- •0704000 – «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың
- •Базалық (тірек) конспектісі
- •3 Тақырыптық жоспар
- •Мазмұны.
- •Бақылау сұрақтары .
- •2 Сурет консоль-2 блогы
- •3 Сурет перфопанель блогы
- •4 Сурет исток блогы
- •5 Сурет Үздіксіз қоректену блогы
- •Сабақ 6
- •Сабақ 16
- •Сабақ 19
- •2) Жұмырсымның механикалық сипаттамасы
- •Сабақ 22
- •Сабақ 24
- •Бүйір каротаждық зондылау.
- •Пайда болған полярлану потенциалдарының каротажы.
- •Токтық резистивиметрия.
- •Бүйір каротаж
- •Бүйір микрокаротаж
- •Индукциялық каротаж
- •Жоғары жиілікті индукциялық каротаждық изоөлшемдік зондылау.
- •Сөну бойынша электромагниттік каротаж
- •Диэлектрлік каротаж
- •5.1 Сурет – Электрлік каротаждың әр түрлі зондтары: а, в – қоректендіруші электродтар,
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: спэк - тоқты каротаж аспабы
- •5.4 Сурет - бк-3 зондының сұлбасы
- •Сабақ 38
- •Сабақ 39
- •Аспапты –програмалы викиз кешенінің сипаттамасы :
- •Зонтардың сипаттамасы :
- •5.8 Сурет – өп мәліметтерін жартылай автоматтандырылған тіркеу сұлбасы
- •5.9 Сурет – Құмтасты-сазды қималар үшін өп потенциал қисықтары
- •Сабақ 42-43
- •Интегралдық гамма-каротаж
- •Спектрометриялық гамма-каротаж
- •Нейтронды каротаж
- •Импульстық нейтронды каротаж
- •Импульстік спектрометриялық нейтронды гамма-каротаж
- •Гамма-гамма тығыздылық және литотығыздылық каротаж
- •5.10 Сурет – гк қисық сызығы. А – тау жыныстардың құрамында радиоактивті элементтері бар диаграмма; б – гк дұрыс диаграммасы.
- •5.11 Сурет – ггк ұңғымалық аспабының блок сұлбасы. 1-экран; 2-сәуле көзі; 3- детектор; 4-электронды блок; 5-кабель; 6,7-шағылған гамма кванттар; 8-қысатын қондырғы
- •5.15 Сурет – басты толқындардмен акустикалық каротаж жүргізу сұлбасы.
- •6.6 Сурет – Екі қабылдағыштағы толқындық суретіне (волновых картин) талдау және олардың түрлері
- •Сабақ 51-52
- •Сабақ 53
- •1) Магнитті каротаж
- •Сабақ 57
- •Бөлім 6. Игерілетін (Қолданыстағы) мұнай мен газ ұңғымаларын геофизикалық зерттеудің аппаратурасы мен жабдықтары.
- •Акустикалық каротаж аспабы акц-48
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •2. Қосымша
Сабақ 24
Тақырып 1.5: Ұңғымалық аспаптарға техникалық қызмет көрсету.
Жоспар:
Стационарлық жағдайларда аспаптарды дайындаудың реті.
Ұңғыма аспаптарын тасымалдаудың реті.
Ұңғыма аспаптарын түсіру мен көтеру.
ҰҒЗ ұңғыма аспаптары өлшеу құралдары болып табылады, олар агрессивті ортада төтенше жағдайларда жұмыс істейді және қолданыс кезінде мұқият күтуді қажет етеді.
Стационарлық жағдайларда ұңғымаға шығар алдында ұңғыма аспаптарын дайындау келесілерді қамтиды:
алу, ұңғыма аспаптарының дұмысқа қабілеттілігін тексеру;
шығын детальдарын, материалдарды және радиоактивті сәулелену көздерін алу;
мәліметтер атауларын тіркеуші мәліметтер базасына алынған аспаптардың (см. п. 6.4.3) типтері мен номерлері, аспаптарды соңғы рет мерзімді калибрлеу нәтижелері және егер бұл тапсырманы орындауға қажет болған жағдайда алдынғы зерттеу мәліметтері туралы жазу.
Ұңғыма аспаптарының жұмысқа қабілеттілігін тексеруді бұл жұмыстарға арнайы дайындалған нормативті құжаттарда регламенттелген қауіпсіздік техникасы мен эргономика талаптарына жауап беретін арнайы орындарда жүргізеді.
