Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Razdel_9_1_Metod_ukazanie_po_praktich_zanyatie....docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

5. Ұсынылатын әдебиеттер:

5.1 Радугин А.А. Философия. Курс лекций.-М.,2002

5.2 Жамалов Ж. Философия тарихы.-А.,2000

5.3 Кампанелла Т. Город Солнца. – М., 1954.

5.4 Кузанский Н. Соч. в 2-х т. – М., 1979.

5.5 Макиавелли Н. Государь. – Спб., 1869.

5.6 Монтень М. Опыты. – М., 1957.

5.7 Мор Т. Утопия. – М., 1978.

5.8 Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. – М., 1980

6. Бақылау

6.1 Сұрақтар бойынша ауызша сұрау

6.2 Тестік бақылау – 5 нұсқа 10 сұрақтан.

6.3 Практикалық тапсырмалар

7. Бақылау сұрақтары

7.1. Қайта өрлеу заманы деп қай ғасырларды айтамыз?

7.2. Қайта өрлеу заманы адам мәселесін қалай шешеді?

7.3. Н.Кузанскийдің пантеистік ілімінің мәні қандай?

7.4. Н.Макиавелли әлеуметтік-саяси көзқарастарының мәні неде?

7.5. Н.Коперниктің ғылымға енгізген төңкерісі не?

7.6. Дж.Бруноның натурфилософиясының ерекшклігі неде?

7.7. Гуманизм дегенімімз не?

6-практикалық сабақ

Тақырып 6. Жаңа заман және Ағартушылық философия

1. Сабақтың мақсаты: 17 ғ. және 18 ғ. ағартушылық философияның негізгі ойларымен таныстыру. Бұл кезеңнің ғылым, адамзат қоғамының дамуындағы мәнін айқындау.

2. Қарастырылатын сұрақтар:

2.1. Жаңа заман философиясының (XҮІІ-ХҮІIIғғ) бағыттыры және мәселелері

2.2.Ф. Бэконның эмпиризмі. Индуктивтік әдіс.

2.3. Р. Декарт рационализмі.

2.4. Субстанция мәселесі және Б. Спинозаның пантеизмі.

2.5. Д. Беркли мен Д. Юмның субъективтік идеализмі.

3. Оқыту әдістері: үйлесімді (комбинациялық) оқыту әдістері (әңгімелесу, кесте толтыру, сызба сызу).

4. Әдістемелік нұсқаулар:

4.1 Жаңа заман философиясының жалпы сипатын білу, бағыттары мен дүниетанымдық сұрақтарын, ілімдік ерекшеліктерін айқындау.

4.2 Эмпиризм және сенсуализм бағытының ерекшелігін Ф. Бэконнің философиялық дүниетанымы арқылы талдау, Бэконның тәжірибенің танымдағы орны мен таным жолдары және «елестер» (танымдағы қате бейнелер) туралы ілімдерінің мәнін ашу.

4.3 Рационализм бағытының ерекшелігін Ф. Бэконнің философиялық дүниетанымы арқылы талдау, Декарт рационализмін білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет деп есептейтін «Күмәнданамын, яғни, ойланамын, ойланамын, яғни, өмір сүремін» қағидасы арқылы түсіндіру және "туа біткен идеялар" ілімінің мәнін ашу.

4.4 Жаңа замандағы субстанция мәселесі, Спиноза субстанция туралы ілімінің ерекшелігі мен пантеистік дүниетанымына тоқталу, модус ұғымының мағынасын түсіндіру.

4.5 Жаңа заманның субъективті идеалистік бағытын Беркли және Д. Юм көзқарастары арқылы талдау, Берклидің субъективті идеалистік ілімі мен Д.Юмның скептицизм мен агностицизмнің дамуына қосқан үлес-салмағын анықтау.

5. Ұсынылатын әдебиеттер:

5.1. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. – А., 1990.

5.2. Соколов В.В. Европейская философия ХҮ-ХҮІІІ вв. –М., 1996

5.3. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1999

6. Бақылау

6.1 Сұрақтар бойынша ауызша сұрау

6.2 Тестік бақылау – 5 нұсқа 10 сұрақтан.

6.3 Практикалық тапсырмалар

7. Бақылау сұрақтары

7.1. Танымдағы индуктивті әдісті кім жасады, оның маңызы қандай?

7.2 Дж.Локк қандай сапаларды бөліп көрсетті, оларға тоқтал.

7.3 Ф.Бэкон тәжірбиенің қандай екі түрін көрсетті, оларды сипаттап жазыңыз.

7.4 Т.Гоббс тіл мен ойдың арақатынасын қалай анықтады?

7.5 Ағартушылық философиясының негізгі ерекшелігі қандай?

7.6. Т.Гоббс мемлекеттің пайда болуы жөнінде қандай теория жасады?

7.7. Деизм дегеніміз не?

7.8 Дж. Локктың жекеменшік пен адамзаттық қоғам жөніндегі ойлары.

7.9.Географиялық детерминизм дегеніміз не?

7.10 Танымдағы дедукция әдісінің негізін салушы, бұл әдіс қай ғылымдарда көбірек қолданылады?

7.11 Монада дегеніміз не?

7.12 Т.Гоббс «субстанция» ұғымын қалай түсіндірді?

7.13 Ж.Ж.Руссоның әлеуметтік көзқарастары: теңсіздіктің пайда болу себептері қандай?

7-практикалық сабақ

Тақырып 7. ХҮШ-ХІХ ғғ. неміс философиясы

1. Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы неміс классикалық философиясының негізгі мәселелерімен таныстыру: «сыни философия»; трансцендентальды идеализм, сәйкестік және логика философиясы; философияның антропологиялық бағытылығы және диалектикалық материализм ілңмдерін талдап көрсету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]