- •Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •ЛексиКа
- •Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •Морфология
- •Септік жалғаулар
- •Көптік жалғаулар
- •Тәуелдік жалғаулар
- •Жіктік жалғаулар
- •Сөз таптары
- •Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
- •Зат есім тудыратын жұрнақтар
- •Зат есімнің түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Сын есім тудыратын жұрнақтар
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сын есімді бекітуге арналған жаттығулар
- •Етістіктің шақтары
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістіктің түрлері
- •Етістікті бекітуге арналған жаттығулар
- •Үстеуді бекітуге арналған жаттығулар
- •Шылаулар
- •Шылауды бекітуге арналған жаттығулар
- •Еліктеу сӨздер
- •Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
- •Синтаксис сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Салалас құрмаластың түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Пунктуация
- •Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Стилистика
- •Стиль түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
1-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлем түрінде жазыңдар.
1. Біздің еліміздің туы көгілдір түсті. 2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері әлемдік каталогқа енгізілген. 3. Р. Қошқарбаев Рейхстагқа жеңіс туын тіккен. 4. Көк түс – аспанның белгісі.
2-жаттығу.Төмендегі лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлем түрінде жазыңдар.
Үлгі: Гүлдей бер, туған жерім! – Туған жерім гүлденіп келеді.
1. Төбемізде желбірей бер, туымыз!
2. Елдің бірлігі, ынтымағы нығая берсін!
3.Еліміздің рәміздерін құрметтеңдер!
3-жаттығу.Төмендегі сөйлемдердің ішінен жақсыз сөйлемдерді табыңдар, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Асқар ертең Астанаға жүреді. Менің оқығым келеді. Ертең қонаққа кел. Бұл жерге суға түсуге болмайды. Қыста бұл жердің ауа-райы суық болады.Оған хабар беру керек.
4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің ішінен жалаң сөйлемді табыңдар, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Бүгін қар жауды. Жел соқты. Боран көтерілді. Далада ауа-райы бұзылды. Балалар тонып, үйге кірді. Үйде олар жылынды. Ата-аналар демалып отыр. Олар теледидар көрді. Балалар ұйықтады.
5-жаттығу. Берілген жалаң сөйлемдерді жайылма түріне айналдырыңдар, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Құралай келді.Оқушы кірді. Қоңырау соғылды. Кітапхана ашылды. Конференция өтті.Олар сөйлесті. Жаңбыр жауып тұр.
6-жаттығу. 3 толымды сөйлем құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
7-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің ішінен атаулы сөйлемді табыңдар.
Көктем. Ауа-райы жылы. Айнала жап-жасыл. Құстар ұшып келді. Күннің нұры.
Балалар көктемге қуанышты.
8-жаттығу. Жақты және жақсыз сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
І-нұсқа
1. Сөйлем нені білдіреді? А) интонацияны; В) тиянақты ойды; С) сұрау белгісін; D) екі сөзді; Е) хабарламаны; 2. Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді белгіле. А) Жалаң. В) Атаулы. С) Сөз тіркесі. D) Жайылма. Е) Сөз. 3. Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай жай сөйлем нешеге бөлінеді? А) 9 В) 5 С) 4 D) 3 Е) 2 4. Сұраулы сөйлем неше түрлі тәсілмен жасалады? А) 1 В) 5 С) 3 D) 2 Е) 6 5. Жалаң сөйлемді тап. А) Мен мектепке жиналдым. В) Таң атты. С) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. D) Оқу басталатын уақыт та тез жетті. Е) Бүгінгі мереке маған ұнады. 6. Лепті сөйлемді тап. А) Тудың көгілдір түсі ненің белгісі В) Туға құрмет – елге құрмет С) Президент жолдауы - негізгі бағдарлама D) Жерде аппақ қалың қар С) Күн жылы ма 7. Сөйлемдердің арасынан жақсыз сөйлемді табыңыз. А) Маған оларға қарсы тұруға тура келді. В) Күз. Күн әлі ерте. С) Абайдың да күлкісі келіп еді. D) Табиғатты қорғау талап етілген. Е) Салауатты өмір салты. 8. Сөйлемдердің арасынан атаулы сөйлемді тап. А) Баланы жаман үйретпеу керек. В) Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. С) Қыс. Қараңғы. D) Ел ордасы – Астана. Е) Намыс – азаматтың алтын туы. 9. Жай сөйлем дегеніміз не? А) Бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы табуға бола алмайтын жай сөйлемнің түрі.