Тексеріске:
далалық калибрлеу құрылғыларын, арнайы бағытқа салынған қосымша жабдықтар, кілттер мен т.б. қосқандағы аспаптардың жиынтығы;
аспаптарды сақтау қаптамаларының жағдайы (жарылулар мен өзгерулердің болмауы);
қоғаныс қалпақтары мен тығын-қалпақшалардың болуы;
оймалардың жағдайы мен құралдардың бастарында майлардың болуы;
резиналы тығыздаушы сақиналар мен тұтастыру түйіндерінің қорғаныс фторопластілік төсемдердің, соның ішінде радиоактивті сәулелену көздерінің камералары мен көздер тұтқыштарының жағдайы;
розеткалар мен вилкалардың үстінгі жағының, құралдардың ажыратқышының және құрама аспаптар модульдерінің тұтастыру түйіндерінің тазалығы;
қысқыш құрылғылардың рычагты жүйелеріндегі тазалық пен майдың болуы, олардың механикалық ақаулықтарының болмауы;
әртүрлі компенсаторлардың ақаулықтарының болмауы, олардың саңлаусыздығы;
компенсаторларда майдың болуы мен деңгейі;
геофизикалық кабель желілерінің оқшаулануға кедергісі (0,5-20 Мом шегінде болу керек);
зертхана мен каротажды көтергіштердің берілген нұсқаларымен аспаптардың далалық калибрлеу құрылғысымен бірге жұмысқа қабілеттілігі жатады.
Радиоактивті сәулелену көздері қолданылатын аспаптарда:
көздерді бекіту түйінінің түгелділігі;
көздердің орналасу орындарында қаптаманың сыртқы қабатында белгінің болуы;
қаптаманың сыртқы қабатында тазартқыш немесе дизактивация құралдарымен жойылуы қиын ластанулардың жиналуы мүмкін учаскелердің болмауы тексеріледі.
Басқарушы қысу немесе ортаға дәл әкелу құрылғылары бар аспаптарды дайындау үстінгі қабаттан түсетін пәрмен бойынша олардың толық ашылуы мен жабылуын қамтамасыз ету керек.
Зерттеулерді жүргізуге арналған аспаптардың калибрлеу уақыты тиісті мерзімнен асып кетпеу керек, пайналану параметрлері бойынша жоғары қысымға және зерттеулер интервалындағы темпиратура мен ұңғыманың минималды өту қимасына сәйкес келеуі қажет – аспаптың диаметрі ашық баған диаметрінен 25мм-ден және баған диаметрі – 10мм кем емес болу керек.
Аспаптарды ұңғымаға тасымалдар алдында оларды бөліктерге бөлшектейді және штаттық қалпақтар мен тығындар орнатады. Тасымалдау кезінде механикалық түйіндерді бағыттауды талап ететін аспаптарда (мысалы, инклинометрлерде) пайданану құжаттамаларына сәйкес қажет операцияларды орындайды. Аспаптарды оларды тасымалдау үшін тасымалдаушы құралдардың қондырғыларына (контейнерлерге, бекіткіш қысқышты ағаш ложементтерге және т.б.) орнатады, және орын ауыстыру мен қозғалуларды жою үшін, сондай-ақ вибрация мен соққылардың әсерін азайту мақсатында бекітеді. Тік қалыпта тасымалдауға арналған аспаптар (мысалы, инклинометрлер) сәйкес құрылғыларда бекітілуі керек, апсаптың төменгі жағы резеңке амортизаторға сүйену керек.
Ұңғыма аспаптарын ұңғымалық зерттеулерге дайындау:
Ұңғымаға келгеннен кейін аспаптарды жұмыс алаңының – тұрақтар мен бұрғылау өткелдерінің дайындалған орындарына зерттеулерді жүргізудің тәртібін ескере отырып түсіреді. Аспаптарды түсіру мен тасуды штаттық құрылғыларды (арнайы тұтқыштар, арбалар, қысқыштар және т.б.) қолдана отырып жүзеге асырады.
Зертхана (станция) мен каротажды көтергішті бұрғының электрлік қоректену желісіне жерге қосады (жерге қосудың кедергісі 4 Ом аспауы керек), зерттеулерді бірінші жүргізуге жоспарланған құралдар бөліктерінің (құрастырылған аспаптардың модульдері) түйістірілуін жүзеге асырады. Жинақтау үрдісі кезінде түйістірілген түйіндердің тесіктеріне ылғалдың өтіп кетуін қамтитын шараларды қолданады. Қажет болған жағдайда аспаптардың механикалық түйіндерінің ажыратуын жүргізеді.
