Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан%20Республикасының%20Қылмыстық%20атқар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
507 Кб
Скачать
☆

6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1-тақырып. ҚР Қылмыстық атқару құқығының түсінігі, оның пәні мен әдісі.

Қылмыстық атқару саясаты мемлекеттің жазаны атқару, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың және басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасауын алдын алу қызметінің мақсаты, қағидалары, негізгі бағыты, нысандары мен әдістерін анықтайды.

Қазақстан Республикасында Қылмыстық атқару саясатының қалыптасуын қамтамасыз ететін ҚР Президенті, ҚР Парламенті, жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін қылмыстық жазаны атқару заңмен бекітілген ҚР Әділет Министірлігінің қылмыстық-құқықтық жүйесінің республикалық, облыстық, аудандық сәйкес органдары.

Қылмыстық атқару құқығы өзінің пәні, құқықтық реттеу әдісі және нормалар жүйесі қалыптасқан дербес құқықтық сала.

Қылмыстық атқару құқығының пәні: жазаның және басқа қылмыстық құқықтық сипаттағы шараларды атқару (өтеу), сонымен қатар сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану барысында, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті басқару органдарының жазаны атқаратын мекемелер мен органдардың қызметін қадағалау кезінде және ұйымдар әкімшілігі, қоғамдық бірлестік тер мен азаматтардың сотталғандарды түзеуге қатысу мен түзеу мекемелеріне барумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу танылады.

Кез келген құқықтың дербестігін белгілі бір құқықтық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін жеке өзінің құқықтық нормалар жүйесі дәлелдейді. Қылмыстық атқару құқығының нормалары жүйесін қылмыстық атқару кодексі және басқа заңдар мен нормативтік актілер құрайды.

Қылмыстық-атқару құқығының нормалары қылмыстық жазаларды орындау, өтеу кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, және осының күшімен мұндай құқыққатынастарына қатысатын субьектілердің құқықтарымен міндеттерін белгілейді.

Қылмыстық атқару құқығы ғылымы құқық саласына сәйкес, жазаны атқару аясындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық, психологиялық, адамгершілік мәселелерін кешенді зерттеу және осы бағытта құқық қолдану үрдісінің заңдылықтары мен тенденцияларын анықтауға арналған.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 12.

2-тақырып. ҚР Қылмыстық атқару заңнамасы. Жазаны атқарудың халықаралық актілері

Қылмыстық атқару заңдылығы деп жазалардың атқарылуы және атқарылу үрдісінде, сотталғандарға түзеу ықпалын қолдану барысында туындайтын қоғамдық қатынастар кешенін реттейтін заңдар жүйесін тану керек.

Қолданыстағы қылмыстық атқару құқығының нысандары (көздеріне) мыналар жатады: ҚР Конституциясы, «Қылмыстың жасалуында сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңы, ҚР Қылмыстық атқару кодексі, заңдар негізінде және заңдардың орындалуы үшін қабылданған ҚР Үкіметінің қаулылары, ведомстволық нормативтік құқықтық акттер.

ҚР ҚАК-нің 2-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық атқару заңы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруді, сотталғандарды түзеуді, сотталғандар тарапынан да, басқа адамдар тараптарынан да жаңадан қылмыстардың жасалуының алдын алуды өзінің мақсаттары ретінде таниды.

Қылмыстық атқару заңының өзінде «әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру» ұғымына анықтама берілмеген, ол бағалаушы сипатқа ие және оның мазмұны басқа терминдердің көмегімен (қылмыстан туындаған зардаптардың орнын толтыру, кінәлінің жасаған ісі мен мемлекеттің оған қолданатын жазалау шараларының пара-пар болуы), әрі әділеттілік қағидасының мазмұны арқылы анықталады.

Сотталғандарды ұстау жөніндегі қызметтегі халықаралық актілердің жүйесі осы саладағы мінез-құлық стандарттарынан құралған қылмыстылықты қадағалау бойынша халықаралық актілер жүйесінің бір бөлігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 5, 12.

3-тақырып. Жазасын өтеуші адамдардың сипаттамасы мен құқықтық жағдайы

Жазаны атқару қызметі қайткенде де сотталғанның жеке тұлғасын зерттеумен байланысты. Оларды әлеуметтік-демографиялық, қылмыстық-құқықтық және қылмыстық атқару сипаттамасы бойынша топтауға болады.

Әлеуметтік-демографиялық сипаты сотталған адамның жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, білімі және басқа ерекшеліктерін зерттеуді көздейді.

Қылмыстық құқықтық сипаттамасы сотталған адамның жасаған әрекетін саралайтын және оған тағайындалған жаза мөлшерін бекітетін сот үкімі арқылы айқындалады. Жасаған қылмысының сипаты мен мақсаты бойынша сотталған адамның тұлғалық бағдарын білуге болады.

