- •Оқу әдістемелік кешен
- •5B030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сырттай оқу бөлімінің жұмыс оқу бағдарламасы
- •3.Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •9.1Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •10.04.2013 Ж №10 хаттама
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
12.1 Баға туралы ақпараттар
Студенттің білімін бағалайтын рейтинг-шкала
Рейтинг |
Балдар |
Ағымдық |
50 - 100 |
Аралық |
50 - 100 |
Қорытынды |
50 - 100 |
Барлығы: |
50 - 100 |
Білімді бағалау критерийі:
Рейтинг (әріптік эквивалент) |
Өлшемдері |
0-49 (F)
|
Бағдарламалық материал бойынша білімнің болмауы; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеуі және үлкен қателіктерді жіберу |
50-74 (D, D+, C-, C, C+) |
Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; бағдарламалық материалды жеткілікті терең түсінбейтіндігі байқалады; негізгі ойлар мен теориялық ережелерді баяндауда жеке қателіктер болғанда; материалды репродуктивті баяндау іскерлігі ғана байқалады; өз еркімен қорыту және талқылау байқалмайды |
75-89 (B-, B, B+) |
Жауап толық, дұрыс; тақырып бойынша негізгі ойлар, ережелер жайлы білімі көрсетілді. Нақтылы материалды, негізгі түсініктер мен заңдарды білу. Материалды басқа оқу құралдарын, периодты баспаларын қолдана отырып баяндау. Дәлелдеме жүргізу, дәлелдеу іскерлігі, жоққа шығару, қорытындылай және жалпылама жасауы, бірақ, баяндауда дәлдік жоқ, негізгі емес, мазмұны бұрмаланған. |
90-100 (A-, A) |
Жауап толық, дұрыс; тақырып бойынша негізгі ойлар, ережелер жайлы білімі көрсетілді. Нақтылы материалды, негізгі түсініктер мен заңдарды білу. Материалды басқа оқу құралдарын, периодты баспаларын қолдана отырып баяндау. Дәлелдеме жүргізу, дәлелдеу іскерлігі, жоққа шығару, қорытындылай және жалпылама жасауы
.
|
12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1 Қылмыстық атқару құқығының пәнін не құрайды:
А) Атқару және жазасын өтеуді қолдану процесінде сотталушыларды тәрбиелеуге әсер етуде пайда болатын қоғамдық қатынастар
В) Мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар
С) Қылмыстық тергейтін органдар қызметінің тәртібі мен нысанын реттейтін қоғам-дық қатынастар
Д) Қылмыстық жазамен қорқыту арқылы тұлғаның қылмыс жасауын алдын-алумен байланысты қоғамдық қатынастар
Е) айыпталушы және сезіктілерді қылмыс жасағаны үшін арнайы мекемелерде ұстау процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар
2 Осы көрсетілген қағидалардың қайсысы қылмыстық атқару құқығының салалық қағидасы болып табылады:
А) Демократизм қағидасы
В) Гуманизм қағидасы
С) Азаматтардың заң алдында теңдігі қағидасы
Д) Жазаларды атқарудың дифференциация және индивидуализация қағидасы
Е) Заңдылық қағидасы
3 Қылмыстық атқару құқығының қайнар-көзі болып не табылады:
А) ҚР Қылмыстық атқару Кодексі
В) “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” ҚР-ның заңы
С) ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Д) ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі
Е) Құқықтық әдет-ғұрып
4 Қылмыстық атқару заңдылығының мақсаты болып табылады:
А) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
В) Сотталушыны түзету
С) Сотталушыны тәрбиелеу
Д) Сотталушының жаңадан қылмыс жасауын алдын-алу
Е)Басқа тұлғалармен қылмыс жасауын алдын-алу
5 Құқықтық нормалардың қай түріне сотталушының мінез-құлқын мақұлдауын ынталандыруға бағытталған норма жатады:
А) Реттеушілік
В) Көтермелеу
С) Қорғаушылық
Д) Ұйымдастырушылық-техникалық
Е) Уәкілдікетуші
6 ҚР Қылмыстық атқару кодексіқашан қабылданды?
А) 16 шілде 1997 ж
В) 13 желтоқсан 1997 ж
С) 30 наурыз 1999 ж
Д) 1 қаңтар 1998 ж
Е) 18 желтоқсан 1996 ж
7 Еңбекпен-түзеу Кодексі КазССР ен алғаш рет қашан әрекетке енгізілген?
А) 17 желтоқсан 1971 ж
В) 11 мамыр 1972 ж
С) 1 шілде 1972 ж
Д) 16 қазан 1924 ж
Е) 1 тамыз 1933 ж
8 ҚР Қылмыстық атқару Кодексі ен ағаш рет қашан әрекетке енгізілген?