|
В) Ойға қатысты сөйлем мүшелері толық айтылған сөйлем. С) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құрылған сөйлем. D) Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылған сөйлем. Е) Белгілі бір атау мағынасында ғана жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі түріндегі сөйлем. 10. Сөйлемдер арасынан жақты сөйлемді тап. А) Ауа райы салқындай бастады. В) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді. С) Біздің ашық сөйлесуіміз керек. D) Олардың бұл араға қонғысы келмеді. Е) Біздің көмектескіміз келді. 11. Мына сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жатады? Түн. Тыныштық. А) атаулы; В) толымды; С) жақты; Д) жақсыз; Е) деректі. 12. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап. А) Сен сабаққа барасың ба? В) Қазақстанның көлдерін ата? С) Төбемізде желбіреп тұр. D) Ауылыңа барған шығарсың? Е) Анаңның аты кім? 13. Жақты сөйлемді тап. А) Қап, ұят болған екен! В) Бұлт астында жылжыған ай. С) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз. D) Саған соны ғана айтқым келеді. Е) Қатерліден осылай кұтылар болар. 14. Жайылма сөйлемді көрсет. A) Таң атты.B) Күн шықты. C) Мұғалім көңілді. D) Оқу басталатын уақыт та жетті. E) Мектеп тап – таза. 15. Сөйлемді толықтыр. Алматыдағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры … атында. A) Шәкен Айманов. B) Күләш Бәйсейітова. C) Әміре Қашаубаев. D) Абай Құнанбаев. E) Қалибек Қуанышбаев.
|
ІІ-нұсқа
1. Қуанышты жасыруға болмайды. Сөйлем түрін анықта. А) Жақты.В) Кұрмалас.С) Атаулы. D) Жақсыз.Е) Толымды. 2. Жалаң сөйлемді тап. А) Мен мектепке жиналдым. В) Таң атты. С) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. D) Оқу басталатын уақыт та тез жетті. Е) Бүгінгі мереке маған ұнады. 3. Қаратпа сөзді анықта. А) Бала, бала деп құрақ ұшады. В) Ескертуден қорытынды шығар, бала. С) Келіп кеткен – сол бала. D) Бала тілі – бал. Е) Бала, баланың ісі – шала. 4. Қыс. Қараңғы. Сөйлемнің түрін ата. А) Толымды сөйлем. В) Жайылма сөйлем. С) Атаулы сөйлем. D) Толымсыз сөйлем. Е) Жалаң сөйлем. 5. Жақты сөйлемді тап. A) Қап, ұят болған екен! B) Бұлт астында жылжыған ай. C) Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз. D) Саған соны ғана айтқым келеді. E) Қатерліден осылай құтылар болар. 4. Сұраулы сөйлем неше түрлі тәсілмен жасалады? А) 1 В) 5 С) 3 D) 2 Е) 6 7. Қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсет. Тұрайын деп еді тұра алмады. А) Үтір, көп нүкте. В) Үтір, сызықша. С) Нүктелі үтір. D) Көп нүкте, үтір. Е) Сызықша, қос нүкте. 8. Нүкте қандай жағдайларға байланысты қойылған дұрысын белгіле. Мұғалім- зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты. A) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем. B) Бұйрықты сөйлем. C) Сұраулы сөйлем. D) Хабарлай айтылған құрмалас сөйлем. E) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем.
|
9. Атаулы сөйлемді тап. A) Үйге кірді B) Алтын күз C) Қарағандыдан едім D) Жалықпай іздену E) Ойбай 10. Хабарлы сөйлемді тап. А) Қандай ғажап! В) Менің арманым-дәрігер болу . С) Бұл не? D) Жазғы демалыс қызықты өтті. Е) Кім кезекші? 11. Жайылма сөйлемді тап. A) Асқар – инженер. B) Құлпырып тұрған дала. C) Бала – болашақ. D) Мен кетіп қалдым. E) Зор денелі адам үйге алдымен кірді. 12. Сөйлемнің түрін анықта. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? А) Толымсыз. В) Хабарлы. С) Сұраулы. D) Жалаң. Е) Жақсыз. 13. Жақты сөйлемді тап. A) Япыр-ау, Абайжан-ай! B) Сауын биені онда апарып байлауға болмайды. C) Енді қорықпаймын. D) Сондай дөрекі мінездің керегі не? E) Әрнені білмек керек. 14. Атаулы сөйлемді көрсет. А) Зал кең. В) Дала жазық. С) Кең зал. D) Үй жап-жарық. Е) Тұрмыс жақсарды. 15. Жақты сөйлемді тап. A) –Мұның қалай? B) Асқа қарамауға тура келді. C) Тамаша. D) Тым-тырыс. Е) Толымсыз.
|
