Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
колледж_каз_лаб.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.1 Дқбж құрамын анықтау

ДҚБЖ ДҚ-ға енгізілетін және ДҚ-дан шығарылатын мәліметтерді өңдеу процедураларынан және экрандық және есептік формалар жиынтыңынан тқрады. Windows ортасында ДБЖ бағдарламалау кезінде ДҚБЖ-ны қосымша деп атайды.

Экрандық формалар тізімін анықтау үшін қолданушы жұмысының тәртібін анықтаймы, яғни біздің жүйеміздің қолданушысының тәртібін береміз.

Қолданушы жқмысының тәртібін келесі тәсңм арқылы берейік.

Қолданушы жұмысының тәсімі.

Қолданушы интерфейсі бас меню арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан жүйеде бас меню болу қажет.

Қорға ақпаратты енгізу үшін бөлек экрандық форма қажет. Қорды бөлек экрандық формада қарастыру керек.

Сонымен қатар қолданушы қорда баспа түріндегі мәліметті алу керек, әр түрлі мәліметтер әртүрлі формада болу қажет. Осы барлық шығыс мәліметтер есептік немесе есептеу формалары деп аталады. Сондықтан қолданушыға есептік формаларды алу қажет.

Осылайша есептерді алу үшін қолданушынығ толық жұмысына қажет есеп формаларын қарастыру қажет.

Қарастырылған формалар негізінде қолданушы жұмысының тәртібі келесі түрде іске асырылады.

Жүйені іске қосқан кезде экранда жүйенің бас менюі көрінуі керек. Менюда жүйе орындай алатын команда іс-әрекеттер тізімі берілген. Егер қолданушы түскен материалдар туралы мәліметтерді енгізуді жоспарласа, ол менюден ақпарат енгізу үшін форма шақырады.

Қорды алдын-ала қарау үшін ол менюден қорды қарау формасын шығарады. Қолданушы үшін есепте мәліметтерді шығару үшін әртірлі нұсқаулар қарастыруға болады. Қолданушы бас менюден қорды алдын-ала қару формасын шақыра алады және одан мәліметтер мен есеп формасын таңдай алады. Генерацияланған есеп нұсқауы баспа құралына беріледі. Иілгіштікке жету үшін ақпаратты енгізу режимінде және қорды алдын-ала қарау режимінде есепті қалыптастыру нұсқауын қарастыру қажет.

Осылайша жоғарыда көрсетілген “қолданушы –жүйе” жұмысының тәсімі нде жүйе жұмыс істеу үшін келесі формалар қажет екені көрініп тұр:

  • Меню үшін форма;

  • Қорға мәліметтер енгізу үшін форма;

  • ДҚ-ны алдын-ала қарау үшін форма;

  • №1-есеп үшін форма

  • №2-есеп үшін форма

  • №3-есеп ұшін форма

Жоғарыда ДБЖ-ның сыртқы формасының көрсетілуі берілді. ДБЖ-ның жұмыс мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін ДҚ формасымен байланысты қамтамасыздандыру керек: экрандық формада ДҚ мәліметтерін өңдеу. Ол келесі пунктерде жасалады.

4.2 ДҚБЖ компоненттерін құру жобасы және жоспары

Сыртқы көрініс формасына басқа ДҚБЖ-да ДҚ-ға қатынау қамтамасының құралдары және өңдеу процедуралары болу керек. ДҚБЖ-ны құрайтын барлық компоненттер жиынтығы құрулы жіне сақтаулы болу керек.

ДҚБЖ-ны жобалау үшін негіз форма болып табылады. Форма барлық қалған компонентердің негізі және тасымалдаушысы болып мәліметтерді өңдеу процестері үшін фундамент қызметін атқарады. Бұл тәсілдің теориялық негізі объектіге бағытталған технология жобасы және бағдарламалау болып табылады.

Алайда объектіге бағытталған технология жобасы және бағдарламалаудың теориялық сұрақтарына арнайы тоқталмаймыз.

Енді ДҚБЖ жобасын құрайық, яғни ДҚБЖ компоненттерінің арасындағы байланысты, құрамын және тағайындалуын бекітеміз. Ол үшін қолданушы жқмысынң жоғарыда көрсетілген тәсімінен шығамыз.

Қолданушы жұмысы іұшін үш есеп формасы қажет. Сондықтан әрбір экрандық жіне септік форма үшін бөлек форма берілу керек.

Delphi-де ДҚ және ДҚБЖ формалады арасындағы ақпараттық байланыс анықталған визуалды емес компоненттер арқылы іске асырылады. Сондықтан ДҚ-мен экранджық форма арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін жобада арнайы визуалды емес компонент (контейнер) TdataModule қолданылады, ол бқлек құрылу керек.