А) 1 қаңтар 1997 ж
В) 1қаңтар 1998 ж
С) 13 желтоқсан 1997 ж
Д) 18 желтоқсан 1986 ж
Е) 1шілде 1998 ж
9 Жазаны атқаруға негіз болып не табылмайды:
А) Заңдық күшіне енген соттық айыптау үкімі
В) Соттық айыптау үкімін өзгертетін, соттың қаулысы
С) Рақымшылық актісі
Д) Амнистия немесе кешірім актісі
Е) прокурордың наразылығы
10 Адамзаттың тұрмыстық ережелерімен салт-дәстүрлеріне, тұлғаларға, қоғамға, еңбекке, нормаларға дұрыс қатынасты, сотталушыда дұрыс мінез-құлық қалыптастыру-бұл:
А) Жазаны атқарудың
В) Сотталушыны түзету
С) Сотталушыны тәрбиелеу
Д) Сотталушының әлеуметтік бейімделуі
Е) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
11 Қылмыстық атқару құқығының нормаларымен реттелген сотталушының құқықтары мен бостандықтарының шектелуінде сипатталатын мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының қолдану тәртібі – бұл:
А) Жазаны атқарудың
В) Сотталушыны түзету
С) Сотталушыны тәрбиелеу
Д) Сотталушының әлеуметтік бейімделуі
Е) Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру
12 Қылмыстық атқару құқығы – бұл:
А) Әрекеттің қылмыстылығын және жазалатындығын анықтайтын нормалар жиын-тығы
В) Түзеу шараларын қолдану және жазаның барлық түрлерінің атқарылуы мен өтелуінің және процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы
С) Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқарылуы мен өтелуі бойынша және процесі кезінде пайда болатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы
Д) Мемлекеттік басқару саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы
Е) Қылмыстылықты, қылмыскердің жеке басын, қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары, сонымен қатар қылмысты жасаудың алдын-алу шараларын зерттейтін әлеуметтік - құқықтық ғылым
13 Сотталушыны түзетудің негізгі құралы болып не табылмайды:
А) Жазаларды атқару режимі
В) Тәрбиелеу жұмыстары
С) Жоғарғы білім алу
Д) Кәсіби дайындық
Е) Қоғамдық ықпал
14 Әртүрлі құқық салаларының нормаларымен бекітілген және құқықтардың, заңды мүдделердің және міндеттердің жиынтығы белгілі бір түрінің өтелуі кезіндегі сотталушылардың жағдайы – бұл:
А) Айыпталушының құқықтық жағдайы
В) Сезіктінің құқықтық жағдайы
С) Сотталушының құқықтық жағдайы
Д) Тұлғаның құқықтық жағдайы
Е) Шетел азаматының құқықтық жағдайы
15 Мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану, сонымен қатар республикалық референдумге қатысуға құқығынан айырыл-ғандар:
А) Қоғамдық жұмыстарға сотталғандар
В) Бас бостандығын шектеуге сотталғандар
С) Түзеу жұмыстарына сотталғандар
Д) Бас бостандығын айыруға сотталғандар
Е) Белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысуға құқығынан айырылған сотталғандар
16 Сотталушының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығы жүктелмеген:
А) Түзеу колониясының әкімшілігіне
В) Қылмыстық атқару инспекциясының әкімшілігіне
С) Қамау үйлерінің әкімшілігіне
Д) Тергеушілік оқшаулау орындарының әкімшілігіне
Е) Тәрбиелеу колониясының әкімшілігіне
17 Айыппұл түріндегі жаза атқарылады:
А) Қылмыстық атқару инспекциясымен
В) Сотпен
С) ҚР Ұттық банкімен
Д) Салық инспекциясымен
Е) Қаржы полициясымен
18 Мүліті тәркілеу түріндегі жаза атқарылады:
А) Қылмыстық атқару инспекциясымен
В) Сотпен
С) ҚР Ұттық банкімен
Д) Салық инспекциясымен
Е) Қаржы полициясымен
19 Негізгі жаза ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза атқарылады:
А) Қылмыстық атқару инспекциясымен
В) Сотпен
С) Сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның лауазымды тұлғасымен
Д) Әскери бөлімдерінің басқармасымен
Е) Мемлекеттік қызмет бойынша агенттікпен
20 Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәре-жеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы сот үкімі атқарылады:
А) Қылмыстық атқару инспекциясымен
В) Сотпен
С) Оларды тағайындаған лауазымды тұлғаламен
Д) Дисциплинарлық әскери бөліммен
Е) Қамау үйімен
Жауаптар
-
Сұрақ нөмірі
Дұрыс жауабы
A
D
A
C
B
B
C
B
E
B
A
B
C
C
D
B
B
B
A
C
Студентердің білімін бағалау деңгейі
Дұрыс жауаптардың саны |
Баға |
19-20 |
Үздік |
16-18 |
Жақсы |
10-15 |
Қанағат |
10 баллдан төмен |
Қанағатсыз |
