзіргі кезеңде бірнеше мыңдаған вирустық бағдарламалар белгілі. Оларды мынандай белгілері бойынша сыныптауға болады:
өмір сүру ортасы;
жұқтыру әдістері;
әсер деңгейі,
алгоритмдерінің ерекшеліктері.
Өмір сүру ортасына байланысты вирустарды желілік, файлдық, жүктеуші, файлды-жүктеуші деп бөлуге болады:
1. Желілік вирустар әртүрлі компьютерлік желілер бойымен таралады.
2. Файлдық вирустар негізінен орындалуға дайын модульдерге енеді, яғни кеңейтуі .соm, .ехе, кейде .sys файлдарға енді. Бұл вирустар өзінің денесін файлдың басына, ортасына және соңына жазады да, басқару мүмкіндігін бірінші болып алатындай етіп файлддағы мәтінді бұрмалап өзгертеді. Басқа кеңейтулі файлдарға енген файлдық вирустарбасқару мүмкіндігін ала алмайды және таралу мүмкіндігін жоғалтады.
3. Вирустар-серіктер. Бұлар вируспен зарланған кеңейтуі .ехе әрбір файлға кеңейтуі .соm болатын сондай есімді вирусы бар файл құрады.
4. Жүктеуші вирустар дисктің жүктеуші бөлігіне (Boot-сектор) немесе жүйелік дискті (Master Boot Record) жүктеуші бөлігіне жазылып, әсер етеді. Көп жағдайларда вирус толығымен жүктеуші жазуға сыймайды, сондықтан онда вирустың бас жағы ғана жазылады, қалған жалғасы дисктің басқа бөліктерінде сақталады. Жұмысқа қосылған соң жадыда резидентті сақталады.
5. Файлды-жүктеуші вирустар файлдық және жүктеушілік вирустардың қасиеттері тіркестірілген вирустар. Мұндай вирустар файлдарға да, дисктердің жүктеуші бөліктеріне де енеді.
6
.
MS DOS ортасында жұмыс істейтін редакторлар
көмегімен дайындалған құжаттар,
бағдарламалау элементтері болмағандықтан,
вирус әсерінен бүлінеді, бірақ вирусты
денесінде сақтамайды, яғни вирусталынбайды,
ендеше вирусты тарату үрдісіне қатыспайды.
Windows ортасында жұмыс істейтін қолданбаларда
макростар, әртүрлі әрекеттерді автоматты
түрде орындататын көлемі шамалы
бағдарламалар, қолданылады. Осы
макростарға енетін, соның нәтижесінде
құжатты бүлдіріп қана қоймай, осы жерде
сақталып және басқа құжаттарға таратылатын
вирустарды макровирустар деп атайды.
Жұқтыру әдістеріне байланысты вирустарды резидентті және резидентті емес деп екі түрге бөлінеді.
Резидентті вирус жедел жадыда өзінің негізгі бөлігін қалдырады, олар амалдық жүйелердің вирусты жұқтыруға болатын объектілерге қатынасын өзіне қаратып алып олардың (файлдардың, дисктің жүктеуші бөлігіне және т.б.) денесіне енеді. Резидентті вирустар жедел жадыда сақталады және компьютерді қайта жүктегенше не өшіргенше сақталады.
Резидентті емес вирустар компьютердің жадысына жұқпайды, сондықтан шектеулі уақыт қана белсенді бола алады.
Вирустарды әсер деңгейіне байланысты өте қауіпті, қауіпті және қауіпсіз деп бөлуге болады.
Қауіпсіз вирустар компьютер жұмысына кедергі жасамай, жедел жадының және дисктің бос ауданынкемітеді. Олар өзін көбейтіп таратудан немесе әртүрлі бөтен мәліметтер шығарудан басқа әрекеттер жұргізбейді. Мұндай вирустар саналы түрде ақпаратты бүлдірмейді.
Егер деректерді бүлдіру анда-санда ғана болып тұратын болса және ауыр салдарларға келтірмесе, вирус қауіпті деп аталады.
Бағдарламалардың жоғалуы, деректердің жойылуы және ақпараттың дисктің жүйелік ауданынан өшірілуі сыяқты бүлдірулер жиі жүретін және айтарлықтай бүлдірулер орын алатын болса, онда вирус өте қауіпті деп аталады.
Алгоритмінің ерекшелігіне байланысты вирустарды паразиттік, құрттар, стелс, мутанттар және трояндықтар деп бөледі.
Паразиттік вирустар файлдар мен диск секторларының мазмұндарын өзгертеді және оңай айқындалады және жойылады.
Құрттар (червь) немесе репликаторлар компьютерлік желілер арқылы таралады, желілік компьютерлердің адрестерін анықтап осы адрестер бойынша өзінің көшірмесін жазады,
Стелс вирустар немесе көрінбейтін вирустар амалдық жүйенің бүлдірілген файлдар мен диск секторларына қатынасу әрекетін өзіне қаратып алады да өзінің денесінің орнына дисктің вирусталмаған бөліктерін қояды.
Бәріненде мутант вирустарды анықтау қиын, себебі олардың құрамында шифрлау және шифрдан шығару алгоритмдері бар, соның арқасында вирустың көшірмелерінде қайталанатын байттар тізбегі кездеспейді.
Квазивирустық “троян” бағдарламалары өздігінен таралу қабілеттілігі болмаса да өте қауіпті, себебі олар пайдалы программалар түрін қабылдап, дисктің жүктеуші секторын және файлдық жүйесін бүлдіреді.