Зертханаға (станцияға) құралды аспалы және бағыттаушы роликтер арқылы өткізілген көтергіштің геофизикалық кабелі арқылы қосады. Ұңғыма аспабының тіркеуішін қуаттандырып, оларға тестілеуді және қажетті калибрлеуді жүргізеді.
Радиоактивті сәулелену көздерімен жұмыс істейтін аспаптарды коллимациялық тесіктерін жоғары қаратып тіреуіштерге орналастырады; олардың электронды жүйелері мен қысу түйіндерінің электромеханикалық жетегінің жұмысқа қабілеттілігін тексереді; изотоптар қоймасының көздерді ұстаушыларға орналастырылған көздері бар қорғаныш контейнерін өлшеу зондысына жеткізеді және дистанциондық аспаптың көмегімен (ұстап алу, манипулятор) көзді зондының камерасына тасымалдайды. Өлшеу зондысына далалық калибрлеу құрылғысын орнатады. Модульдің қорғаныш қаптамасында камераға жақын қашықтықта дистанциялық аспаптарды қолдана отырып радиациялық қауіптілік белгісі бар жалауды орнатады. Калибрлеуден кейін радиациялық қауіптілік белгісі бар жалау мен далалық калибрлеу қондырғысын алып тастайды.
Сәулеленудің әртүрлі көздері бар жинақтағы модульдерді қолданған жағдайда бірінші кезекте гамма-сәулелену көзерімен (мысалы, гамма-гамма-каротаж модулі) жұмыс істейтін модульді калибрлейді.
Аспапты тасымалдау үшін ұңғыма аузында аспапты коректенуден ажыратады және жұмыстардың жетекшісінің пәрменімен өте аз жылдамдықта геофизикалық кабельді көтергіш лебедкасының барабанына айналдыруды жүзеге асырады. Партияның қызметкерлер құрамы (1 адам) аспаптың еркін орын алмастыруын қамтамасыз ете отыра оны өзімен алып жүреді. Аспапты тасымалдауды (жинауды) бақылауды көтеру механизмінің машинисі мен кабель мен тереңдікті есептеуштің қозғалысы мен созылу жылдамдығын жылдамдық өлшеуіштерінің көрсеткіштері бойынша және оны көру жұмыстарының жетекшісі жүзеге асырады. Олар көтергіш-баспалдақ учаскесінде екіжақты байланысты (сигнал беру) қолданады.
Радиоактивті сәулелену көздерін қамтитын аспаптың орнын алмастыру кезінде, аспапты дистанциялық құралдың көмегімен (мысалы, ілгектер, ұстау құрылғылары) сәулелену көздерінен барынша алыстатылған аспаптардың учаскелерінде орналаса отырып ұстап тұрады. Баған аузында ұңғыма аузынан жоғары көтерілген аспаптың бағытын сабы 1м кем емес ілгекті қолдана отырып жүзеге асырады.
Аспапты ауыз деңгейінен жоғары көтергеннен кейін, оны ұңғымаға бірқалыпты түсірілуін жүзеге асырады, одан кейін аспаптың (құрастырылған аспаптың әрбір модулі) бағанға еркін кіруін бақылайды. Аспаптың (құраманың) басын ротор үстелі деңгейінде орналастыру кезінде немесе тереңдік датчиктеріндегі нөлдер қалыптарында планшайбаларды орнатады.
Зерттеулерді аяқтағаннан кейін және аспапты ұңғыма аузына шығарғаннан кейін:
Аспапты ұңғымадан шығару; щетканы, шүберек пен техникалық суды (жылдың суық мезгілдерінде – ыстық су немесе парды) қолдана отырып, оны ластанудан тазарту; қоректенуді өшірмей аспапты баспалдақтарға тасымалдау, ол үшін геофизикалық кабельді өте аз жылдамдықта көтергіш лебедкасы барабанына орау; аспаптарды тіреуіштерге қою және өлшеу зондысына далалық калибрлеуді орындау қажет. Бұдан кейін аспаптан қоректенуді ажыратады да оны кабельдің ұшымен түйілістіреді.
Ұңғымадан алғаннан кейін далалық калибрлеу жүргізілмейтін аспаптарды қоректендіруді оларды ұңғымадан шығарғанға дейін өшіреді.