Қылмыстық атқару сипаты сотталған адамның жазасын өтеуін береді. Белгілі бір уақыт аралығында сотталған адамдарды қадағалап отырған әкімшілік режим, еңбек, тәрбиелік жұмыстар әсерінен олардың қаншалықты өзгергенін және қай түзету құралы тиімді әсер келтіретінін байқай алады, яғни сотталғандармен сұхбаттасып, олардың хат алмасыуын тексеріп, еңбекке ынтасын көріп, оның өмірінің барлық қырларынан хабардар болады.

ҚР қазіргі қылмыстық атқару кодексінде заң шығарушы сотталғандардың құқықтық жағдайын тереңдете әрі кеңейте отыра ерекше көңіл бөлген.

Сотталғандардың құқықтық жағдайы ҚР азаматының статусына негізделген құқықтық нормалармен анықталған сотталған адамның жазасын өтеу кезіндегі жағдайы.

Қазақстанда адам құқықтарын сақтау мәселесінің қатарына сотталған адамдардың құқықтары мен занды мүдделерін бұзуға жол бермеу, оның алдын алу мәселесі де енеді. Сотталған адамдар бұрын қылмыс жасағандықтан, оларға мемлекет тарапынан тәрбиелеу мен жазалау шаралары белгіленіп, оны іске асыру тәсілі ретінде кейбір құқыктық шекгеулер қолданылады.

Сотталғандардың құқықтық жағдайы ҚР азаматының құқықтық жағдайына негізделген, өйткені сотталған адамдардың құқықтыры мен бостандықтарынына кейбір шектеулер қойылғанымен, ҚР азаматтығынан айырылмаған.

Сотталғандардың құқықтық жағдайының мазмұнын құқытары, заңды мүдделері және міндеттері жатады.

Субъективтік құқықтары заңмен бекітілген және мемлекет кепілдік беретін сотталғандардың белгілі бір мінез құлық мүмкіндігі.

Заңды мүдделер нақты нормаларда бекітілген сотталғандардың белгілі бір игіліктерге ұмтылуы.

Заңды міндеттері міндеттеуші және тиым салушы нормаларда бекітілген жазасын өтеу кезіндегі қажетті мінез құлқы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 7, 9, 10.

4-тақырып. Жазаны атқару және түзеу ықпалын қолдану. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар жүйесі

Жазаны атқару деп қылмыстық атқару құқығының нормаларымен реттелген сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын кешенді шектеуден тұратын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айтады.

ҚР ҚАК-нің 5-бабына сәйкес жазаны атқару мен түзеу ықпалын қолдану негізі болып тек қана заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі саналады. Соттың үкімін өзгертетін басқа шешімдер (сот қаулылары, кешірім немесе рақымшылық акттері) оның туынды негіздері болып саналады.

Жазаны өтеу режимі жазаны атқарушы органдардың әкімшілігінің қызметін реттейтін бүкіл материалдық және процессуалдық нормалардың жиынтығын қамтиды, сол себепті бірнеше функцияны атқарады.

Күштеуші функция – сотталғандарға жазасын өтеу барысында қолданылатын құқықтық шектеулер жүйесін бекіту арқылы іске асырылады.

Тәрбиелік функция сотталғандарды ішкі тәртіп ережелерін сақтауға мәжбүрлей отырып, оларды белгілі бір тәртіпке үйретеді.

Қамтамасыз етуші функция сотталғандарды еңбекке баулу, оларды тәрбиелеу және кәсіби-білікті оқытуға тартуға мүмкіндік беретін құқықтық құралдарды жасақтаушы функция.

Әлеуметтік қадағалау сотталғандардың мінез-құлқын бақылау, оларды қадағалау және мінез-құлқына баға беру арқылы жүзеге асырылады.

Режиммен қатар сотталғандарға түзеу ықпалы ретінде, тәрбиелік жұмыстар, қоғамға пайдалы еңбек, орташа білім алу, кәсіби дайындық және қоғамдық әсер ету қолданылады.

Түзеу құралдарының көлемі мен сипаты атқарылатын жаза, сотталған адамның жеке тұлғасы, оның мінез құлқы, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатынан туындайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілгендей: қылмыстық жаза міндетті түрде орындалуы тиіс, ал оның атқарылу кезеңі Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдылығымен анықталады.

Жазаны атқару үшін арнайы мамандандырылған және мамандандырылмаған мекеме мен органдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазаларын атқаратын мекемелер және қылмыстық атқару инспекциясы ҚР ҚАҚ 14б 3б сәйкес қызметін атқаратын ҚР әділет Министрлігінің қылмыстық атқару жүйесін құрайды.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдардың басты міндеттері сотталғандардың түзелу үрдісін, арнайы және жалпы қылмыстың алдын алуын қамтамасыз ету.

Жазаны атқаратын мекемелер мен органдардың ерекше қызметі болып сотталған адамның түзелу процесін қамтамасыз ету, өмірге деген көзқарасының өзгеруіне жағдай туғызу, өздерінің мәдени және жалпы білім деңгейін көтере отырып және бас бостандығынан айыру орнында дұрыс өмір сүруді қамтамасыз ету.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11.

