Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМФ СЖ дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆

8. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005

2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы: «Алматыкітап», 2007

3. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2009

Қосымша әдебиеттер:

1.Касымжанов А.Х. Портреты и штрихи истории степи. Вып.1. А., 1996.

2.Х.Бейсеев. Шуақты өңір шырайы. Алматы, «Қазақстан», 1988.

3.Д.Қонаев. Өтті дәурен осылай. Алматы, 1992.

4.К.Бозтаев. Семей полигоны. Алматы, 1993.

9. Бақылау:

- Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай ірі елдің құрамына енді?

- Ұлы Отан соғысы фронттағы қазақтандықтардың рөлі?

- Қанша қазақстандықтар Кеңес одағы батыры атағын алды?

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның шығыны қандай болды?

- Әміршіл-әкімшіл жүйенің негізгі белгілері қандай?

- Әміршіл-әкімшіл жүйенің Қазақстанның экономикалық дамуына кері әсерлері қандай болды?

- Сталинизм кезіндегі тоталитарлық жүйенің мәні неде?

- Соғыстан кейін Қазақстандағы репрессия жағдайы қалай жүрді?

- Е. Бекмахановтың кінәсі неде?

- «Саяси қылмыскерлер» лагері қандай роль атқарды?

- «Лагерь экономикасы» елдің экономикалық дамуында қандай орын алды?

1. Тақырып: №15, «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші және екінші Конституциясы».

2. Мақсаты:

Тәуелсіздікті жариялау және егеменді мемлекеттің алғашқы қадамдарына тоқталу.

3.Тапсырма: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші және екінші Конституциясы тақырыбына реферат жазу.

4. Орындалу формасы: Реферат жазу. Power Point форматында презентация жасау.

5. Орындау критерийлері:

А) Рефераттың жоспарын құрастыру:

1. Кіріспе - өзектілігін, мақсатын, тақырыпт ың тарихнамасын көрсету.

2. Негізгі бөлім – тақырыптың мазмұнын ашу.

3. Қорытынды – реферат жоспары бойынша қорытынды шығару.

- Қосымша әдебиеттерді пайдалану.

- Беттің көлемі 10 беттен аз болмау керек.

- Реферат тақырыбы бойынша материалдарды қайта қарау.

Б) Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 17 апта.

7. Бағалау критерийлері: СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерийлеріне сәйкес).