Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖМФ СЖ дістемелік нсау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232 Кб
Скачать
☆

8. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005

2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы: «Алматыкітап», 2007

3. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай» баспасы, 2009

Қосымша әдебиеттер:

1. Ш.Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1990

2. М.Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, «Қазақстан», 1994

3. Бұқар жырау. Шығармалары. Алматы, 1992

4. Ж.О.Артықбаев. Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам.ҮІІІ ғ. Қарағанды, 1995

5. С.Толыбеков. Қазақ шежіресі. Алматы, 1992

6. М.Ахынжанов. Қазақтың тегі туралы. Алматы,1957

7. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, «Ана тілі» 1992

9. Бақылау:

- Этнос дегеніміз не?

- Қазақстан тарихы этникалық белгілері бойынша қандай кезеңдерге бөліненді?

- Қандай объективті фактор және қазақ мемлекеттігі қалыптасуының басты шарты болды?

- Қазақ халқы мен мемлекетінің құрылу кезеңі – Шыңғысхан тұқымдарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы ұлыстарының құлауымен сипатталады. Соңғы кезең қай мемлекеттің құрылуымен аяқталды?

- Қазақ халқының көп ғасырлық құрылу процесі мен этникалық территориясының аяқталуы қашан аяқталды?

1. Тақырып: №7, «Әбілқайыр хан саясаткер, мемлекеттік қайраткер ретінде».

«Абылай әскер басы, саясаткер».

2. Мақсаты: Қазақстанды отарлауының бастапқы кезеңіндегі Әбілхайыр ханның саясатының мәнін ашу. Қолбасшы, стратег, дипломат ретіндегі Абылайдың рөлін анықтау.

3.Тапсырма: Мына тақырыптарға реферат жазу:

А) Әбілхайыр хан саясаткер, мемлекеттік қайраткер ретінде.

Б) Абылай –саясаткер, әскербасы.

4. Орындалу формасы: Реферат жазу. Power Point форматында презентация жасау.

5. Орындау критерийлері:

А) Рефераттың жоспарын құрастыру:

1. Кіріспе - өзектілігін, мақсатын, тақырыпт ың тарихнамасын көрсету.

2. Негізгі бөлім – тақырыптың мазмұнын ашу.

3. Қорытынды – реферат жоспары бойынша қорытынды шығару.

- Қосымша әдебиеттерді пайдалану.

- Беттің көлемі 10 беттен аз болмау керек.

- Реферат тақырыбы бойынша материалдарды қайта қарау.

Б) Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

6. Тапсыру мерзімі: 8 апта.

7. Бағалау критерийлері: СӨЖ бағалау шкаласы бойынша (орындау критерийлеріне сәйкес).