5-тақырып. Сотталғандардың міндетті еңбек етуімен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі мен шарттары

Айыппұл жазасын атқару тәртібі ҚР ҚАК 4 тарауымен реттелген. ҚР ҚАК 14 бабына сәйкес айыппұл үкім шығарған сотпен атқарылады. ҚР ҚК 40б сәйкес айыппұл сотпен тағайындалған ақшалай қаражат өндіріп алу боп табылады. Бұл жаза ең жеңіл және негізгі әрі қосымша жаза ретінде тағайындала алады. Оның мөлшері жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатына байланысты АЕК көлеміне сәйкес тағайындалады. Сотталған адам үкім күшіне енгенге дейін немесе енгеннен кейін өз еркімен айыппұлды өтей алады. Егер сотталушы сот бекіткен мерзімге дейін өтемесе, онда сот айыппұлды мәжбүрлеп атқаруды сот орындаушысына тапсырады.

Ондайда сот орындаушысы айыппұлды мәжбүрлеп орындатудың 1) сотталғаннның мүлкіне арест салу және сату арқылы өндіріп алуды мүлікке аударады; 2) өндіріп алуды сотталғанның жалақысына немесе басқа кірістеріне аудару арқылы; 3) басқа адамдардың иелігіндегі сотталғанның ақшалай қаражаттарына өндіріп алуды аудару арқылы түрлеріне жүгінеді.

Белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыру жазасы туралы соттың талаптары, осындай қызметпен айналысуға құқық беретін арнайы органдар үшін де міндетті. Олар мұндай қызметпен айналысуға берген құжатын немесе рұқсатын қайтып алуы керек. Аталған органдар сот үкімінің көшірмесін немесе қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алғаннан кейін, 3 күн ішінде сотталушыдан қызметпен айналысуға берген рұқсатын қайтып алып, ол туралы қылмыстық-атқару

Мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталушының меншігіндегі мүлікті толық немесе ішінара көлемде мәжбүрлі түрде қайтарусыз алып, мемлекеттің меншігіне өткізу болып табылады. Жазаның бұл түрі пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыстар үшін қосымша жаза ретінде тағайындалады.

Мүлікті тәркілеу жөніндегі үкім осы үкімді шығарған сот арқылы атқарылады.

Тәркілеудің затына сотталғанның жеке меншігіндегі мүлкі немесе ортақ меншігіндегі үлесі, сондай – ақ жұбайымен ортақ меншіктегі мүліктері, ақшалай қаражат, қымбат бағалы заттары, т.б. жатады. Тәркілеуге сотталғанның кез – келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктері алынады. Тәркілеудің затына қылмыстық – атқару кодексінің соңында, қосымшада тізілген мүліктер жатпайды. Бұл мүліктер сотталғанның күнделікті қажетті бұйымдары мен тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыруға жататын мүліктер болып табылады.

Сотталғанның ортақ меншіктегі үлесіне тәркілеу жүргізу кезінде ортақ меншіктегі адамдар мүліктің орнын ақшалай бергісі келсе, бұған рұқсат етіледі. Тәркілеуге алған мүліктің меншік иесі даулы болғанда да, мүлік тізімге алынады, бірақ мүлікке мүдделі адам мүлікті қайтарып алу мақсатында сотқа азаматтық – арызын беруге құқылы.

Мүлікті тәркілеуден арнайы тәркілеуді ажырата білу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 8.

6-тақырып. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларының атқарылу тәртібі мен шарттары

Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын атқару тәртібі мен шарттары ҚР ҚАК 6 тарауында реттелген. Қоғамдық жұмыстарға тарту – жазалар жүйесіндегі жаңа жазалардың бірі болып табылады. Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасының жазалаушылық мәні сотталған адам негізгі жұмысынан бос уақытта жергілікті басқару органдары бекіткен ақысыз қоғамға пайдалы еңбекпен айналысады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қылмыстық жазалардың ішінде мерзімі сағатпен анықталатын жаза болып табылады. Қоғамдық жұмыстарды орындау жазасы 60 сағаттан 240 сағатқа дейін, ал кәмелетке толмағандар үшін 40 сағаттан 160 сағатка дейін тағайындалады. Әрине, кәмелетке толмағандарды бұл жазаға тартқанда олардың күші жететін жасына сәйкес жұмыстарды орындау белгіленеді.

Түзеу жұмыстары адамды материалдық жазалаудың бір түрі болып табылады. Сондықтан жазаның негізгі көрінісі сотталушының айлық табысынан сот белгілеген мөлшерде ақшалай алым алуда көрінеді. Егер сотиалушының материалдық жағдайы төмендеген болса, онда оның табысынан ұсталымдар азайтылады немесе жазаны әрі қарай өтеуге материалдық жағдайынның қабілетсіздігі байқалғанда, тіпті жазадан босатылуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыз болуы. Сотталушының ауыр материалдық жағдайына байланысты жеңілдіктер, сотталған адамның өз өтініші, жұмыс істейтін мекеме, кәсіпорын әкімшілігінің немесе қылмыстық атқару инспекциясының сотқа жасаған өтініінің негізінде беріледі.

