- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Р
40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838—1888) еңбектерінде анық байқалды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның "Өркениет және ұлы тарихи өзендер" деген ірі еңбегіңде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әле уметтік заңдылықтарды механикалык тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті.
П. А. Сорокин марксистерді қоғамның әлеуметтік құрылымының бүкіл проблемасын таптарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасындағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам орнатудың«принципі мүмкін емес» екендігін де айтты. Марксизмге адал К. М. Тахтарев, С. И. Солнцев, т.б. әлеуметтанушылар қоғамның таптарға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді. Бұлар таптық күреске қоғамдық прогрестің қозғаушы күші ретінде қарамады. Дамудың қайнар кезі, Тахтаревтін пікірінше, таптар емес, әлеуметтік ынтымақтастықтың және коғамның іргетасын қалайтын ұлттық қатынастар.
А. А. Богданов пен Н. И. Бухариннің таптар тұжырымдамаларының негізіне қоғамның әлеуметтік - таптық кұрылымын қалыптастыратын техникалық - ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы және атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен әлеуметтік ұйымдардың нышаны көрініс берген жерлердің бәрінде болатын болды. Сондықтан таптар коғамның табиғи және қажетті элементі, деп танылды.
С
8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы.Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген.Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді.Саяси социологтар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды.Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес,саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық мәселелердің де зерттелуін қолдады.Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек. Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе – ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша , олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
Т
