- •Ойын ережелері.
- •Халық жалақысы.
- •Монкаптың Қазақстан экономикасын қорғау үшін қолданатын Заңдары.
- •Долларды сату ережесі.
- •Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Империалисттердің шабуылына тойтарыс беру:
- •5. Империалисттердің жалау орнатуы:
- •6. Қазақстандағы зауыттан Империалисттердің алатын табысы:
- •7. Қазақстандағы кен орындардан Империалисттердің алатын табысы:
- •Қазақстандағы Империалисттің банкі.
- •10. Империалисттер Қазақстандағы келесі нәрселерге мән беру қажет:
- •11. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуыл.
- •Ойынның жалпы ережелері.
- •Ойыншылар арасындағы несие шарттары.
- •«Халықтың тұтынуы».
- •Басымдылық ережесі.
- •Қосымша парақ.
Басымдылық ережесі.
Кімде доллар көп болса, сол Басымдылыққа ие болады. Ойыншылардың қолындағы тек нақты доллар көлемі саналады (Монкап үшін Қазақстандағы Империалисттердің долларлары да саналады). Даулы жағдайларда басымдылықты «Басымдылық ережесі» бойынша анықталған Ойыншы алады. Басымдылықты анықтау барысында кез келген ақшалай әрекеттерге тыйым салынады.
Уақыт. Әр кезең, АҚШ-қа мұнай бағасын бекіту үшін 2 мин., Монкапқа бағам бекіту үшін 2 мин. беріледі. Егер осы уақыт өтіп кетіп, алайда бағам немесе мұнай бағасы бекітілмесе, онда олар бұрыңғы қалпында қалады. Теңге бағамы бекітілгеннен кейін кезеңнің аяқталуына 10 мин. беріледі. Осы уақыт аяқталғаннан кейін, сол кезеңде кез келген әрекетке тыйым салынады және жаңа кезең басталады.
«Қаржы парағы». Бұл жерде Монкап келесі ақпаратты көрсетеді:
Капиталисттің ақшасы;
Капиталисттің қарызы;
Монкап еліндегі Империалисттердің ақшасы;
«Халық жалақысы»;
Монкаптың «Халық тұтынуы».
Кезеңнің соңында Монкап бұл Қаржы парағын Империалисттерге көрсетеді.
Қосымша парақ.
Қосымша Парақ #1. Инфляция / «Ішкі мұнай бағасы».
Мысалы: Қазақстанда 2 зауыт бар, ал «Теңге көлемі» = 100. Қамтамасыз етілген ақша болып, тек 60 теңге саналады (2 зауыт 30 теңгеден), ал 40 теңге қамтамасыз етілмеген болып табылады. Әрбір қамтамасыз етілмеген 30 теңге инфляцияға әкеледі, ал осыдан барып, «Ішкі мұнай бағасы» $1 өседі. Яғни АҚШ белгілеген әлемдік мұнай бағасына $1 қосылады.
Инфляция = («Теңге көлемі» - (30 * зауыт саны)) / 30.
Алынған тек бүтін сан ғана саналады. Егер «2,65» деген сан шықта, онда Инфляция = 2.
«Ішкі мұнай бағасы» = (инфляция + әлемдік мұнай бағасы) * бағам.
«Ішкі мұнай бағасын» есептеу мен мұнайға ақша аудару арасында Капиталист ақшамен кез келген әрекет жасаса, онда «Ішкі мұнай бағасы» қайта есептелінеді.
Қосымша парақ #2. Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Монкаптың бағам бойынша айла әрекеттер мүмкіндігі:
Империалисттерден келген барлық долларларға жаңа теңгені басып беру:
«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына сәйкес инфляция болады, бірақ теңгенің нығаюы орын алмайды.
Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі» = 40. Сәйкесінше бағам $1 = 20 теңге. Империалист $2 енгізеді және Монкап жаңадан 40 теңге басып шығарады. Енді елде $4 және 80 теңге. Бағам 80 теңге/$4 = 20. Империалист $2 айырбастап, 40 теңге алады. Қорытынды: «Теңге көлемі» 40 теңгеден 80 теңгеге өсті. Бұл Империалисттің 40 теңгесі «Қамтамасыз етілмеген теңге» болып табылады, себебі теңге көлемі өсті, ал зауыт саны өзгерген жоқ. Осы себепті, мына 40 теңге «Ішкі мұнай бағасының» $1 өсуіне әкеледі (әрбір 30 теңге $1-ға өседі).
Империалисттерден келген долларлардың тек бір бөлігіне ғана ақша басып беру:
«Қамтамасыз етілмеген теңгенің» пайда болуына байланысты аздап инфляция және аздап теңгенің нығаюы орын алады.
Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі» = 40. Бағам $1 = 20 теңге. Барлық 40 теңге Капиталисттің қолында болады. Империалист $2 енгізеді, ал Монкап 20 теңге басып шығарады. Енді елде $4 және 60 теңге бар. Сәйкесінше бағам 60/$4 = 15. Империалистке $1 = 15 теңге деген жаңа бағаммен теңгені Капиталист және Монкап сатады. Қорытынды: Империалистте 30 теңге пайда болды, Империалистке теңге сататын ойыншыда $2 пайда болды және оның 30 теңгесі сызылып тасталады. «Теңге көлемі» 40-ден 60-ге өсті. Бағам $1 = 15.
