Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМФ СЖ дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆

9. Бақылау:

- 1856-1857 жылдағы Сырдария қазақтарының болған, бекінген жері.

- Қоқан хандығының шексіз салықтарына қарсы 1858 ж. Қазақ шаруалары қоқан әскерлерін талқандаған қала.

-XIX ғасырдың екінші жартысында Сырдарияда болған қазақтар көтерілісін кім басқарды?

-1857 ж. Қаңтар айының 9 күні Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен жазалаушы Фитингофтың әскері арасындағы шешуші шайқас қай жерде болды?

-1858 ж. Көкөтем, жазында қазақ, қырғыз шаруалары Оңтүстік Қазақстанда кімдерге қарсы көтеріліске шықты.

1. Тақырып №9, «ХІХ –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті».

2. Мақсаты: ХІХ –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениетіне тоқталу.

3. Тапсырма: «ХІХ –ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті» тақырыбына реферат жазу.

4. Орындалу формасы: Реферат жазу. Power Point форматында презентация жасау.

5. Орындау критерийлері:

А) Рефераттың жоспарын құрастыру:

1. Кіріспе - өзектілігін, мақсатын, тақырыпт ың тарихнамасын көрсету.

2. Негізгі бөлім – тақырыптың мазмұнын ашу.

3. Қорытынды – реферат жоспары бойынша қорытынды шығару.

- Қосымша әдебиеттерді пайдалану.

- Беттің көлемі 10 беттен аз болмау керек.

- Реферат тақырыбы бойынша материалдарды қайта қарау.

Б) Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 13 апта:

7. Бағалау критерийлері: СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерийлеріне сәйкес).