- •Оқу әдістемелік кешен
- •5B030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сырттай оқу бөлімінің жұмыс оқу бағдарламасы
- •3.Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •9.1Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •10.04.2013 Ж №10 хаттама
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
9.1Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар:
Тақырыптарды меңгеру барысында аталңан жаза түрлерінің мазмұнын, олардың атқарылу тәртібі мен шарттарын, оларды атқаратын мекемелер мен органдар жүйесі мен түрлерін, жазаның осы түрлерін өтеуші адамдардың құқықтық жағдайын жєне жазаны өтеу кезіндегі жауапкершілігін ұғыну керек. Түзеу мекемелеріндегі режим түсінігі мен оның негізгі талаптарымен танысыңыз, сол сияқты оның негізгі функцияларын талдаңыз. Түзеу мекемелеріндегі режим түсінігі мен ерекше жағдайлар режимі түсініктерінің айырмашылықтарын анықтаңыз, ерекше жағдайлар режимі кезінде сотталғандардың қандай құқықтарына шектеу қойылатынына назар аударыңыз.
Сотталғандарды еңбекке тартуды құқықтық реттеу және қоғамға пайдалы еңбектің тәрбиелік мүмкіндіктері, оның бас бостандығынан айыру орындарындағы экономикалық, сауықтыру, алдын алушылық мањызы туралы мәселелерді қарастыру керек.
9.2 Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар – көзделмеген
10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Тақырып 1. ҚР Қылмыстық атқару құқығының түсінігі, оның пәні мен әдісі
Тапсырма: ҚР Қылмыстық атқару құқығының қағидалары анықтау. ҚАҚ қағидалары мен құқықтың жалпы қағидаларының арақатынасын ашу.
СОӨЖ өткізу түрі: дайындалған материалдарды талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: қылмыстық атқару құқығы өзінің арнайы міндеттері, пәні, қоғамдық қатынастарды реттеу әдісі мен заң жүйесіне қарай дербес құқық саласына ажыратылған қазақстандық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттер бұл тақырыпты қарастырғанда қылмыстық атқару құқының қандай міндеттері, құқықтың осы саласын құқықтық реттеудің қандай пәні мен әдістері болатындығын, сонымен бірге қылмыстық атқару құқығының жүйесін құрайтын қандай нормативтік акттер бар екендігін меңгеруі тиіс.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-8.
Тақырып 2. Қылмыстық атқару заңнамасы. Жазаны атқарудың халықаралық актілер
Тапсырма: .Қылмыстық атқару заңнамасының даму тарихы және оны жетілдіру мәселелері анықтау.
2.Салыстырмалы кесте құрастырыңыз: «Қазақ КСР 1971-ж. ЕТК және ҚР 1997-ж. ҚАК».
3.Уткин В.А Международные стандарты обращения с осужденнымии проблемы их реализации 1 тарауының 1-7 конспектілеу
СОӨЖ өткізу түрі:реферат жазу
Әдістемелік нұсқаулар: студенттер қылмыстық атқару заңнамасының түсінігін, оның айрықша белгілерін игеруі керек. Қылмыстық атқару құқықтық қатынастары туралы сұрақты қарастырғанда олардың құрылымын талдап, игеруі керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1-4.
Тақырып 3. Жазасын өтеуші адамдардың сипаттамасы мен құқықтық жағдайы
Тапсырма: 1.Сотталғандардың құқықтық жағдайы және оның элементтерінің мазмұнын анықтау.
2.Кестелер құрастырыңыз:
а)сотталғандардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы;
б)сотталғандардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы;
в)сотталғандардың қылмыстық атқарушылық сипаттамасы;
г)сотталушылардың арнайы мәртебесінің пайда болу механизмі.
СОӨЖ өткізу түрі: дайындалған материалдарды талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: сотталғандардың құқықтық жағдайы түсінігі мен осы мәселеге қатысты ҚР ҚАК-інде жеке тараудың ажыратылуының маңыздылығын ұғыныңыз, сонымен қатар жазаларын өтеуші адамдардың құқықтық жағдайының мазмұнын ұғыну керек. Сол сияқты, ҚР ҚАК-нің 9, 10-баптарында «сотталғандардың негізгі міндеттері» және «сотталғандардың негізгі құқықтары» терминдерінің не үшін қолданылғанын ұғыну керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: 4-9.
Тақырып 4. Жазаны атқару және түзеу ықпалын қолдану. Жазаны атқару мекемелері мен органдар жүйесі
Тапсырма:
1.Жазаны атқаруды даралау және сотталғандарға түзеу ықпалын қолдануды даралау: түсінігі, белгілері және мазмұнын анықтау.
2.Кестелер құрастырыңыз:
а) Жазаны атқару негіздері;
б) сотталғандарды түзеудің негізгі құралдары.
3.Кестелер құрастырыңыз:
а)ҚР-ында жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың түрлері;
б)ҚР-ында жазаларды атқарушы мекемелер мен органдардың міндеттері;
СОӨЖ өткізу түрі: дайындалған материалдарды талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: студенттер «жазаны атқару» және «жазаны өтеу» түсініктерін ұғынып, оларды бір-бірінен ажыратуға тиіс. Сонымен бірге, «сотталушыны түзеу» құқықтық категория екенін және оны «түзеу ықпалы» түсінігінен ажырата білу керектігін ұғынулары керек. ҚР ҚАК-нің 7-бабы 2-бөліміне сәйкес сотталғандарды түзеудің негізгі құралдарының жүйесін жете игергені жөн.
Ұсынылатын әдебиеттер: 9-12.
Тақырып 5. Сотталғандардың міндетті еңбек етуімен байланысты емес жазаларды атқару тәртібі мен шарттары
Тапсырма:
1.Келесі нормативтік құқықтық актіге талдау жасаңыз:
2)«Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңы.
2.Кестелер құрастырыңыз:
а)Айыппұл түріндегі жазаның атқарылу тәртібі мен шарттары;
б)Мүлкін тәркілеуді атқару тәртібі мен шарттары.
3.Есептер шығару.
СОӨЖ өткізу түрі: дайындалған материалдарды талқылау
Әдістемелік нұсқаулар: тақырыпты меңгеруде қарастырылатын жаза түрлерінің мазмұнын, олардың атқарылу тәртіптері мен шарттарын, оларды атқаратын мекемелер мен органдардың жүйесі мен түрлерін, жазаның осы түрлерін өтеуші адамдардың құқықтық жағдайын, сол сияқты осы жазаларды өтеуден сотталғандар ерекше зұлымдықпен бұлтарғанда орын алатын жауапкершілікті ұғыну керек
Ұсынылатын әдебиеттер: 4-11.
