- •Жүйелік шолулар мен әдебиет шолуларының айырмашылығы
- •Жүйелік шолулардың мүмкіншілігі мен шектеулері
- •Жүйелік шолулардың өткені, қазіргісі және болашағы
- •Жүйелік шолулардың негізгі ерекшеліктері
- •Метаанализ
- •Метаанализ жүргізгенде байқалатын проблемалар
- •Есеп 1.
- •Серопозитивті cagA және асқазанның қатерлі ісігі арасындағы байланыс туралы жүргізілген метаанализ
Жүйелік шолулардың мүмкіншілігі мен шектеулері
Дұрыс жүргізілген жүйелік шолудың қорытындысының тәжірибелік дәрігерге маңызы жоғары. Бізде көптеп шығарылатын медициналық әдебиет шектен тыс және уақыт тапшылығынга байланысты арнайы зерттеу қорытындыларынан басқа кең көлемді хабарламалады қараймыз. Кең көлемді мақалалар бізің біліміміздің қазіргі заман деңгейінде болуына көмектеседі. Жоғары сапалы жүйелік шолулар белгілі жағдайлардың шегін және ғылыми дәлелденген фактлердің барлығы жайлы толық білуді қамтамасыз етеді. Жеке зерттеулер нақты клиникалық сұраққа толық жауап бермеуі мүмкін, ал жүйелік шолулар осы мәселені шешуге тәжірибелік дәрігерлерге көмектеседі. Алғашқы зерттеулерді сынмен бағалай отырып жүйелік шолулар әр түрлі зерттеулер арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бірнеше кіші көлемді зерттеулердің қорытындыларын сандық жағынан біріктіре отырып метаанализ толық, дәл және жан-жақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, таяуда жарияланған шолуда тағамда белок көлемін шектеу диабеттік және басқа этиологиялы бүйрек ауруларының одан әрі үдеуін тоқтататынын көрсетті. Сонымен бірге, бірнеше зерттеулердің жүйелік шолуынан алынған қорытындылар қандай топтағы науқастарға қолдануға болатынын анықтап берді.
Жүйелік шолулар зерттеушілерге де қажет, өйткені қолда бар мәліметтердің суммациясы арқылы гипотезаларды жетілдіріп, зерттеуге қажетті таңдаулар көлемін анықтауға, болашақтағы зерттеулердің жоспарын жасауға көмектеседі. Бұл шолусыз зерттеушілер маңызды бағыттардан қиыс кетіп, шешілген сұрақтарды қайта қарауы мүмкін. Денсаулық сақтау ұйымдастырушыларына бұл шолулар қолда бар ресурстармен оптмальды нәтиже беретін медициналық көмектің саясатын таңдауға көмектеседі.
Жүйелік шолулар клиникалық проблемаларды шешуге көмектеседі, бірақ клиникалық тәжірибені алмастырмайды. Дәрігерлер нақты науқасқа осыған ұқсас жағдайға сүйене отырып, жеке тәжірибесіне, логикалық құраулар мен теориялар және ғылыми негізделген зерттеу қорытындылары негізінде рекомендациялар береді. Қандай да бір емнің тімділігі жайлы теориялық жақсы білуі оны нақты науқас емінде қолдануды ешқашан алмастырмайды. Ғылыми негізделген нұсқаулар тәжірибеде еш сынаусыз, ессіз, дұрыс қолданбаса жаман тәжірибелік қорытындыларға әкелуі мүмкін. Медицинада шешім қабылдау структурасы өте күрделі; ол үшін әдігер науқаспен әр бетпе-бет кездескен сайын білімін, іс- әрекетін, моральды-этикалық құндылықтар мен ғылыми негізделген фактлерді біріктіріп отыруды қажет етеді.
