Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807 Кб
Скачать
☆

Сабақтың хронометражы

№

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

1

Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату

5 мин

2

Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірсайыс

45 мин

3

Үзіліс

10 мин

4

1-4 тапсырмаларды орындау

35 мин

6

Тестілеу

10 мин

7

Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау

5 мин

Машықтық жұмыс

№ 1. тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талддау негізінде пирогендік ықпалға

жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибенің хаттамасының

сызбанұсқасын толықтырыңыз.

Жануарлар

Виварий жағдайлары

Тәжірибе жағдайлары

Жануарлар әсерленісі

Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу

Пойкилотермиялық (кесіртке)

Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы

Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу

№ 2 тапсырма

А.тәжірибе Бақылау және азот-ипритпен шақырылған айқын гранулоцитопениясы бар егеуқұйрықтарда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызба туындатады.

Сұрақтар:

  1. Жануарларда скипидарды енгізгеннен кейін туындаған қызбаның қарқыны бірдей бола ма?

  2. Бұл егеуқұйрықтарда пирогенал енгізгеннен кейін қызбалық серпілістердің сипатында айырмашылықтар бола ма?

  3. Егеуқұйрықтарға пирогенал енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістердің скипидар енгізгеннен кейін дамыған қызбалық серпілістермен салыстырғанда даму уақыты бойынша айырмашылықтары бола ма?

Б. тәжірибе Тәжірибеге 3 қоян қолданылды. А. қоянға көктамыр ішіне пирогенал енгізілді. 5 минуттан кейін А. қояннан қан алынып 5 мл сарысу дайындалып, ол Б. қоянға енгізілді. Тағы 120 минут өткеннен кейін А. қояннан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып, көктамыр ішіне В. қоянға енгізілді. Қояндардың үнемі дене қызымы өлшеніп тұрды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысу енгізген уақыттан бастап есептегенде дене қызымы тез және айқын түрде көтерілді. Неге?

№ 3 тапсырма. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдер пайда болуының

тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.

Қызбаның әйгіленімдері

Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы

Терінің бозаруы

Терінің құрғауы

Бүрісу, бұлшық еттер дірілі

№ 4 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі

өзгерістерді талдаңыз және оның патогенезін көрсетіңіз.

Ағза немесе жүйе

Қызбаның әйгіленімдері

Әйгіленімдердің патогенезі

ОЖЖ

Бас ауруы, ұйқы басушылық, селқостық, балалардағы тырысқақ, селкілдек

Жүрек

Тахикардия

Ас қорыту жүйесі

Тәбеттің жоғалуы, ауыз құрғауы, тіл өңезденуі. Барлық ас қорыту бездерінің сөлденістік белсен-ділігінің бәсеңдеуі. Жиырылулық немесе атоникалық іш қату.