Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс лекций Клеткалар мен ұлпалар биологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
352 Кб
Скачать
☆

Клетка зерттеу әдістері

Цитололгияда негізгі колданылатын әдістердің бірі-жарық микроскопы. Соңғы жылдары клетканы зерттеуде жарық микроскоптарының бірнеше түрлері қолданылып жүр (люминесценттік, фазасы карама-карсы, электронды микроскопты). Жарық микроскоптарының көмегімен ұлпадан алынған және әр түрлі бояулармен боялған жұқа кесінділерді (препарат) зерттеуге болады. Ол үшін кесіндінің қалыңдығы 5—7 микроннан (мк) аспау керек, сонда ғана жарық кесінділер арқылы өте алады. Жарық микроскоптары арқылы тексеретін ұлпалардан кесінділер дайындау (препарат) өте күрделі жұмыс. Цитологиялық препараттар жасау бірнеше кезеңдерге бәлінеді: материал алу және оны бекіту, ұлпаларды тығыздау, парафинге құю, кесінділер жасау, бояу, бальзамға бекіту.

Микроскоптың көру қабілеттілігі қолданылып отырған жарық ағымына байланысты және жарық ағынының 1/3 бөлігіне тең болады. Жарық толқынының ұзындыры неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көру қабілеттілігі соғұрлым артады. Егер жарық толқынының ұзындығы 0,6 милли микрон (мкм) болса, микроскоптың кәру қабілеттілігі— 0,2 мкм— 1/3 ХО, 6 мкм — 0,2 мкм. Люмиесцент микроскопы ультракүлгін жарық толқынымен жұмыс істейді, толқын ұзындығы— 0,27—0,4 мкм. Осындай толқын препаратқа түскенде ол сәулені сіңіре отырып, өзінен жарық шығарады, бүл құбылыс флюоресценция деп аталады. Шыққан жарық толқыны сінген жарық. Толқынына қарағанда әрдайым ұзын болады. Кейбір заттар түскен жарық толқынының жартысын сіңіріп, өзімен жасыл, сары, қызыл спектрді шығарады. Флюоресценция деп заттарды ультракүлгін жарығымен шағырылыстырылғанда өзінен жарық бөлуін айтады. Оларға пигменттер, витаминдер, майлар жатады. Кейбір заттарды флюрохром бояуларымен бояу арқылы флюоресценцияны көруге болады. Мысалы, ДНК-ны акридин қызыл сары бояуымен боялғанда клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) ашық жасыл сәуле береді, ал рибонуклеин қышқылы (РНҚ) ашық қызғылт сәуле береді.

Фазасы қарама-қарсы микроскоп.

Бүл микроскоптың ерекшелігі тірі клеткаларды, боялмаған объектілерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Электронды микроскоп.

Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сәулелері қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын үзындығы 0,056—0,035 А°-ге жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі сорғұрлым артатынын физика курсынан жақсы білеміз. Осыған байланысты электроиды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі —1—7А°-ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді. Электронды микроскопты пайдаланып қалыңдығы 400—600А° препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом деп атайды. Осы прибордың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сәулелері препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі.

Цитохимиялық және гистохимиялық әдістер клетканың, ұлпаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін, саласын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс химиялық реакциялар арқылы клеткалар мен ұлпалардың құрамындағы қосылыстарды тексереді. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген тәсілдер арқылы клетканың құрамындары белоктарды, нуклеин қышкылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады. Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар мен клеткалардың немесе ұлпаның арасындағы реакцияның нәтижесінде заттардың боялып көрінуін қамтамасыз ету керек. Мысалы, клетканың құрамындары РНҚ-ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы қолданылады, ал оның клеткада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны ажыратады (немесе жояды). Сәуле спектрін өзіне сіңіру арқылы клетканың құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін есептеуге негізделген приборды цитоспектро-фотометр деп атайды. Бұл әдіс абсорбция заңына бағынады.