Бас бостандығын шектеу жазасы негізгі жаза ретінде қолданылады, ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес, сондықтан өте күшті әлеуметтік рольге ие болады. Яғни, сотталған адамға арнайы режим тағайындалып, оның мінез құлқы қадағалауға алынады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11.

7-тақырып. Сотталған әскери қызметкерлерге қолданылатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары

Әскери қызметін шектеу жазасына сотталған адам, бұрынғы атқарған әскери қызметін жаза мерзімінде орындап жүре береді. Ол сотталған уақытқа дейін қызмет жасаған бөлімінде сол дәрежеде қалдырылады, бірақ оның ақшалай табысынан сот белгіленген көлемде, 20 айыздан аспайтын мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталады. Сонымен бірге, сотталушы жаза өтеу мерзімінде лауазымды өсіруге, әскери атақ алуға ұсынылмайды және жаза мерзімі кезекті атақ алу үшін еңбек сіңірген жылдарына қосылмайды.

Бұл жазаның орындалуын сотталған қызмет етіп жүрген әскери бөлімнің командованиесі қадағалайды.

Әскери бөлімнің командирі сот үкімі келіп түскеннен кейін, үш күннен кешіктірмей, оның орныдалуы туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта сотталушының қандай негізде, қанша мерзімге лауазымы өсірілмейтіндігі, кезекті әскери атақ алуға осы мерзімнің ішінде ұсынылматындығы, кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына бұл мерзімдер есептелмейтіні баяндалады. Мұнан басқа, ол бұйрықта сотталғанның жаза мерзімі кезеңінде ақшалай табысынан қанша пайыз мемлекет кірісіне ұсталатыны көрсетіледі. Бұйрық әскери бөлімде жарияланып, сотталған әскери қызметші онымен танысады, мұнан кейін жаза атқарыла бастайды.

Әскери қызметшілер қамау жазасын гауптвахталарда өтейді. Гауптвахталарда жазаны прапощиктер, мичмандар, сержаттар, старшиналар қатардағы жауынгерлерден бөлек өтейді. Сол сияқты, осы топтағы сотталған әскери қызметшілерден офицерлер бөлек ұсталады.

Жаза өтеу уақытында әскери қызметші кезекті әскери атақ алуға ұсынылмайды, бұрынғы атқарған қызметінен жоғарғы қызметке және басқа әскери бөлімдердегі қызметке ауыстырылмайды. Заңда, жаза өтеу уақытында сотталушыны төменгі қызметке жіберу қарастырылмаған, бұл жағдай, осы жазаға сотталушыны жаза өтеуден кейінде қызметінде төмендетуді қолдануға негіз береді. Сотталған әскери қызметшілерге жаза өтеу уақытында ақшалай үлес төленбейді. Заң, қамау жазасына тартылған әскери адамға қандай ақшалар төленбейтіндігін анықтап көрсетпеген бұл жағдайды анықтап көрсету – офицерлер мен прапощиктердің ақшалай табысының қай түрлері төленбейтіндігін анықтау үшін қажет.

Сотталған әскери қызметкерлер жаза өтеу уақытында әскери жұмысынан шығып кете алмайды. Олар жаза өтеу уақытында ауруға шалдығып, әскерге жарамсыз болып саналғанда ғана әскери қызметтен шығарылып, жазадан босатылады немесе бақа жеңілірек жазалардың бірімен жазаның қалған бөлігі ауыстырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11.

8-тақырып. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жіктеу және оларды түзеу мекемелерінің түрлері бойынша бөлу

Сотталғандарды жіктеу белгілі бір жазаны бөліп атқаруға мүмкіндік тудырады. Сотталғандарды бөлу түзеу мекемелерінің жүйесін қалыптастырады, сотталғандарды мінез құлқының қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша жіктеуді қамтамасыз етеді.

ҚР ҚАК әртүрлі санаттағы сотталғандарды бір бірінен бөліп ұстауды бекітеді. Сотталғандарды жіктеу – бас бостандығынан айыру мекемелерінде топтарға бөліп және сол топтар негізінде бөліп ұстауды білдіреді. Топтастыру белгілері ретінде қылмыскерлердің және жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, жасы, жынысы, бұрын сотталғандығы және басқа да ерекшеліктері алынады. Демек, бас бостандығынан айыру сотталғандарды топтастыру дегеніміз жаза өтеушілердің жасаған қылмысының қоғамға қуіптілік дәрежесі мен сипатына, жасына, жынысына, бұрын сотталғандығына және басқа да ерекшеліктеріне қарай біртектес топтарға бөлу болып табылады.

Сотталғандарды топтастыру, жазаны оқшаулау түрде атқару, түзеу мекемелерінің жұмысын ығңайлы әрі тиімді жүргізу, сотталғандарды түзеу мақсаттарындағы тәрбиелеу жұмыстарды дұрыс іске асыру үшін қажет. Қылмыс жасаған адамдарды түзеу, яғни олармен әртүрлі деңгейдегі тәрбиелік жұмыстар жүргізу және олардың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай құқықтық шектеулерді белгілеу, оларды біртектес топтарға бөліп жүргізгенде анағұрлым тиімді болады.

