Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
теория және тәжірибе АППАРАТУРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Сабақ 51-52

Тақырып 2.4: Ядролық-магнитті и магнитті каротаж.

Жоспар:

1. Жердің магнитті өрісіндегі ядролық-магнитті каротаж.

2. Магнитті каротаж.

ЖЕРДІҢ МАГНИТТІ ӨРІСІНДЕГІ ЯДРОЛЫҚ –МАГНИТТІ КАРОТАЖ

ЯМК өлшеу зондыларына қойылатын талаптар:

- еркін флюидтің индексін анықтаудың диапазоны — 3-100 %;

- ИСФ анықтаудың рұқсат етілген негізгі олқылықтарының шегі - ±3 %, ИСФ диапазонында 3-тен 50% және ±5 % ИСФ диапазонында 50-ден 100% дейін.

- қоректену кернеуінің ±10 %-ға өзгеруінен пайда болған рұқсат етілген қосымша олқылықтар – негізгі олқылықтан 0,2 жоғары емес;

- қоршаған орта темпиратурасының өзгеруімен пайда болған рұқсат етілген қосымша олқылық 20 °С-қа тең стандартты мәнге сәйкес әртір 10 °С-қа негізгі олқылықтан 0,1 жоғары емес.

Бастапқы және мерзімді калибрлеуді ұңғыма аспабын ИСФ 3264-84 стандартты үлгіге орналастыра отырып орындайды, оны қуат, жарықтандырушы, радиотрансляциялық желіден 50м кем емес қашықтықта, 50м радиуста ұсақ ферромагнитті заттарды (темір лом) ала отырып, тік орнатады. Далалық калибрлеуді бақылау датчигінің көмегімен жүргізеді.

Калибрлеу қондырғысында орналасқан аспапқа қойылатын талаптар: СП сигналының кедергіге қатынасы – 100 кем емес; СП сигналының төмендеу уақыты – 200мс кем емес; жиілік реттеудің прецессия жиілігінің ауытқуынан – 5 ГЦ кем емес.

Бақыланатын параметрлер: полярлау уақыты – 2с жоғары; «өлі» уақыт - 35мс кем емес; бірінші кідіру уақыты (U1 өлшемдері үшін) – 100 мс кем емес; реттеу және прецессия жиіліктеріндегі айырмашылық – 5 Гц жоғары.

Калибрлеуге жататын шамалар: U1, U2, U3 өлшеу каналдарының нуль-сигналдары; үздіксіз кернеулікпен (стандарт-сигналдар) каналды калибрлеу кезіндегі U1, U2, U3; ауытқулары; ИСФ стандатты үлгісінде U1, U2, U3; ауытқулары; бақылау датчигіндегі СП сигналына сәйкес келетін U1, U2, U3; ауытқулары.

Аспаптың көмегімен ұңғымаға бақылау датчигінің сигналдарын, нуль- және U1, U2, U3; стандарт-сигналдарын тіркейді.

Аспапты зерттеу интервалына түсіргеннен кейін, бақыланатын датчик көмегімен жиілік реттеулердің прецессия жиілігіне сәйкестігін тексереді және полярлау тоғының сөнген қалпында кедергілердің деңгейін тексереді (фондық жазба).

МАГНИТТІК КАРОТАЖ

Магниттік каратажды өткізу үшін: ұңғымалық каппаметрлерді – ортаның магниттік қабылдағыштығын зерттеу үшін; ұңғымалық магнитометрлерді – магнитті өрістің кернеулігін тексеру үшін қолданады.

Магниттік каротажға арналған аспаптарға қойылатын негізгі талаптар:  магниттік қабылдағыштығы мен Т вектор модулінің геомагниттік өрісінің кернеулігі мен оны құрайтындарды анықтау;  < 10-4 бірлікті әлсізмагнитті қималарды зерттеу мүмкіндіктері. СИ және магнитті өрістің аномалиялары 10000 нТл кем емес.

Әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын ең аз талаптар: магниттік қабылдағыштылық каротаж үшін – ұңғыманың әсерін есептеу бағдарламалары; табиғи магниттік өріс каротажы үшін – ұңғыма қисықтығының әсерін есепке алу; геомагниттік өріс кернеулігінің Т векторы модулін есептеу.

Ұңғымадағы каппаметрлерді, калибрлеуді тесттер немесе стандарт-сигналдардың магниттік қабылдағыштықтың жұмыс шараларын қолданумен, каротажға дейін және одан кейін орындайды.

Магнитометрлерді калибрлеуді магнитті индукцияның немесе аймақтың (мерзімді калибрлеу дәрежесі) және ұңғыманың (далалық калибрлеу) бақылау пункттеріндегі градустеу жинағының көмегімен орындайды. Бақылау пункттеріндегі өлшеулерді ұңғымалық зерттеулерді жүргізу кезінде қолданылатын құрал-жабдықтармен (геофизикалық кабель, тіркеуші және т.б.) орындайды.

Аймақтың бақылау пунктісі қалыпты магниттік өріс жағдайында орналасуы керек; бұл үшін жерүсті магниттік барлау бақылау пункттерін қолдану тиімді. Аймақтың бақылау пунктісінде: магнитометрлердің мерзімді калибрлеуін; қалыпты өріс компоненттерін өлшеуді, нәтижелердің іске қосылуы бойынша өлшеулердің негізгі олқылықтарын бағалауды жүзеге асырады.

Ұңғыманың бақылау пуктісін - металл заттардан (каротаждық станция, ұңғыманы қоршау және т.б.) 50м кем емес қашықтықта өте аз градиент аймағында, магнитті өрістің изодинамаларының картасы бойынша таңдайды.

Ұңғыма аузына дейінгі қашықтық және бағыт азимуты өлшеу файлдарында құжатталады. Ұңғыманың бақылау пунктісінде: магнитометрлерді далалық калибрлеуді; ұңғымадағы өлшеу нәтижелерін жоғарғы қабаттағы бақылауларға бекіту үшін магниттік өріс компоненттерін өлшеуді жүргізеді.

Бақылау сұрақтары .

  1. Магниттік каратажды жүргізу кезінде қандай өлшеу аспаптарын қолданады?

  2. Магниттік каратаж аспаптарына қандай талаптар қойылады?

  3. Магниттік каратаж аспаптарына калибрлеуді қалай жүргізеді?

  4. ЯМК өлшеу зондысына қойылатын негізгі талартарды атап шығыңыз?