Империалисттен келген долларларды Капиталистте әлдеқашан бар теңгеге сатып алу. «Қамтамасыз етілмеген теңгенің» болмауынан инфляция да болмайды, бірақ теңгенің нығаюы орын алады.
Мысалы: Қазақстанда $2, «Теңге көлемі» = 40. Сәйкесінше бағам $1 = 20 теңге. Барлық 40 теңге Капиталистте болады. Империалист $2 енгізеді, ал Монкап оған ақша басып бермейді. Елді елде $4 және 40 теңге. Сәйкесінше бағам $1 = 10 (40 теңге/ $4). Бұндай жағдайда Империалистке жаңа орнатылған бағам бойынша теңгені Капиталист сатады. Қорытынды: Империалисте 20 теңге пайда болды, ал Империалистке теңге сатқан Капиталисте 20 теңге қалып, қосымша $2 пайда болды. «Теңге көлемі» өзгермеді, яғни 40 теңгені құрады. Бағам $1 = 10 теңге.
Егер Капиталист (немесе Империалист) доллар сатып алғысы келмесе, басқа Империалист Қазақстанға доллар енгізген кезде, Монкап ағымдағы бағам бойынша теңге басып, Империалистке долларға айырбастауға міндетті. Яғни, Монкап 1-нұсқа бойынша жасау қажет (келген долларға теңге басып беру).
Қосымша Парақ #3. Капиталист тауарының толық құны = 30 теңге.
Егер Капиталист өз тауарын «Әлемдік нарыққа» сататын болса, онда бағам $1 = 60 теңге болуы керек. Себебі «Әлемдік нарық» әрқашанда тауарды тек $0,5 бойынша сатып алды, яғни осы жағдайда Капиталисттің алған $0,5, бағам бойынша 30 теңгені құрайтын болады.
Егер теңге бағамы жоғары болса, мысалы $1 = 10 теңге, онда Капиталист өз тауарын «Әлемдік нарыққа» сатады да, $0,5 немесе бағам бойынша тек 5 теңге алады. Осы жағдайда Монкап Капиталистке субсидия (айырмашылық) төлеуі тиіс, алынған 5 теңге мен тауардың толық құны арасындағы айырмашылықты (30 теңге), яғни әрбір сатылған тауар үшін 25 теңге төлеуі қажет.
Формула: Субсидия = (30 – ($0,5 * бағам))*«экспортталған тауарлар саны».
Егер теңге бағамы $1 = 60-ден жоғары және субсидия болмаса, Капиталист өз тауарын «Ішкі нарықта» сата алады. Алайда бұл жағдайда «Халық кірісі» Капиталистке бір тауары үшін 30 теңге беруге мүмкін болатындай жеткілікті болуы керек.
Қосымша Парақ #4. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуылы кезінде Империалисттің әрекеті.
Теңге сатып алу. Мақсаты: Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі.
Мысалы: Бағам $1 = 20 теңге. Империалист $3 айырбастап, 60 теңге алды. Осы ештеңемен қамтамасыз етілмеген 60 теңге «Ішкі мұнай бағасының» $2 өсуіне әкеледі (әрбір 30 теңге $1 өсіреді).
Теңге сатып алу. Мақсаты: «Алып-сатарлық» арқылы алып келген долларынан да көбірек доллар алып кету.
Мысалы: $1-ды 20 теңге бағамы бойынша сатып, $1 = 10 теңге болған кезде $1 сатып алу.
Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен субсидияның өсуі, содан соң Инфляция және «Ішкі мұнай бағасының» өсуі.
Мысалы: Қазақстанда $1 және «Теңге көлемі» = 60. Бағам $1 = 60 теңге. Империалист елге $2 әкеледі. Енді елде $3 және 60 теңге. Жаңа бағам 60/$3 = 20 теңге.
Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен «Халық тұтынуының» өсуі.
Мысалы: «Халық кірісі» = 10 теңге. $1 = 10 теңге бағамы кезінде 2 импорттық тауар сатып алуға болады (әрқайсысы $0,5 немесе бағам бойынша 5 теңге). $1 = 5 теңге деген бағамда 4 импорттық тауар сатып алуға болады (бағам бойынша әрқайсысы 2,5 теңге).
«1998 Азия дағдарысы». Империалист Монкаптан теңге сатып алады, кейін өзінде бар теңге көлеміне 100% сәйкес Монкаптан несие алады, осыдан кейін сатып алған теңгесін сатып, орнына доллар алған соң Монкап елінен шығарады. Осыдан кейін, Монкапқа теңге бағамын қайта есептету мақсатында, Империалист $0,5-ды теңгеге айырбастайды және егер осы сәтке дейін Қазақстанда «теңге көлемі» бұрынғы қалпында қалып, ал «$ көлемі» азайса, онда теңге бағамы төмендеп, өзінің теңгелік несиесін жабу мақсатында Империалистке Монкаптан алған несиеге қарағанда әлдеқайда аз доллар қажет болады.
Мақсаты: Монкап долларсыз қалады, девальвация, Капиталистке Монкаптан осы және келесі кезеңде несие алуына тыйым салынады.