Бас бостандығынана айыру жазасына сотталған адамдарды топтастыру қажеттілігі қылмыстық заңнан бастау алады. Мысалы, кінә нысанын, қылмыс санаттарын, кәмелетке толмағандардың жас деңгейін, соттылықты, қылмыс рецидивтілігін, қоғамға қауіптілікті ауырлататын және деңілдететін мән-жайларды қылмыстық заң анықтап, бұл негіздерде қылмыскерлер өзара ажыратылатынын ескертеді. Сонымен бірге қылмыстық заң 48-бапта колония қоныстарда, түзеу колонияларының жалпы, қатаң, ерекше режимінде, түрменің жалпы және қатаң режимдерінде, тәрбие колонияларының жалпы және күшейтілген режимдерінде қандай санаттардағы сотталғандар жазасын өтейтіндігін анықтайды.

Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда, аталған белгіні одан әрі қарай есептей отырып, үкімде режим түрін көрсетеді.

Түзеу мекемесіне келіп түскен сотталғандар міндетті дәрігерлік тексеруден өткізіледі, ал қажет болғанда, оларға санитарлық тазалық шаралары жүргізіледі. Мұнан кейін жаңадан келіп түскен сотталғандар 15 күнге карантинге жатқызылады. Карантин кезінде сотталғандарға жазаны өтеудің тәртібі мен олар сақтауға міндетті талаптар, түзеу мекемесіндегі тәртіп, қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы электрондық, дыбыстық-бейнелік азттардың қолданылатындығы, олар білуге міндетті т.б. жағдайлар түсіндіріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11.

9-тақырып. Түзеу мекемелеріндегі режимді құқықтық реттеу

ҚР ҚАК 77 бабына сәйкес түзеу мекемелеріндегі режим дегеніміз заңмен бекітілген және заңға әрі басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бас бостандығынан айыру жазасын атқару және өтеу тәртібі. Режим жазаның мазмұны мен мәнін ашады, ол арқылы сотталғандарға тағайындалған мәжбүрлеу мен құқықтық шектеу шаралары жүзеге асырылады. Сонымен қатар, режим жазаны атқару және өтеумен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қатысушы субъектілердің мінез құлық ережелерін бекітеді. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдардың қауіптілігінің жоғары болуына байланысты басқа жазаларға қарағанда түзеу мекемелерінде оларға қатал тәртіп қолданылады. Осы жазаны өтеу кезіндегі қатал жағдайдың түрі мен көлемі қылмыстық атқару заңында белгіленіп, ол түзеу мекемелеріндегі режимді білдіреді.

Режим ұғымын кең және тар мағынада қарастыруға болады. Тар мағынасында режим – бұл қылмыстық атқару заңы нормаларымен реттелетін бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мен атқарудың тәртібі болып табылады. Демек, түзеу мекемелеріндегі режим белгілі бір нормативтік актілер арқылы, яғни қылмыстық атқару заңымен анықталып, түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіп ережесімен, Әділет министрлігінің өзге де бұйрықтарымен толықтырылады. Режим бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жаза өтеу мәселелеріне арналғандықтан, оның мазмұны, көлемі толығымен нақты заңдарда бейнеленуге жатады.

Режимнің түрі — түзеу колонияларының түрін білдіреді. Бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелері төртке бөлінеді:

- түзеу колониялары;

- түрмелер;

- тәрбиелеу колониялары;

- емдеу-түзеу мекемелері.»

Бүл түзеу мекемелері сотталғандардың қоғамдық қауіптілік деңгейіне, олардың жасына, сондай-ақ денсаулық жағдайына қарай өзара ажыратылады. Ересек, кәмелетке толған сотталғандар жазаны түзеу колонияларында немесе түрмелерде өтесе, ал көмелетке толмағандар тәрбиелеу колонияларында өтейді. Денсаулығы нашарлағандар, науқасқа шалдыққан сотталғандар жазаны емдеу-түзеу мекемесінде өтейді. Түзеу колониялары сотталғандардың жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатына және қылмыскерлердің жеке басының қауіптілігіне қарай қоныстану колонияларына, жалпы, қатаң жөне ерекше режимдердегі колониялаота бөлінеді..

Тәрбиелеу колониялары жалпы және күшейтілген режимдердегі колонияларға бөлінеді.

Жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыру жазасына бірнеше рет сотталған ер жынысты кәмелетке толмағандармен барлық кәмелетке толмаған әйел жынысты сотталғандар жазасын өтейді. Ал, күшейтілген режимдегі тәрбилеу колонияларында, бұрын бас бостандығынан айыру сотталған ер жыныстылар жаза өтейді.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11, 15, 16.

10-тақырып. Түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбек етуін, оларға тәрбиелік ықпал етуді, жалпы және кәсіптік білім беруді құқықтық реттеу

Адамды тәрбиелеу мәселесінде тиімді жұмыс істеу үшін алдымен сотталушыны еңбекке баулу қажет, содан кейін ғана басқа да тәбиелеу құралдарын қолдану ыңғайлы. Басқаша айтқанда, жазасын өтеп жүрген адам еңбекке ықылассыз болса, одан бас тартса, ол сотталушыға басқа тәрбиелеу құралын қолданудан нәтиже шықпайды.

