- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.Тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі бірліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына, т.б. белсенді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өңдеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары болады. Олар: а) іс - әрекет, қызмет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады.ә) қарым – қатынас, бұл – адамдардың бір – бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді.б) өзіндік сана – сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс - әрекет етуі жатады. Тұлғаны әлеуметтендіру. Индивидті тұлғаға айналдыру процесін әлеуметтендіру дейміз. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс - әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым – қатынас жасауды іске асырады. Тұлғаның қалыптасуы оның белсенді іс - әрекеті мен басқа адамдармен пікір алмасу процесінде өтеді. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таңылатын нәрсе емес. Керсінше, индивидтің іс - әрекетке белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез – құлқын қоғам талабына сай, лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыру арқылы іске асады.Соның арқасында адамда өз мінез – құлқын, іс - әрекетін, қызметін басқа адамдардың сондай мінез – құлықтарымен салыстыра бағалау, сөйтіп өзінің кім екенін түсіну, өзін - өзі тану қабілеті жетіледі.Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы оның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес, т.б. болуы мүмкін.Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі – туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі – ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең.
К
15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
Класс (class) — қолдаңылатын қасиеттерінің немесе өңдеу төсілдерінің ортақтылығын сипаттайтын объектілердің жиынтығы.Класс үлгісі (экземпляр класса; class instance) — кейбір класс конструкторы жасаған нақтылы объектіні белгілейтін объектілік-бейімделген программалау термині.Класс үлгісінің класта анықталған немесе түп кластардан мұралық иемденген объекті мен әдіске тән мәліметтерді сақтайтын қасиеті бар.Страта - әлеуметтануда қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әртұрлі қоғамдық топтарға бөлінуі. Мысалы, мүлкіне, кәсібіне, білім дәрежесіне байланысты.
Қ
6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.
