- •Ойын ережелері.
- •Халық жалақысы.
- •Монкаптың Қазақстан экономикасын қорғау үшін қолданатын Заңдары.
- •Долларды сату ережесі.
- •Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Империалисттердің шабуылына тойтарыс беру:
- •5. Империалисттердің жалау орнатуы:
- •6. Қазақстандағы зауыттан Империалисттердің алатын табысы:
- •7. Қазақстандағы кен орындардан Империалисттердің алатын табысы:
- •Қазақстандағы Империалисттің банкі.
- •10. Империалисттер Қазақстандағы келесі нәрселерге мән беру қажет:
- •11. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуыл.
- •Ойынның жалпы ережелері.
- •Ойыншылар арасындағы несие шарттары.
- •«Халықтың тұтынуы».
- •Басымдылық ережесі.
- •Қосымша парақ.
Долларды сату ережесі.
Ойыншылардың Қазақстанда бар долларлары бірыңғай қаржы жүйесінде жүргендіктен, бұл долларлар Қазақстанда шоты бар басқа Ойыншыларға қолжетімді болып табылады. Бұл дегеніміз келесіні білдіреді: мысалы, бір Ойыншының шотында доллардың белгілі бір көлемі жазылған, алайда бұл долларлар нақты елде жоқ, себебі осы бірыңғай жүйені пайдалана отырып, басқа Ойыншы өз теңгесін долларға айырбастады да, «Әлемдік нарықтан» тауар, зауыт/тербелме сатып алды немесе өз қарызын өтеді және т.б.
Ойыншылар және халық теңгені долларға айырбастау кезінде, Монкап ағымдағы бағам бойынша долларды оларға сатуға міндетті. Бұл үшін Монкап өзіне тиесілі долларларды, сонымен қатар Ойыншылардың Қазақстандағы долларларын пайдалана алады (Ойыншылардың келісімі қажет емес).
Монкапта халыққа және Империалисттерге доллар сату үшін доллар қалмаса, сонымен қатар Империалисттер доллардың болмау себебінен Қазақстаннан өз долларын шығара алмаса, Монкапқа ешқандай айыппұл қолданылмайды.
Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Империалисттердің шабуылына тойтарыс беру:
Империалисттерден келген долларлардың барлығына жаңа теңге басып беру:
«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болған себебінен инфляция пайда болады, ал бағам сол қалпында қалып, теңгенің нығайтылуы болмайды.
Империалисттерден келген долларлардың тек бір бөлігіне ғана теңге басып беру:
«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына байланысты аздап инфляция және аздап теңгенің нығаюы орын алады.
Империалисттерден келген долларды Капиталистте бар теңгеге сатып алу:
«Қамтамасыз етілмеген теңге» пайда болмағандықтан инфляция болмайды, ал бағам теңгенің терең нығайтылуына сәйкес өзгереді.
Мысалдар #2 Қосымша парағында көрсетілген.
Капиталист.
Бастапқы шарттар. Ойынның басында Капиталистте екі зауыт және нөл ақша бар.
Капиталисттің зауыттарына мұнай Монкапқа «Ішкі мұнай бағасы» бойынша есептелінген ақша теңгемен аударылғаннан кейін тасымалданады. Капиталистке өзінің барлық зауытын мұнаймен қамтамасыз етпейінше, тауар сатуға тыйым салынады.
Капиталист зауытының тауар бағасы = 30 теңге, егер Капиталист әр сатылған тауары үшін теңгеде немесе бағам бойынша долларда 30 теңге алмаса, онда осы тауарларды өндірген зауыт және оның осы кезеңде алған ақшасы ойыннан шығады.
Мысалдар #3 Қосымша парағында көрсетілген.
Капиталисттің шотында тек экспорттан түскен немесе Империалисттен алған долларлар ғана сақталады. Егер ақша Қазақстаннан бірден шығатын болса, теңгені долларға айырбастауға болады.
Империалисттер: АҚШ, Қытай, Ресей.
1. АҚШ үшін ойын шарттары. АҚШ-та ойынның басында $9 және сатуға болмайтын 1 зауыт болады. Егер АҚШ зауыты ойыннан шықса, онда ол «Әлемдік нарықтан» зауыт сатып алып, өзінде орната алады.
2. Қытай үшін ойын шарттары. Қытайда ойынның басында $5 және сатуға болмайтын 4 зауыты болады. Егер Қытай зауыты ойыннан шықса, онда ол «Әлемдік нарықтан» зауыт сатып алып, өзінде орната алады. Қытай өз зауыттарының барлығын мұнаймен қамтамасыз етпейінше, тауар сата алмайды.
3. Ресей үшін ойын шарттары. Ресейде ойынның басында $4 және қуаттылығы бір кезеңде 3 мұнай құрайтын кен орны бар. Бұл кен орынды ешкімге тартып алуға және осы кен орынның тербелмесін сатуға болмайды. Әр кезеңде Ресей бір «Мұнай» фишкасынан түсетін табысқа АҚШ-тан бір акция сатып алады. Осы ақшаны АҚШ-тан алып кетуге болмайды. АҚШ Ойыншысы ойыннан шығып кетсе, Ресей үшінші фишкасынан түсетін кірісті өзіне қалдырады.
4. Империалисттерге, аукционнан бөлек, бір-бірінен тербелме, зауыт және кен орын сатып алуға тыйым салынады.