Еңбектің тәрбиелік әсерінің маңыздылығы бас бостандығынан айыру жазасында ғана емес, басқа да жаза түрлерінде ескеріліп, оған барлық қылмыстық атқару жүйесіне қарайтын мекемелер көңіл аударады.

Түзеу колонияларындағы еңбек – сотталғандарды тәрбиелеу құралы ғана емес, өзге де маңызды қызметтерді қамтамасыз етуге жол ашатын тәсіл ретінде қолданылады. Соның бірі – еңбектің бас бостандығынан айыру орындарындағы экономикалық мәні болып табылады. Қазіргі кезде түзеу мекемелеріне мемлекет тарапынан жұмыс тапсырыстары аайған. Сондықтан, қылмыстық атқару заңы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың мемлекеттік қана емес, ұжымдық, жеке меншік кәсіпорындардың жұмыстарына жіберілуі мүмкіндігін шектемеген. Мұндай жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі қоғам қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, түзеу мекемелері тапсырыстарды әртүрлі шаруашылық субъекттерінен қабылдап, ол жұмыстарды түзеу колониялары шегінде орындауға құқылы.

Сотталғандардың еңбегін – түзеу мекемесінің материалдық қорын және сотталғандардың өздерін қамтамасыз ете алады. Жазаны өтеу орындарындағы еңбектің экономикалық мәні – «барлық адамдар еңбекпен айналысу арқылы өз қажеттілігін өтейді, бұл жағдай сотталған адамдарға да қатысты, дегеннен шығады. Бірақ, түзеу мекемелері сотталғандарды өндірістік-шаруашылық қызметке араластырғанда, олардың еңбегі арқылы пайда табуды көздемеуі керек. Мұндағы еңбектің тәрбиелік мәні – «адам өз қажеттілігін өз еңбегі арқылы өтеуі керек» - деген қағидаға бағынады. Адамның өмірінде еңбек ету өте қажет. Жұмыссыздық немесе еңбекке араласпау адамгершілік тұрғыдан ғана емес, оның дене тәрбиесіне, яғни организіміне жауаптылықпен қарап, тәртіпті жұмысты істеуді үйрете бастайды. Демек, еңбек – адамды тәртіпке салу мәнін де атқара алады.

Сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбегі, тәрбиелік ықпалымен қатар, жазаның міндеттеуші белгісінің бірі болып табылады. Сотталғандарды еңбекке тарту негізінде қылмыс жасаған кезде келтірген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі жатыр. Адам дене еңбегіне арласқан кезде шыдамдылыққа, кәсіпке үйренеді. Шыдамдылық тәрізді жақсы қасиеттер сотталғандардың бойында аз кездесіп, көпшілік жағдайларда қылмыс жасауға итермелеуші себеп болып саналады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6, 8, 10, 11, 15, 16.

11-тақырып. Өлім жазасының атқарылу тәртібі мен шарттары

Өлім жазасы Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген реттерде, сотталған аса ауыр қылмыстарды жасаған жағдайда және ол сотталған «енді түзелмейтін, қоғамға пайдасыз адам» деп танылғанда, ең ауыр жаза ретінде қолданылады. Қазақстанда өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толмай қылмыс жасағандарға және сот үкімі шығарған кезде 65 жасқа толған ер адамдарға тағайындалмайды. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен, жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы, өмір бойы бас бостандығынан айырумен немесе 25 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.

Өлім жазасына сотталған адам жеке адамдық камераға орналастырады және сол камерада тамақтанады, олар сыртқа сейілдеуден басқа уақыттарда сыртқа шығарылмайды. Қамера қаралып, тінтіліп отырады.

Өлім жазасы мынадай жағдайларда орындалады:

-сот үкімі заңды күшіне енгенде;

ҚР Бас Прокурорының қадағалау тәртібімен соттың үкіміне қарсылық жасау үшін негіздердің жоқтығы және істі қадағалау тәртібімен қарау үшін де негіздердің жоқтығы туралы қорытындысы болғанда;

-Президент сотталғанға кешірім жасамай, сот үкімін күшінде қалдырғанда;

-сотталғанның кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқаны туралы акті болғанда.

Өлім жазасына кесілген сотталғандарға қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген қылмыстары түсіндіріледі.

Сотталғанның үкімі заңды күшіне енгенге дейін және енгеннен кейін де, заңда көзделген тәртіппен қажетті азаматтық-құқықтық және неке-отбасылық қатынастарды рәсімдеуге құқығы бар. Бұл қатынастарға өсиет қалдыруды рәсімдеу, сыйға беру шартын құру, сатып алу-сату, некені тіркеу, әкелікті таныту (туылмаған балаларға да) сиқты шарттар жатады. Сотталған өзінің істерін жүргізуге басқа адамға сенімхат бере алады. Сенімхат – сотталушы жатқан мекеменің бастығымен бекітіледі.

