- •Қысқаша дәрістер жинағы
- •Клетка зерттеу әдістері
- •Фазасы қарама-қарсы микроскоп.
- •Электронды микроскоп.
- •Авторадиография.
- •Цитоплазма мембраналары
- •Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі
- •Клетка аралық байланыстар.
- •Эндоплазмалық тор
- •Пластидтер
- •Эпителий ұлпасына жалпы мінездеме
- •Эпителий ұлпасын классификациялау
- •Морфологиялық классификация
- •Қызметіне қарай классификациялау.
- •Ас қорту жүйесінің эпителийі Омыртқалы жануарлардың шырышты эпителий қабаттары
- •Асқазанның шырышты эпителийі.
- •Ішектің шырышты эпителийі
- •Фильтрация және реабсорбция
- •Безді эпителий
- •Паталогиялық процестерге ұшырауы:
- •Кілтті сөздер:
- •Қанның жасалуы
- •Сүйектің гистогенезі.
- •Сүйектің мезенхимадан пайда болуы
- •Сүйектің шеміршектен дамуы
- •Жүрек бұлшық етінің дамуы мен регенерациясы.
- •Тегіс бұлшықеттер
- •Морфологиялық ерекшелігі
- •Көлденең жолақты бұлшықет
- •Кілтті сөздер:
- •Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Клетка аралық байланыстар.
Көп клеткалы организмдерді клетка аралық қатынастар байланыстырып тұрады. Мұны тіпті ұрықтық ұлпалардың клеткаларынан да байқауға болады. Осы ұлпалар сияқты клеткалардың бір-бірімен бірігуін, қосылысуын адгезия деп атайды. Ал осындай қасиет клетканың плазмалеммасының бетінде жатқан химиялық қосылыстардың ерекшеліктерімен де сипатталады. Клетка аралық байланыстардың механизмі әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Әйтсе де кейбір мәліметтер бойынша, бұларды байланыстыратын плазмалеммадағы липопротеидтер мен гликокаликс арасындағы өзара байланыстар екен. Эмбриональды клеткалардың плазмалемма мембраналарының арасындағы осындай байланыстар саңылауы 20 нм шамасындай болады. Ал саңылаудын, өзі гликокаликске бай болып келеді.
Атқаратын қызметтеріне қарай клетка байланыстарын айырғыш, механикалык,, химиялық деп үш түрге бөледі. Бірінші топқа жай, «құлып» тәрізді және десмосом байланыстары жатады. Екінші топқа тығыз байланыс, үшіншісіне саңылау арқылы қосылатын байланыстар жатады. Жай байланыс жолымен көптеген клеткалар қосылысады, мұнда екі плазмалемманың арасындағы кеңістік 15—20 нм-ге дейін барады. Плазмалеммаға цитоплазма жағынан ешкандай қосымша құрылыс келіп жалғаспайды. Тіпті байланыс («құлып»), әсіресе эпителий ұлпаларында көп кездеседі, мұнда клетканың плазмалеммасы бір-біріне инвагинации жасап қосылады. Десмосомды байланыста мембрана аралығында тығыз орналасқан заттарға цитоплазма жағынан электронды тығыз орналасқан жіңішке талшықтар (тонофиб-риллдер) келіп түйіседі. Дссмосома аумағы 0,5 мкм ша-масындай. Десмосомдар механикалық қызмет атқарады. Тығыз байланыста екі плазмалемманың сыртқы беттері бір-біріне түйісіп қалыңдығы 2—3 нм-дей бір қабат түзеді. Бұл мембраналардың түйісетін нүктелері болады. Тығыз десмосома байланысын толық көру үшін күрделі әдістер қолданылады (мембраналарды мұздатып барып қақ бөледі). Сонда цитоплазма жағынан бұл аймаққа көптеген жіңішке жіпшелердің орналасатынын көреміз. Тығыз байланыстар арқылы молекулалар мен иондар алмасуы жүрмейді. Мұндай байланыстар эпителий, эндотелий және мезенхима клеткаларының аралықтарынан байқалады.
Саңылаулы байланыстардың негізгі қызметі — клетка аралық қатынастарды реттеу, атап айтқанда, химиялық заттардың алмасуын, әсіресе дамып келе жатқан клеткалардың байланысын күшейтіп, төменгі молекулалы қосылыстардың бір клеткадан екінші клеткаға өтуін реттеу.
3-дәріс. Тақырыбы: «Эндоплазмалық тордың, Гольджи аппаратының, құрылысы мен қызметі» (2 сағат)
Дәрістің мақсаты: Түйіршікті эндоплазмалық ретикулумның құрылысы және қызметі, оның белок синтезіндегі және цитоплазмалық мембранадағы рөлі. Түйіршіксіз эндоплазмалық тордың құрылысы және қызметі және оның полиқанттарды, майларды, стероидтарды, т.б. молекулаларды синтездеудегі рөлі. Гольджи аппаратының құрылысы және қызметі, оның синтездегі, сегрегациядағы, жетілудегі, секрет шығарудағы және клеткаға басқа заттарды өткізудегі рөлі. Лизосомдардың құрылысы, қызметі, класификациясы, олардың клеткаішілік асқорытудағы және фагоцитоздағы рөлі. Митохондрияның құрылысы: мембраналары, кристылары, матриксы. Оның синтездегі және АТФ жинақтаудағы рөлі. Клеткадағы АТФ-ң синтезделу жолдары: анаэробты гликолиз және тотығу-тотықсыздану процестері. Бактериялардағы митохондрияның қызметін атқаратын туындылар. Пластидтер – классификациясы, құрылысы, химиялық құрамы. Фотосинтездегі пластидтердің рөлі. Митохондрия мен пластидтердің шығу тегі.
Кілтті сөздер: түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық тор, белок синтезі, АТФ синтезі.
Жоғарыда айтқандай, цитоплазмада мембраналы және мембранасыз компоненттер кездеседі. Мембранасыз компоненттерге микротүтікшелер, құрамында микротүтікшелер кездесетін органиодтар, микрофиламенттер және микрофибрилдер жатады. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық торлар (тегіс және кедірлі-бұдырлы), лизосомдар, Гольджи комплексі және екі мембраналы митохондриялар мен пластидтер жатады.
