Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема12-1каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

Метаанализ жүргізгенде байқалатын проблемалар

  • Эффектлер өлшемі толық гетерогенді.

  • Бағалау кезінде бірнеше маңызды сандардың түсіп қалуы.

  • Кейбір зерттеулерде бақылау тобы болмауы мүмкін.

  • Тіпті эффектіні бағалауы болмауы мүмкін тек, р-сандар немесе F-статистика.

  • Стандартты қиыс кету мен вариациялар жөнінде ақпараттың болмауы.

  • Әр зерттеу ішінде көптеген өлшеулердің болуы.

Зерттеудің шектеулерін анықтау

Зерттеудің шектеулерін анықтау маңызды болады және оны білу әрі қарай мүмкін болатын зерттеу жүргізу салаларын айқындауға көмектеседі.

Неғұрлым белгілі ортақ шектеулер

  • Потенциальды кедергі келтіретін факторлар жайлы дұрыс емес ақпарат.

  • Экспозиция туралы толық ақпараттың болмауы.

  • Салыстыруға келетін популяцияның болмауы.

  • Экспозициялар мен аурулардың индивидуальды деңгейдегі экологиялық зерттеулердегі өзара әсерлесулері жайлы ақпараттың болмауы, аурудың биологиялық механизмі жайлы толық білімнің болмауы, топтар құрағанда жүйелік қателедің болу мүмкіндігі.

  • Кездейсоқ таңдаусыз экспозициялар, «жағдай-бақылау» зерттеулеріндегі респонденттердің қатысының пайызы төмен болуы, қате жіктеулер. Көлденең зерттеулердегі уақыттық өзара әсерлесулерді зерттеу шектеулері. Тікелей зерттеулердегі қарастырғандағы жағалған мәліметтер.

Есеп 1.

Мынандай зерттеудің метаанализі жүргізілген үйде пассивті темекі тарту мен өкпенің қатерлі ісігі арасындағы байланыс туралы. Табылған 9 зерттеулерде әр түрлі әдістер қолданылған. Мысалы, бір зерттеу когортты болған, басқалары — жағдай — бақылау. Бір зерттеулерде больницада анықталған ақпаратты алған, басқалары үйінде тұратын сау адамдарды қосқан. Екі зерттеу соқыр болған, сондықтан ин­тервью алатын адам қандай жағдаймен жұмыс істейтінін білмеген ауру ма әлде оны бақылауы ма. Темекі тартуы жайлы ақпарат нөлден (сау адамдар арасындағы зерттеуде) және науқастар арасында 70 % көрсеткен. Тағы да айырмашылығы бары дефиницияларда «тартпайтын» және тарту дәрежесі бойынша: бір зерттеуде адамдар темекі тартуы бір жағдайдан екінші жағдайға дейін яғни үнемі тартпайтындар, оларды тіпті темекі тартпайтындарға қосып жіктеген, ал екінші бір зерттеуде темекі түтіне қатысты болғандар мен оған ешқандай қатысы болмағандар және темекі түтініне күніне 4 сағат әсері болған адамдар тобын бір бірімен салыстырған.

• Осы 9 зерттеуге қатысқандардың қауіп мүмкіндіктерін біріктіруге бола ма ?

Есеп 2.

MEDLARS жүйесінде іздестіру мен Current Contents мақалалар мен сілтемеледі қарау арқылы витамин А қосу эффектісінің бала өліміне әсері жайлы 12 бақыланатын клини­калық зерттеудің идентификациясы алынды. Төрт зерттеуді больницада корьмен сырқаттанған балаларда жүргізілген. Сегіз зерттеуде әр түрлі деревня, районда тұратын қауымдастықтардағы балаларды қамтыған ал сол жердің тұрғылықты адамдарын емдеу тобы мен бақылау тобына алған.

• Барлық 12 зерттеудің қорытындыларын метаанализге кіргізуге бола ма?

Білімнің қорытынды бақылауы

Мына сұрақтарға жауап беріңдер

  1. Жүйелік шолулардың анықтамасы мен негізгі мінездемелерін беріңіз.

2.Жүйелік шолулар мен әдебиет шолулары арасындағы негізгі айырмашылықтарды атаңыз?

  1. Жүйелік шолулардың мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетіңіз.

  2. Жүйелік шолуларды құрудың негізгі этаптарын көрсетіңіз.

  3. Жүйелік шолуларға зерттеулерді таңдаудың принциптерін атаңыз.

  4. Метаанализ түсінігінің анықтамасын беріңіз.

  5. Метаанализ жүргізудің негізгі типтерін атаңыз.

  6. Метаанализ тәжірибесінде қолданылатын зерттеу қорытындыларының көрсеткіштерінің анықтамасын беріңіз.

  7. Метаанализ қорытындыларын көрсету әдістерін көрсетіңіз.

  8. Серопозитивті cagA және асқазанның қатерлі ісігі арасындағы байланыс туралы жүргізілген метаанализдің талдауын беріңіз