- •Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •ЛексиКа
- •Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •Морфология
- •Септік жалғаулар
- •Көптік жалғаулар
- •Тәуелдік жалғаулар
- •Жіктік жалғаулар
- •Сөз таптары
- •Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
- •Зат есім тудыратын жұрнақтар
- •Зат есімнің түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Сын есім тудыратын жұрнақтар
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сын есімді бекітуге арналған жаттығулар
- •Етістіктің шақтары
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістіктің түрлері
- •Етістікті бекітуге арналған жаттығулар
- •Үстеуді бекітуге арналған жаттығулар
- •Шылаулар
- •Шылауды бекітуге арналған жаттығулар
- •Еліктеу сӨздер
- •Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
- •Синтаксис сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Салалас құрмаластың түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Пунктуация
- •Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Стилистика
- •Стиль түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
1-жаттығу. Төменгі сөйлемдерге тиісті қос нүктені қойыңдар.
Бөлтірік шешен былай деген екен «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл». Олар Абай, Шәкәрім, Мұхтар. Ұлттық байлық, негізінен, мынадай салалардан тұрады ата-бабалардың қалдырған мұрасы, табиғат және жер асты байлығы, әдеби, мәдени, тарихи мұралар. Үшеуі қалпақты, қылышы бар, көк шекпенді жат адамдар екен.
2-жаттығу. Берілген сөйлемдерге тиісті үтір тыныс белгісін қойыңдар.
Батысынан – Іле шығысынан Ақсу Қаратал Лепсі өзендері келіп құяды. Қонаққа барғын келсе тез жинал. Балам аурухана қай жерде орналасқан? Алақай көктем келді! Мүмкін жиналысқа сен барасың.
3-жаттығу. Берілген сөйлемдерде тиісті сызықша тыныс белгісін қойыңдар.
Балқаш Қазақстанның орталығына жақын жатқан көл. Жетісудің тағы бір үлкен көлі Алакөл. Алакөлдің ұзындығы 104 метр. Көлдің түсі ала, бір жері ақ, бір жері көк. Дүние жүзінде тек екі-ақ жерді Швеция мен Алакөлді мекендейтін реликті шағала бар. Алакөл таза, тұзды ерекшк көл. Балқаш, Алакөл жер бетінде сирек кездесетін су қоймалары. Табиғатты қорғау, сақтау біздің міндетіміз.
4-жаттығу. Берілген сөйлемдерде тиісті тырнақша тыныс белгісін қойыңдар.
Ырыс алды – ынтымақ дейді қазақ мақалы. Үлкендер: Жаңа шаққан көк шөпті, гүлдерді көктей жұлма, көктей соласың, - дейтін. 1989 жылы ақпандаядролық қаруға қарсы Невада-Семей қоғамдық қозғалысы басталды. Алматы ақшамы газетінің тілшісі онымен сұхбат жүргізді. Тоқтар Әубәкіров Кеңес-Австрия экипажының ғарышкер-зерттеушісі ретінде ғарышқа ұшты.
5-жаттығу. Төменгі сөйлемдерге тиісті леп белгісі мен сұрау белгісін қойыңдар.
Сен биыл нешінші сыныпта оқисың. Неткен тамаша табиғат. Алақай, көктем келді. Сіз қайда тұрасыз. Асан келді ме. Отыр. Жылама. Ол қайда жұмыс істейді.Тәуелсіз Қазақстан Республикасы жасасын.
6-жаттығу. Берілген сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.
1. Марк Твен хатты ашып оқыса. Екі көз досым саған шын жүректен сәлем жолдап отырмын Хал-ахуалам жақсы Баяғы әріптесің Джексон деген сөздер бар екен. Арада біраз уақыт өткен соң почташы егер Джексонға әкеліп береді. Джексон ашып қараса кәдімгі тас.
7-жаттығу. Тыныс, белгілерінің қою жолдарын түсіндіріңдер.
Бөрік-адамға көрік. 2. «Табалдырықта тұрма» - деді әжем. 3. Меніңше, ертең ауа-райы жақсы болады. 4. Шеген-әрі батыл, әрі ақылды кейіпкер.
5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тыныс белгілерін түсіндіріңдер.
А.В Затаевич Әміре Қашаубаев ән айтқандағы тынысы кең, дауысы да көркем, күшті тенор еді, деп жазды.
Қандай әншілер қатысады екен? Нешеде басталады? Мүмкін екеуіміз барармыз.
Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Гүлмира Ақүрпекова және басқалары.
Әуезовтың пікірінше, Шәмші Біржан сал, Ақан серілерден кейінгі үздік құбылыс болып келді.
Алақай ! Жарайсың, тура тигіздің ғой.
Стилистика
ТҮРІ |
ҚОЛДАНЫЛУЫ |
МЫСАЛДАР |
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ |
Ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады. |
Марқакөл көлі Алтай тауының арасында орналасқан. Оның суы – тұщы. Оның тереңдігі – 27 метр. |
РЕСМИ ІС-ҚАҒАЗДАР СТИЛІ |
Іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады. |
Кезекті демалысқа босатуыңызды сұраймын. |
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ |
Газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады. |
Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен басталып айналымға енгізілді. Теңге Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы. |
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ СТИЛІ |
Көркем шығармаларда қолданылады |
Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып жол салған,тасты жарып.
|
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ |
Адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады. |
|
