- •Ойын ережелері.
- •Халық жалақысы.
- •Монкаптың Қазақстан экономикасын қорғау үшін қолданатын Заңдары.
- •Долларды сату ережесі.
- •Империалисттер теңге сатып алған және елде «Доллармен депозит ашуға тыйым салу» және «Капитал шығаруға тыйым салу» деген заңдар болмаған кездегі Империалисттердің шабуылына тойтарыс беру:
- •5. Империалисттердің жалау орнатуы:
- •6. Қазақстандағы зауыттан Империалисттердің алатын табысы:
- •7. Қазақстандағы кен орындардан Империалисттердің алатын табысы:
- •Қазақстандағы Империалисттің банкі.
- •10. Империалисттер Қазақстандағы келесі нәрселерге мән беру қажет:
- •11. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуыл.
- •Ойынның жалпы ережелері.
- •Ойыншылар арасындағы несие шарттары.
- •«Халықтың тұтынуы».
- •Басымдылық ережесі.
- •Қосымша парақ.
10. Империалисттер Қазақстандағы келесі нәрселерге мән беру қажет:
Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі: Мұнай сатып алуға ақша жетпей қалған Капиталист зауыттары ойыннан шығып кетуі мүмкін.
Теңге девальвациясы: Капиталистке Монкаптан осы және келесі кезеңде несие алуға тыйым салынады; қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге болады.
Теңге ревальвациясы: «Халық тұтынуы» өсуі керек, себебі теңгедегі «Халық жалақысына» енді «Әлемдік нарықтан» көбірек тауар сатып алынады. Империалист алып келген долларынан да көбірек доллар алып кете алады.
Субсидияның болмауы: Әр тауары үшін 30 теңге алмаған Капиталист зауыттары ойыннан шығады.
«Халық тұтынуы» өспеді немесе төмендеді: Монкаптың жалауы бар кез келген кен орын аукцион арқылы тартып алынады.
«Халық кірісінің» төмендеуі: Монкаптың жалауы бар кез келген кен орын аукцион арқылы тартып алынады.
11. Теңгеге және Қазақстанның қаржы жүйесіне шабуыл.
Теңге сатып алу. Мақсаты: Инфляция/«Ішкі мұнай бағасының» өсуі.
Теңге сатып алу. Мақсаты: «Алып-сатарлық» арқылы алып келген долларынан да көбірек доллар алып кету.
Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен субсидияның өсуі, содан соң Инфляция және «Ішкі мұнай бағасының» өсуі.
Доллар енгізу. Мақсаты: ревальвация, кейіннен «Халық тұтынуының» өсуі.
«1998 Азия дағдарысы»: Мақсаты: Монкап долларсыз қалады, девальвация, Капиталистке Монкаптан осы және келесі кезеңде несие алуына тыйым салынады.
Мысалдар #4 Қосымша Парағында көрсетілген.
Ойынның жалпы ережелері.
Мұнай бағасын әр кезеңнің басында АҚШ белгілейді және ол кезеңнің соңына дейін сақталады. Бірінші кезеңде 1 мұнай = $1. Әрі қарай, АҚШ бағаны көтереді/түсіреді. Баға келесі сандар бойынша белгіленеді: $0,25; $0,5; $1, $1,5, $2. Сандарды секіріп өтуге болмайды. Ең төменгі деңгейде мұнай бағасын 3 кезең бойына ұстап тұруға болады. Егер АҚШ ойыннан шығып кетсе, онда мұнай бағасын осы сәттен бастап ойынның соңына дейін Басымдылық ережесі бойынша анықталған Империалист бекітеді.
«Әлемдік нарық». Бұл жерде Ойыншылар өз «Халық тұтынуын» жасау үшін $0,5–ға тауар сатып алады немесе өзінде бар зауыттарының тауарын $0,5–ға сатады. Бұл жерде АҚШ бекіткен баға бойынша мұнай сатуға болады және тек АҚШ, Қытай алаңдарында орналасқан зауыттарға ғана мұнай сатып алуға болады.
«Зауыт/тербелме» карточкасы. Әр кезең Империалисттер «Әлемдік нарықтан» сатып алатын зауыт/тербелме саны көрсетілген бір карточкадан алады. Бір зауыттың немесе тербелменің бағасы $5. «Әлемдік нарықтан» сатып алынған, бірақ орнатылмаған зауыт/тербелмені қайтадан «Әлемдік нарыққа» кері сатуға болмайды. Империалисттерге осы сатып алынған зауыт/тербелмені $5-дан қымбат сатуға болмайды.
Келіссөз.
Монкап/Капиталист өз ақшасына Империалисттен данасы $5 тұратын бір немесе одан да көп зауыт/тербелме сатып алып жатса, онда Империалист сұранысқа ие болған зауыт/тербелме көлемін сату барысында сатудың Шартын қоюға не Шартсыз сатуға міндетті. Егер Империалисттің Шарты орындалса, онда Империалист зауыт/тербелме сатуға міндетті.
Империалистке сатудың бір Шартында келесі төрт шарттың біреуін талап етуге болады:
бір кен орыннан үлес беру туралы; бірақ басқа Империалисттің жалауы тұрған кен орыннан үлес сұрауға тыйым салынған. Мұнай фишкасынан сұралатын үлес 0,5-ке бөлінетіндей болу қажет, яғни: 0,5; 1; 1,5; 2; 2,5; 3; 3,5; 4.
әлдеқашан бар кен орыннан Империалистке өз үлесін арттыру туралы;
бір заңның күшін жою туралы, егер Монкап келіссе, онда осы және келесі кезеңде сол Заң жұмыс істемейді;
әлдеқашан бар зауыттан Империалист өз үлесін арттыру туралы;
Империалистерге бірдей Шарт қоюға және айтылған Шартын өзгертуге тыйым салынған.
Монкапқа тыйым салынады:
бір кен орыннан әртүрлі Империалисттерге үлес беруге;
бір Империалисттің жалауы орналасқан кен орыннан үлесті басқа Империалистке сатуға;
Империалисттерден немесе Капиталисттен зауыт сатып алуға.
Зауыт орнатылғаннан кейінгі келесі кезеңнен бастап жұмыс істейді. Бір мұнай фишкасынан бір кезеңде зауыт максимум 3 тауар өндіреді. Кезеңдердің бірінде зауыт мұнайсыз қалса, немесе бірде-бір тауар сатпаса, ойыннан шығады. Капиталисттің зауыты бірінші шартқа қосымша ретінде әрбір сатылған тауарлары үшін теңгеде немесе бағам бойынша долларда 30 теңге алмаса, ойыннан шығады. Барлық өндірілген, бірақ сатылмаған тауарлар, келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.
Кен орын тербелме орнатылғаннан кейінгі кезеңнен бастап жұмыс істей бастайды. Тербелмесі бар кен орын өзінің қуаттылығына сәйкес бір кезеңде бір рет мұнай өндіреді. Кен орынға орнатылған тербелмені кен орыннан бөлек сатуға немесе басқа кен орынға қайта орнатуға болмайды. Барлық өндірілген, бірақ сатылмаған мұнай келесі кезеңге өтпей, күйіп кетеді.