Кешірім жасау туралы өтініш қанағаттандырылмаған сотталғандар үкім орындалатын мекемеге ауыстырылады. Бұл жерде олар түрменің қатаң жағдайында ұсталады.

Өлім жазасы орындалу тәсілі бойынша жария етілмей, ату жолымен орындалады. Бірнеше адамдарға қатысты өлім жазасы әрбіреуіне жеке және өзгелері жоқта орындалады.

Жазаны атқарған органның әкімшілігі, үкім шығарған сотқа және сотталғанның жақын туыстарының біріне орындалғаны туралы хабарлайды. Мәйіттің жерленген жері туыстарына үкім орындалғаннан кейін, 2 жыл өткен соң хабарланады. Өлім жазаына кесілген адамның мәйіті туыстарына берілмейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органына әкімшілік белгіленеген үлгіде хабарлама жіберіледі және туыстарына сотталуының өлгені туралы куәлікті қайдан алуына болатыны хабарданады.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 6, 8, 10, 11.

12-тақырып Шет мемлекеттерде жазаны атқару ерекшеліктері

Шет мемлекеттердегі жазаны атқару жүйесінің біздің еліміздегі сияқты өзіне тән тарихы бар. Жазаны атқару жекелеген елдерде қалай ұйымдастырылғаны жөнінде мысалдар келтіре отыра қарастырайық.

АҚШ-та жазаны атқару. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны атқару қылмыстық және қылмыстық ісжүргізу заңдылығымен, ал бас бостандығынан айыру пенитенциарлық нормалармен реттеледі.

Қазіргі қызметтегі жазаны атқаруды құқықтық реттеудің федералдық бөлігі «Кодефикацияланған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының» 17 бөлімінің «Қылмыс» 1бөлімі, «Түрме және онда ұстаоатындар» 3бөлімінде реттелген.Қылмыс жасағаны үшін американдық судьялар пробация, айыппұл, түрмеге қамауды жиі қолданады.

Пробация біздің еліміздегі шартты соттауға келеді. Пробацияға сотталған адам қосымша сот тағайындаған міндеттерді атқаруы тиіс, әйтпесе, пробацияның уақыты немесе шарттары өзгереді немесе пробация жөніндегі үкім басқа жазаға алмастырылады.

АҚШ-тағы ең кең тараған жаза айыппұл. Ол фелония және мисдиминор үшін біреудің өліміне әкеп соқса, 250 мың АҚШ доллары (заңды ұйым болса 500мың АҚШ доллары) Айыппұл егер сот белгілі бір уақытты немесе төлем кестесін тағайындамаған болса, ол дереу төленуі керек.

Бас бостандығынан айыру жазасын атқару АҚШ-та түзеу мекемелеріне жүктелген. Түзеу мекемелерінің жүйесін федерелдық түрмелер, штат түрмелері және жергілікті (өлкелік және муниципалдық түрмелер) құрайды.

Федералдық түзеу мекемелері келесі төрт түрге бөлінеді: 1) минималды қауіпсіз, 2) орташа қауіпсіз, 3) максималды қауіпсіз, 4) аса қауіпсіз.

Кәмілетке толмағандар жазасын жастардың реформаториясында немесе тәрбиелеу мектептерінде өтейді, онда ересектердің жазасын өтеу тәртібіне қарағанда әлдеқайда жеңіл тәртіп бекітілген.

Ұлыбританияда жазаны атқаруерекшеліктері. Ұлыбританияда пенетенциарлық ғылымның негізін қалаған Д.Говард және И.Бентам дүниеге келгені мәлім. Олар қоғамға пенитенциарлық жүйенің негізін ұсынған ғалымдар.

Бұл елдің ерекшелігі ретінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза ретінде (үкімді кейінге қалдыру, пробация, қоғамға қызмет келтіру) және пенитенциарлық жүйесін айта аламыз.

Үкімді кейінге қалдыру институты қылмыс жасаған адамға үкім шығарылғанға дейін түзелгенін білдіріп, қылмыс нәтижесін жоюға бар мүмкіндігін салуға мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 6, 8, 10, 11.

7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

1-тақырып. ҚР Қылмыстық атқару құқығының түсінігі, оның пәні мен әдісі

Сұрақнама

  1. Қылмыстық атқару құқығының түсінігі, пәні және әдісі.

  2. Қылмыстық атқару құқығының міндеттері және жүйесі.

  3. Қылмыстық атқару құқығы ғылымы.

Тапсырмалар: Қылмыстық атқару құқығының ұқсас құқық салаларымен арақатынасы мәселесін зерттеу.

2-тақырып. ҚР Қылмыстық атқару заңнамасы. Жазаны атқарудың халықаралық актілері

Сұрақнама

  1. Қылмыстық атқару заңнамасының түсінігі, мазмұны және міндеттері.

  2. Қылмыстық атқару құқығы нормаларының түсінігі, түрлері мен құрылымы.

  3. Қылмыстық атқару құқықтық қатынастары және олардың түрлері.

  4. Сотталғандарға қараудың халықаралық актілері

Тапсырмалар: Қылмыстық атқару құқығы нормаларының және кеңістіктегі және уаықттағы күшін зерттеу.