Иондаушы көздері бар радиоактивті каратаж аспаптарын сабының ұзындығы 1м кем емес щетканы қолдана отырып ұңғыма аузында тазартады, 30.2.5. п көрсетілген сақтандыруларда ескере отырып тіреуіштерге қояды.
Радиоактивті сәулеленулердің нейтрондары мен гамма көздері қолданылатын жинақтарда бірінші кезекте алдын-ала гамма-сәулелену көздерін басқа модульден ала отырып нейтрон көздері бар модульді калибрлейді, одан кейін нейтрон көздерін алып қорғаныш контейнеріне орналастырады және гамма-сәулелену көздерін қолданатын модульді калибрлеуге көшеді.
Аспапты кабельдің ұшымен түйістіргеннен кейін босаған бөлшектерді, тығыздауыш сақиналарды, отырғызатын орындар мен резьбаларды таза шүберекпен құрғата сүртеді, тығыздаушы сақиналардың жағдайын тексеріп, қажет болған жағдайда оларды алмастырады, оймалар мен тығыздаушы сақиналарға, центраторларға май жағады, түйілісу түйіндерін штаттық қалпақтармен және тығындармен жабады, аспапты уақытша сақтау орнына жеткізеді.
Бақылау сұрақтары .
Ұңғымаға шығар алдында ұңғыма аспаптарын дайындау нені қамтиды?
Стационарлық жағдайларда ұңғыма аспаптарына тексеруді қалай жүзеге асырады?
ГИРС өткізгеннен кейін ұңғыма аспаптарына техникалық қызмет көрсету?
Сабақ 25
Тәжірибелік жұмыс № 1.5.19
Тақырыбы: ҰҢҒЫМАЛЫҚ АСПАПТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ
Жоспар:
Ұңғымалық аспаптарды техникалық тексеру.
Жүргізу негізгі мақсаты .
ҰГЗ аспаптарын жылдық, жарты жылдық немесе мезгілдік техникалық тексеруден өткізу шарт болып табылады. Өйткені ҰГЗ құбырлық құралдары экстремалды жағдайда (үлкен қысымда, жоғары температурада) жұмыс жасайды, сондықтан эксплуатациялау кезінде аспаптар мұқият күтілсе де, аспапты тексеріден өткізу тиіс.
Техникалық қамтамасыз етуге ҰА-ның (ұңғымалық аспап) жұмысқа қабілеттілігін тексеру, аспап жұмысқа жарамсыз болса жөндеу, зерттеу алдында құралды дайындау, аспаты майлау, тазалау жатады. Құралдарды құбырға тасымалдау алдында оларды бөліктерге бөлу жүргізіледі және штатты қалпақтар мен пробкалар орнатылады.
Бақылау сұрақтары:
техникалық тексеруге нелер кіреді?
Жүргізу негізгі мақсаты .
Сабақ 26
Тәжірибелік жұмыс № 1.5.20
Тақырыбы: ҚҰБЫРҒА ШЫҒАР АЛДЫНДА СТАЦИОНАРЛЫ ЖАҒДАЙДА ҚҰБЫРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ
Жоспар:
1) Құралдарды дайындау.
2) Құралдарды тексеу .
Құбырға шығар алдында стационарлы жағдайда құбырлық құралдарды дайындау келесілерді қамтиды:
Құбырлық құралдың жұмысқа жарамдылығын тексеру;
Радиоактивті сәулелену көздерін, материалдарды және шығыс детальдарын алу;
Құралдың соңғы калибрлеу нәтижелерін және өткізілген зерттеулер мәліметтерін жазу.
Құбырлық құралдың жұмысқа қабілеттілігін тексеру мен қарау регламенттелген нормативті құжаттармен қауіпсіздік техникасы талаптарына жауап беретін осы жұмыстарға арнайы дайындалған бөлмелерде жүргізіледі.
Тексеруге келесілер жатады:
Құралдардың қорғаныш қабының жағдайы;
Қорғауыш қалпақтың бар болуы;
Бұранда жағдайы және құрал басшасында майдың бар болуы;
Қондырғының рычагты жүйесіндегі майдың бар болуы мен оның тазалығы және олардың механикалық бұзылуларының болмауы;
Компенсатордағы майдың дәрежесі мен бар болуы;
Геофизикалық кабель желісінің оқшаулау кедергісі (0,5 – 20 Ом*м аралығында болуы керек);
Каротажды көтергіш пен зертхана мәліметтерінің көшірмесімен далалық калибровкалық құрылғы топтамасында құралдың жұмысқа қабілеттілігі;
Бақылау сұрақтары:
1) Құбырға шығар алдында стационарлы жағдайда құбырлық құралдарды дайындау реті
Сабақ 27
Тәжірибелік жұмыс № 1.5.21
Тақырыбы: ТАСЫМАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Жоспар:
1) Тасымалдау жұмыстары
Жұмыс алаңына барар жолда асфальтты жолдың болмауынан тау - тасты жерлермен жүруге тура келеді, мұндай жерлерде арнайы көліктер қолданылады.