Осылайша эвристикалық алдын-ала сілтемелеуден шыға біздің форма үшін қажет тізімді берейік:

  • Меню үшін форма;

  • Қорға мәліметтер енгізу үшін форма;

  • ДҚ-ны алдын-ала қарау үшін форма;

  • №1-есеп үшін форма

  • №2-есеп үшін форма

  • №3 есеп үшін форма

  • TDataModule компоненті

Жобалаушы үшін ең ыңғайлы форманың жіне олардың компоненттерін ұарастыру тәртәбі келесі болып табылады.

  1. TDataModule компоненті

  2. Меню үшін форма;

  3. Қорға мәліметтер енгізу үшін форма;

  4. ДҚ-ны алдын-ала қарау үшін форма;

  5. №1-есеп үшін форма

  6. №2-есеп үшін форма

  7. №3 есеп үшін форма

ДҚБЖ құру үшін формалардың екі әдіспен беру керек:

  1. Егер алдын-ала олардың саны белгілі болса, монитор экранында жіне сәйкесінше IDE Delphi жобасның қоймасында (repository) алдын-ала визуолды және визуалды емес формалардың қажет санын шығаруға болады. File/New form командасы көмегімен визуалды формалар қосылады, ал File/New data module командасымен визуалды емес форма қосылады. Біздің жүйе алты визуалды форма және бір TDataModule компонентін талап етеді.

  2. Егер жоба үшін қажет формалар саны белгісіз болса, онда монитор экранында жіне сәйкесінше IDE Delphi жобасның қоймасына (repository) ДҚБЖ құрудың ағымды деігейінде жоба үшін тек қажетті форма қосылады. Экранда формаларды қою келесі команда арқылы іске асырылады. Басқа сөзбен айтқанда әрбір форма қажеттілік молшері бойынша қосылады.

Бұл жағдайда жоба қоймасына жаңа форманы қосу (File/ Add to project) командасын қосу арқылы іске асырылады.

Осылайша жобадан шығатын болсақ, мәліметтерді өңдеу процедурасы, экрандық және есептік формалардан жоғарыда қойылған есепті автоматтандыру үшін ДҚБЖ құру бойынша жұмыс жоспарын ұсынайық.

Алдымен ДҚБЖ-ның барлық формаларын құру үшін қажетті формаларды экранға шығару керек болсын деп есептейік. Егер форма жетіспесе оларды қажетті санға дейін жеткізейік. Бұл (File/New form) іс-әрекетін форма саны қанша талап етсе сонша рет қайталау және бір контейнерді File/New data module командасын қайталау жолымен жасалады.

Енді форманың жобалау тізбегін анықтайық. Жалпы жағдайда формаларды құру тізбегі ретсіз, бірақ сонда-да біз жоғарыда сипатталған тізбекті тағдаймыз. Формаларды хаттау және құру тізбегі ДҚБЖ құру процесін жеіәлдетеді.

ДҚБЖ құруды ДҚ-мен байланыс үшін TDataModule контейнерін құрудан бастаймыз. ДҚБЖ формасын жобалаудың экрандық формадан бастаймыз, онда ДҚ құрамы көрсетіледі.

ДӨБЖ жобалауы ДҚ-дан алынатын немесе экрандық формаға енгізілетін мәліметтерді өңдеу процедураларын құру және Дқ-мен байланыс жасаудың бөлек жолы бойынша әрі форма бойынша әске асырылады.

Сонымен қатар әртүрлі форма компоненттенрі арсында байланыс жасау керек. Бір экрандыұ формада жүйе жұмысын аяқтау командасын қарастыру қажет.

Компоненттер жиыны және олардығ формада орналасуын анықтағаннан кейін олардың ДҚ-ға қатынауы жасалады және форманың әр компоненті үшін мәліметтерді өңдеу процедурасы құрылады.

Жоғарыда көрсетілген анықтамадан көреміз: ДҚБЖ ДҚ сияқты көптеген компоненттерден тұрады. ДҚБЖ-нығ барлық компоненттері қалыптастыруды және бағдарламалуды талап етеді. Сондықтан оларды ДҚ сияқты анықталған орында сақтау керек. Бұл мақсат үшін C:\Primer каталогында АРР қосалқы каталогын құру қажет. Онда біз өңделген қосымшааларды сақтаймыз.

Жалпы жағдайда қосымшаны кез-келген жерде сақтауға болады, алайда, ДҚ-мен бірге бір папкада бірақ бөлек қосалқы директорияда сақтау жобалаушы жұмысы үшін ыңғайлы.