3-тақырып. Жазасын өтеуші адамдардың сипаттамасы мен құқықтық жағдайы

Сұрақнама

  1. Жазасын өтеуші адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі.

  2. Сотталғандардың негізгі міндеттері.

  3. Сотталғандардың негізгі құқықтары.

Тапсырмалар: жазасын өтеуші адамдардың әлеуметтік-демографиялық, қылмыстық құқықтық және қылмыстық атқарушылық сипаттамасын беріңіз.

4-тақырып. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар жүйесі. Жазаны атқару және түзеу ықпалын қолдану

Сұрақнама

  1. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың міндеттері мен түрлері.

  2. Жазаны атқару (өтеу) түсінігі және оны құқықтық реттеу.

  3. Сотталғандарға түзеу құралдарын қолданудың түсінігі мен оны құқықтық реттеу.

  4. Сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары.

Тапсырмалар: жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлерінің қызметтеін бақылау түсінігі мен оның әлеуметтік-құқықтық маңызы мәселесін зерттеңіз. Жазаны атқару (өтеу) режимінің түсінігін беріп, оның негізгі функцияларын ажыратыңыз.

5-тақырып. Сотталғандардың міндетті еңбек етуімен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі мен шарттары.

Сұрақнама

  1. Айыппұл жазасының атқарылу тәртібі мен шарттары.

  2. Белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру жазасының атқарылу тәртібі мен шарттары.

Тапсырма: ҚР ҚК-нің 40, 41, 50, 51-баптарында көзделген жаза түрлерінің сипаттамасын, олардың түсінігі, мазмұны, төменгі және жоғарғы шектерін еске түсіріп, қайталаңыз.

6-тақырып. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу жазаларының атқарылу тәртібі мен шарттары

Сұрақнама

  1. Қоғамдық жұмыстарға тартуды атқару тәртібі мен шарттары.

  2. Түзеу жұмыстарын атқару тәртібі мен шарттары.

  3. Бас бостандығын шектеуді атқару тәртібі мен шарттары

Тапсырмалар: ҚК-тің 42, 43, 45, баптарында көзделген жаза түрлерінің сипаттамасын, олардың түсінігі, мазмұны, төменгі және жоғарғы шектерін еске түсіріп, қайталаңыз.

7-тақырып. Сотталған әскери қызметкерлерге қолданылатын жазалардың атқарылу тәртібі мен шарттары

Сұрақнама

  1. Әскери қызметі бойынша шектеуді атқаруды құқықтық реттеу.

  2. Гауфтвахтаға қамау жазасын атқару.

Тапсырмалар: әскери қызметкерлерге тағайындалатын жазаларға сипаттама беріңіз.

8-тақырып. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жіктеу және оларды түзеу мекемелерінің түрлері бойынша бөлу

Сұрақнама

  1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жіктеу.

  2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелерінің түрлері бойынша бөлу және оларды түзеу мекемелеріне қабылдау тәртібі.

Тапсырмалар: жаза мақсаттарына жету үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жіктеудің маңызы туралы талдау жасалған баяндама дайындаңыз.

9-тақырып. Түзеу мекемелеріндегі режимді құқықтық реттеу

Сұрақнама

  1. Түзеу мекемелеріндегі режим түсінігі және оның негізгі функциялары.

  2. Түзеу мекемелеріндегі режим мазмұны.

  3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеу барысында ұстау жағдайларын өзгерту.

Тапсырмалар: түзеу мекемелеріне ерекше жағдайлар режимін енгізу негіздерін және оның сотталғандардың құқықтық жағдайына әсерін қарастырыңыз.

10-тақырып. Түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбек етуін, оларға тәрбиелік ықпал етуді, жалпы және кәсіптік білім беруді құқықтық реттеу

Сұрақнама

  1. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен нысандары.

  2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбек ету жағдайы және оларға жалақы төлеу.

  3. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жалпы және арнайы кәсіптік білім беру.

Тапсырмалар: бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қолданылатын марапаттау және жазалау шаралары және оларды қолдану негіздері туралы мәселелерді қарастыру.

11-тақырып. Өлім жазасын атқару тәртібі мен шарттары

Сұрақнама

  1. Қазақстан Республикасы мен шетелдердің заңдары өлім жазасының түсінігі.

  2. ҚР-ында өлім жазасын атқару тәртібі мен шарттары.

Тапсырмалар: «Өлім жазасын жақтау және қарсы тұру» тақырыбын талдау жасау арқылы баяндама дайындау.

12-тақырып. Шет мемлекеттерде жазаны атқару ерекшеліктері

Сұрақнама

1.Шет мемлекеттерде жазаның кейбір түрлерін атқару ерекшеліктері

2.Шет мемлекеттердегі пенетенциарлық жүйе

Тапсырмалар: Шет мемлекеттерде жазаның атқарылу тәртібі мен шаттарын ҚР жазасын атқару ерекшеліктерімен салыстыра отырып танысу.

8. Лабораториялық жұмыс жоспары –қарастырылмағын.