Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
патфиз ОМ каз ПРАКТИКА 2012-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
807 Кб
Скачать
☆

Сабақтың хронометражы

№

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

1

Ұйымдастырулық бөлім. Студенттерді түгендеу. Сабақтың мақсаты мен тапсырмаларымен танысу, көрсетілім материалдарын тарату

5 мин

2

Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірталас

45 мин

3

Үзіліс

10 мин

4

Бейнефильм көру, талқылау

15 мин

5

Патогенездік сызбанұсқаны сараптау

15 мин

6

Тестілеу

10 мин

7

Сабақты қорытындылау, компетенцияны бағалау

10 мин

Тәжірибелік жұмыс

№1 тапсырма «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.

Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аппаратының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аппаратының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.

Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы

0,8 атм.

0,6 атм.

0,4 атм.

0,2 атм.

Сұрақтар:

  1. Берілген тәжірибеде жануар қандай патогенді жайттың әсеріне шалдықты?

  2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің себебі болуы мүмкін?

  3. Айтылған болжамды тәжірибе жүзінде қалай тексеруге болады?

№ 2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау

Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.

Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

№ 3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу

№ 1. БИІКТІК АУРУЫ

Себептері

Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі

система

Тыныс алу жүйесі

Қан жүйесі

Барометрлік қысымның төмендеуі,

дем алатын ауада рО2 төмендеуі

гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы

гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы

негізгі көріністері

Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.

Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.

Брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысатын

гиперпноэ

Эритроцитоз

Газдар және сұй-ықтардың физии-калық қасиеттер-інің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларыныңжыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия

№ 2.