Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы психология 5В050300 1 курс 2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
675 Кб
Скачать
☆

6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1. Дәріс тақырыбы: Психиканың көріну формалары: психикалық процесстер, қалып, қасиет.

Дәріс тезистері

Өзінің көрінуі жағынан психика күрделі және алуан түрлі. Психикалық құбылыстардың үш үлкен тобы ажыратылады:

  1. психикалық процестер;

  2. психикалық қалып;

  3. психикалық қасиет.

Психикалық процестер – бұл сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының психикалық құбылыстың әр түрлі формасында өзгермелі түрде бейнеленуі. Олар танымдық (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял), эмоционалдық (белсенді және пассивті уайымдар), еріктік (шешім қабылдау, орындау, ерік күші және т.б.) болып бөлінеді.

Психикалық қалып - адамның белсенділігінің артуынан не бәсеңдеуінен көрінетін осы мезетте анықталатын едәуір тұрақты психикалық іс-әрекет деңгейі.

Әр адам күн сайын әр түрлі психикалық күйді басынан кешіреді. Біреуінде адамның ақыл-ой және дене еңбегі жеңіл әрі нәтижелі өтсе, басқасында қиын әрі нәтижесіз өтеді.

Психикалық іс-әрекетті жоғары әрі тұрақты реттейтін тұлғаның қасиеттері болып табылады.

Психикалық қасиеттер - белгілі бір адамға тән іс - әрекеттің қандай да бір сапалық-сандық деңгейін қамтамассыз ететін тұрақты құрылымдар.

Олар бірігіп тұлғаның күрделі құрылымын жасайды, оларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. өмірлік бағытты (адамның белсенділік деңгейін анықтайтын қажеттіліктер, қызығулар, сенімдер, мұраттар жүйесі);

  2. темперамент (мінез-құлықтың өзгермелі жақтарын сипаттайтын тұлғаның табиғи қасиеттер жүйесі (қозғалғыштығы, мінез-құлықтың тепе-теңдігі және белсенділігі);

  3. қабілеттер (тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтайтын интеллектуалды-еріктік және эмоционалдық қасиеттер жүйесі);

қатынастар мен мінез-құлық тәсілдерінің жүйесі ретіндегі мінез.

Негізгі әдебиет:2, 3,5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 12, 13

2. Дәріс тақырыбы: Сезімдік таным психологиясы.

Дәріс тезистері

Түйсіну – бұл материалдық әлемдегі заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің бейлененуінен және материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес рецепторларға тікелей әсерінен туындайтын организмнің ішкі жағдайынан тұратын қарапайым психикалық процесс.

Бейнелеу - объектінің белгілер, құрылымдық сипаттамалар мен басқа объектілердің қатынасқан әр түрлі дәрәжеде суреттеу қабілеті болып табылатын материяның қасиеті.

Рецептор - дененің бетінде немесе ішкі жағында орналасатын және табиғатынан әр түрлі физикалық, химиялық, механикалық және т.б. тітіркендіргіштерде қабылдау үшін және олардың жүйкелік электрлік импульстерде өңделуін қамтамасыз ететін арнайы органдық құрылым.

Түйсіну психикалық және оған дейінгі құбылыстарды шапшаң ажыратушы шекарада орналасатын танымдық психикалық процесстердің негізгі аймағын (сферасын) құрайды.

Танымдық психикалық процесстер - процесс ретінде де және нәтиже ретінде де танымда қамтамасыз ететін, динамикалық өзгермелі психикалық құбылыс.

«Түйсіну» терминін психологтар дәстүрлі түрде элементарлық перцептивтік бейнелеу, оның құрылу механизмін атау үшін қолданады. Психологияда түйсіну туралы адам өз-өзіне сезім органына қандай да бір сигнал келіп түскені жайлы есеп берген жағдайда айтылады. Көру, есту және басқа да модальдықтар үшін қолайлы ортаның кез келген өзгерісі түйсіну түрінде психологиялық өзгеріс.

Түйсіну - бұл белгілі бір модальдықтар: түс, жарық, дыбыс, белгісіз жанасулардағы формасыз және затсыз ақиқаттың біріншілікті саналы өкілі.

Негізгі әдебиет:2, 3,5, 7

Қосымша әдебиет: 8, 9, 11, 13