Сондай-ақ барлық көліктер ұңғымаға шығар алдында тіркеліп, техникалық тексеруден міндетті түрде өтеді.
Көлік жүргізуге тек бекітілген персоналға ғана рұхсат беріледі. Ал рұхсат үш жыл қатарынан көлік жүргізуге дайындығын, сонымен қатар жыл сайын жүргізуші дайындық комментарийінен өткен жүргізушіге беріледі. Қазақстан Республикасы стандарттарына сәйкес барлық жұмыс алаңдарында жол сапарын ұйымдастыру бағдарламалары болуы міндетті. Бұл бағдарлама жолға шығар алдында көлік жүргізу шартымен болатын қауіп - қатерді ескергені жөн.
Сонымен қатар адам тасымалдайтын көлікте әр адамға арналған қауіпсіздік белдігі болуы шарт және адамдар саны орындық санынан аспауы керек. Жол жүріп бара жатқанда жүргізуші алдынғы жүргізу мостын қосу керек. Ол көліктің салмағын толығымен қолданып, жол қабатымен тіркесуін көтереді. Сондай-ақ қиын жерлерде өтуге ықпалын тигізетін көліктерде төмендетілген бағдарламалар бар. Кейбір алаңдарда грунтық жолдар болған соң, көлікке жүріп бара жатып дөңгелек қысымын тексеретін системалар қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1) Тасымалдау жұмыстарының реттілігі
Сабақ 28-29
БӨЛІМ 2.
Ұңғыманы геофизикалық зеттеудің ұңғымалық аспаптары.
Тақырып 2.1: Электрлік және электромагниттік каротаж.
Жоспар:
1.Электрлік және электромагниттік каротаж.
2. Бүйір каротаждық зондылау.
3. Пайда болған полярлану потенциалдарының каротажы.
4. Токтық рсзистивиметрия.
5. Бүйір каротажы.
6. Бүйір микрокаротажы.
7. Индукциондық каротаж.
8. ВИКИЗ.
9. Тоқталу бойынша электромагнитті каротаж.
10. Диэлектрлік каротаж.
Электрлік және электромагниттік каротаж жалпы мәліметтер
Өлшеу зондысы оқшауланған негізде (мысалы, БКЗ электродтары арасында) орналасатын М электродынан және күндізгі үстінгі қабатта жуатын сұйықтығы бар ыдысқа түсірілген алшақтатылған қозғалыссыз N электродынан (жерге қосу) тұрады. ПС жазу нүктесі М электродының орнына сәйкес келеді.
ПС шамаларын тіркеуді кез-келген басқа да өлшеулермен бір уақытта еш шектеусіз орындалады.
М және N электродтарын шамалардың тұрақсыз электродты айырмашылықтарының өлшенетін көлеміне әсер етуді жою үшін оларды қорғасыннан жасайды.
Электродты шамалардың тұрақсыздығын көрсететін қисық ПС өндіріссіз араласу жағдайында натрий хлоридінің қанықтырылған ерітіндісі бар брезентті мөшекке орналастырылған, қорғасын электроды болып табылатын, полярланбайтын М электродын қолданады.
Қаңғыма тоқтарының деңгейі жоғары аймақтарда ПС өлшеулерін М электродынан тұратын және одан 3-6м қашықтықта орналасқан ұзын (30м жоғары) N электродына эквипотенциалды болып келетін тұрақты зондымен орындайды. Бұл электродты кедергісі аз сымдармен жалғанған бірнеше қорғасын электродынан орындайды. Ұзын электрод М электродының екі жағына орналасатын бірдей екі бөлікке бөлінуі мүмкін. Тұрақты зондының ұзын электроды ретінде брони кабельді қолдануға болмайды.
Қаңғыма тоқтардың өте жоғары деңгейінде шаманың орнына ұңғыма бойынша ПС шамасының градиентін өлшейді. Ол үшін бір-бірінен 0,2-1м қашықтықта орналасқан екі қарапайым қорғасын электродтары бар зондыларды қолданады.
