- •44. А.Құнанбаевтың адам және қоғам жөніндегі көзқарастары.
- •34. Абайдың әлеуметтік ой- пікірлер.
- •36. А.Байтұрсынов пен ә.Бөкейхановтың әлеуметтану жөніндегі көқарастары.
- •23. Ана мен баланы қорғау "Жолдау-2050"
- •2. Әлеуметтік ғылымның құрылымын түсіндіріңіз ?
- •12.Әлеуметтік топ және жалпылық ұғымына анықтама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз.
- •48. Әлеуметтік бедел және әлеуметтік рөл түсініктерін ашыңыз. Олардың айырмашылығын көрсетіңіз.
- •7. Әлеуметтанудың қоғам туралы ғылым ретіндегі бастамасы неліктен көне заманда жатыр? Дәлелде.
- •30. Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік мобильдену теориясы.
- •2.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдар тұрғысынан түсінудің ерекшеліктері.
- •14. Әлеуметтік зерттеулер дегеніміз не?
- •18. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері:Барлау,сипаттама және талдау.
- •33. Г.Спенсердің әлеуметтік ілімдері.
- •Дүниежүзілік әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезеңдерге тоқталыңыз.
- •19. Жеке тұлғаның қасиеттеріне тоқталыңыз.
- •28. Жеке тұлғаның еркіндігі
- •39. Жеке тұлғалық әлеуметтанудың құқықтық формалары.
- •15. «Класс» және «Страта» түсініктеріне тоқталыңыз. Олардың айырмашылығы неде?
- •6. Қоғамды танудың тарихи даму кезеңінің ерекшеліктері.
- •16. Қазіргі қазақстандық қоғамның стратификациялық құрылымын көрсетіңіз.
- •11. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •13. Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасы
- •37. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •46. Қоғамдағы әлеуметтік жүйенің бүтіндігін және оның негізгі құрылымдық элементтерін көрсетіңіз.
- •45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
- •24. Парадигма ұғымы және парадигмалардың ерекшеліктері.
- •40. Ресей әлеуметтанушылардың әлеуметтік көзқарастары.
- •8. Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары.
- •25. Тұлға әлеуметтануы.
- •26. Тұлға түсінігі мен оның әлеуметтенуі.
- •29. Феноменологиялық парадигма
- •43. Функционалды парадигмалар
- •32. Э.Дюргкейм мен м.Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары.
- •9. Этнос әлеуметтануы
- •50. Этнометодологиялық парадигма
45. Парсонстың әлеуметтік жүйесіне сипаттама беріңіз және қазіргі шынайы әлеуметтанумен Парсонс теориясының сабақтастығын дәлелдеңіз.
Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдарАмерикан социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism — ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм — өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.
