- •Антивирустық қорғаныс.”
- •6. Студент бiлуге тиiс:
- •7. Студент iстей алуға тиiс:
- •8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :
- •9. Әдебиеттер
- •10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім
- •1. Ақпарат иесі және қолданушы.
- •2. Ақпарат және заң.
- •3. Компьютерлік қылмыстар және олардың алдын алу шаралары
- •4. Электрондық құжаттардың құпиялылығы мен конфиденциальдығы
- •6. Вирусты жұқтырмайтын объектер
- •7. Компьютерлік вирустардың сыныпталуы.
- •8. Антивирустық бағдарламалар.
- •11. Сабақтың мазмұны
- •11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс
- •1. Ақпаратты шифрлеу
- •2. Антивирустық бағдарлама eset nod 32мен жұмыс.
- •11.2. Оқытушымен жұмыс:
- •11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:
11. Сабақтың мазмұны
11.1. Өз бетiмен атқарылатын жұмыс
Сабақтың практикалық бөлімі.
1. Ақпаратты шифрлеу
1. Құрамындағы символдар саны 100-ден артпайтын 3 сөйлем құрастырып дәперге жазып қой..
2. Орында: Менің құжаттарым – меншікті бума – DN – dn.com – kaziqe.com – екі нүкте –ENTER – TEMA_29 – chifrov.exe
3. Жұмысқа қосылған chifrov.exe бағдарламасының ұсыныстарын орындап, бірінші сөйлемді шифрла. Мәтінді қазақ тілінде жазу үшін сол жақ Shift тиегін басып тұрып, оң жақ Shift тиегін басып, қазақ қаріптерін жұмысқа қос. Шифрлау нәтижесін дәптерге жазып ал.
4. Екінші сөйлемді шифрлау үшін chifrov.exe бағдарламасын жұмысқа қосып, шифрлау нәтижесін дәптерге жазып ал.
5. Үшінші сөйлемді шифрлау үшін chifrov.exe бағдарламасын жұмысқа қосып, шифрлау нәтижесін дәптерге жазып ал.
6. Шифрланған ақпараттарды ашу үшін raschifr.exe бағдарламасын жұмысқа қосып, бағдарламаның ұсыныстарын орындап, бірінші сөйлемнің шифрларын енгізіп, нәтиженә жазып ал.
7. Екінші және үшінші сөйлемдердің әрқайсысы үшін chifrov.exe бағдарламасын жұмысқа қосып бағдарламаның ұсыныстарын орындап, қажетті сөйлемнің шифрларын енгізіп, нәтиженә жазып ал.
2. Антивирустық бағдарлама eset nod 32мен жұмыс.
Есеп тақтасының индикаторлар өрісіндегі антивирустық бағдарлама ESET NOD 32нің пиктограммасын екі шертіп жұмысқа қос. Терезеде интерфейс, настройки, сервис, справка әмірлерінен тұратын жатық мәзір болуы керек. Егер олар жоқ болса терезедегі “Вкл. расширенный режим” әмірін шерт.
Жатық мәзірдің “Күйлеу” (“Настойки”) және “Сервис” әмірлерінің мүмкіндіктерін қарастыр (жұмыс дәптеріне жазып ал):
А) “Күйлеу” әміріндегі
“Қолданушы есімің және парольді күйлеу” мүмкіндіктері:
“Прокси серверді күйлеу” мүмкіндіктері:
“Шпиондық бағдарламалар вирустарынан қорғану” мүмкіндіктері:
“Импорт және экспорт сипаттамалары” мүмкіндіктері:
“Қосымша күйлеулер” мүмкіндіктері (мұнда “қорғаулар (защита) ” және “жаңарту (обновление)” мүмкіндіктеріне көңіл бөл):
“ Сервис” әміріндегі
“Журнал файлдары” мүмкіндіктері:
“Карантин” мүмкіндіктері:
“Кесте/жоспарлау” мүмкіндіктері:
“Файлды талдауға жіберу” мүмкіндіктері:
Жүйелік блокка диск қосып
А) дисктегі ... буманы (тізімшені) вирусқа тексеруді орында. Орындау жөніндегі мәліметті дәптерге жазып ал;
Б) дискті толығымен вирусқа тексеруді орында. Орындау жөніндегі мәліметті дәптерге жазып ал.
Вирусқа тексеру үшін “Мой компьютер” пиктограммасын, сонан соң дисктің пиктограммасын екі рет шерт, пайда болған терезеде қажетті буманы тышқанның сол жақ тигімен шертіп, қалқыма мәзірден “Кеңейтілген функциялар” әмірін белгілеп, оның бағыныңқы мәзіріндегі “Файлды тазарту” әмірін шерт.
Дискті толығымен тексеру үшін алдымен терезедегі бір деңгей жоғары көтерілу пиктограммасын шерт, сонан соң қажетті объектінің пиктограммасын тышөанның сол жақ тиегімен шертіп, қалқыма мәзірден “Кеңейтілген функциялар” әмірін белгілеп, оның бағыныңқы мәзіріндегі “Файлды тазарту” әмірін шерт.
11.2. Оқытушымен жұмыс:
- Қателiк жiберілген кезде, не түсiнiксiз жағдайлар болғанда оқытушыны ескерту керек
- Сабақ соңында iстелген жұмыстын есебiн мұғалiмге көрсетiп, сынақ баға алу керек