Жүйелік шолулардың өткені, қазіргісі және болашағы
Жалпы шолу мақалалардың таралуы тез өзгеріп отырады; жыл сайын шығарылатын жүйелік шолулардың саны өткен онжылдықта 500 есе ұлғайды. Қазір бір біріне өте ұқсас клиникалық сұраққа жауап беретін бірнеше жүйелік шолуларды кездестіруге болады. Мысалы, кальцийдың артериальды қысымға әсерін бағалау жайлы екі метаанализ, бір айда жарияланды. Бір біріне байланыссыз жүргізілген және қорытындылары ұқсас шолулар кездесуі мүмкін бірақ, бұл зерттеушілерді басқа салаларда жүргізілетін қажетті зерттеулер жүргізуден көңілін аударуы мүмкін. Егер бірнеше шолудың қорытындысы ұқсас, ал беретін нұсқаулары әр түрлі болса жағдай ушыға түсуі мүмкін, мұндай жағдай интенсивті терапия бөліміндегі нақастарды қарау туралы 5 жыл көлемінде жүргізілген бес метаанализ қорытындысында байқалды. Разрешить разногласия между Метаанализдер арасындағы түсініспеушіліктерді шешуге болады жаңа методологиялық жоғары деңгейдегі жүйелік шолу тағайындау арқылы, онда барлық қолда бар мәліметтерді қайтадан синтезделеді. Өткен 10 жыл ішінде қолданылатын шолу мақалаларды сынмен бағалау жайлы жаңа методикалық ұсыныстар құрастырылды. Арнайы зерттеулер мәліметтерін интерпретациялау схемасы және дәлелдер деңгейі мен ұсыныстарды негіздеу дәрежесін қолдана отырып жүйелік шолуларды құрастыруды бірнеше топ зерттеушілер жетістікпен қолдана алды. Емде тромбоздарды болдырмаудың Американдық пульмонологтар коллегиясының келісу конференцияларында емдік нұсқауларды ғылыми дәлелділік дәрежесі бойынша жіктейді — яғни, үлкен көлемді, қатал жүргізілген, рандомизирленген зерттеулер, метаанализдер, сырттан бақылаушы зерттеулер немесе сарапшы маман ойына негізделгендігі көрсетіледі.
Халықаралық атауы Cochrane Collaboration, ғылымдар қауымдастығы емдік кірісулерге қатысты жүйелік шолуларды дайындауға, оны үнемі толықтырып отыруға және қорытындыларын таратып отыру үшін құралған. Cochrane кітапханасы — осы қауымдастықтың ең алғашқы үлкен масштабты, көп пәнді атқарған жұмысының бірі. Ол әр квартал сайын толықтырылып отырылады, 1997 ж. қаңтарда 159 аяқталған жүйелік шолуы болды және Cochrane Collaboration шеңберінде дайындалған тағы да 199 жүйелік шолу жарық көруге дайын, мұнда 1600 астам басқада жүйелік шолулардың түйіндері бар, 110 мыңнан астам бақыланатын зерттеулер тізімі және 400 астам жүйелік шолуды дайындау әдісі жайлы библиографиялық мақалалар бар.
Жүйелік шолулардың болашағы қандай? Медицинаның әр түрлі салаларын қамтығанымен оның мүмкіндіктері әлі шектеулі. Cochrane Collaboration осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Мәліметтерді бағалауға арналған ғылымның зерттеулері алынған жүйелік шолу қорытындыларының сапасы мен құндылығын жоғарылатуға көмектеседі. Бұл шолуларды жүргізудің неғұлым тиімді әдістері құрастырылады. Болашақта осы шолулардың науқастарға, денсаулық сақтаудың басшылары қолына жетімділігі жоғарылайды, бұл, дәрігерлердің өз жұмысында жүйелік шолу қорытындыларын өздері белсенді іздестіріп, талқылап, қолдануына итермелейді. Информационды технологиялардың қарқынды дамуы ақпаратқа медициналық көмек беру орнында қол жеткізуге мүмкіндік береді, бірақ тәжірибелік дәрігерлердің осы технологияны қолдана білуі керек болады. Мәліметтерді беру форматы медиктер мен науқастарға ыңғайлы болады. Клиникалық шешім қабылдауда жүйелік шолулардағы ақпаратты енгізудің тәжірибелік әдістері құрастырылып таратылып отыратын болады. Осы прогрессті дәрігерлер күте отырып, қазіргі кезден бастап жүйелік шолу артықшылықтарын пайдалана беруі керек.
