Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bank_isi_ma_1179_ysh_kitabi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау

Иневстициялық жобалардың тиімділігін бағалау негізінен жобаға жұмсалған шығындардың қайтарымдылығын анықтауды сипаттайды.

Инвестициялардың тартымдылығын бағалау көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • таза ағымдық құнды анықтау әдісі;

  • инвестицияның рентабелділігін есептеу әдісі;

  • ішкі пайда нормасын есептеу әдістері.

  • инвестицияның өтелу мерзімін есептеу әдісі.

Инвестицияны талдаудың таза ағымдағы құнын анықтауға негізделген әдісін пайдалану, инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде фирманың құныдылығын арттыру мынадай екі бірдей алғышарттан туындайды:

1. кез-келген фирма өзінің бағалылығын жоғарлатуға ұмтылады;

2. әр уақыттағы шығындардың құны бірдей емес.

Таза ағымдағы құн (NPV) - бұл инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы мен оларды ағымдағы дисконтталған құны және жобаны іске асыру үшін қажетті барлық шығындарды ағымдық құндарының дисконтталған сомасы арасындағы айырманы білдіреді.

CF1 CF2 CFn n CFt

NPV  ------- + ------- +…..+ ------- - І0   ------ - І0 немесе

(1+k)1 (1+k)2 (1+k)n t1(1+k)t

n CFt

NPV  ------ - І0

t1 (1+k)t

CFt - (ағылшынша Cash flow) – ақшалай қаражаттардың t-уақыт кезеңінің соңына түсуі.

І0 – (ағылшын. Іnvestment) – бастапқы қаражаттар жұмсалымы.

Егерде жобаның таза ағымдағы құны NPV оң көрсеткішті көрсетсе онда инвестициялық жобаның іске асырудан фирманың бағалылығы артады, сөйтіп инвестициялау оның пайдасына жүреді, яғни ол жобаны тиімді жоба деп аталады.

Инвестицияның рентабелділігінің (PІ) есебінің әдісі, бұл таза ағымдағы құнды анықтау әдістерін толықтырады. Инвестицияның рентабелділігі – инвестордың байлығының 1 теңгеге шаққандағы құндылығын анықтайтын көрсеткіш болып табылады. Рентабельділікті анықтау мынадай кестемен анықталады:

n CFt

PІ   ------ І0

t1 (1+k)t

Бұл инвестицияның рентабельділік көрсеткішті кейде “табыс-шығын” коэффиценті деп те атайды.

Егерде NPV оң санды көрсетсе, PІ бірден жоғары болады (PІ>1), ал егер NPV<0 болса онда PІ<1 болады. Демек PІ>1 үлкен болса онда мұндай инвестициялық жоба тиімді.

PІ –ға көңіл бөлу яғни оны инвестициялаудың абсалюттік тиімділігі ретінде қару талдаушыға инвестициялық жобаны келесідей екі аспектіде зерттеуге мүмкіндік береді:

Біріншіден, оның көмегімен инвестициялық жобаның тұрақтылық шамасын білуге болады.

Екіншіден, PІ инвестицияны талдаушылар үшін әртүрлі инвестицияларды саралаудың сенімді құралы болып табылады.

Инвестицияны бағалаудың қарапайым әдістер бұл ақшалай түсімдермен шығындарды дисконттау тұжырымдамасы сияқты, инвестицияның тиімділігін тура бағалауда ертеден және кеңірек қолданылып келе жатқан инвестицияны бағалау әдістері қатарына жатады. Бұл қарапайым әдіс қосымша ақпараттар алуға көмек береді және сәтсіз ақшалай қаражат жұмсау тәуекелдігін төмендетеді.

Инвестицияны бағалаудың ең басты қарапайым әдісі бұл инвестицияның өтеу мерзімін есептеу әдісі болып табылады.

Бұл әдіс инвестицияның бастапқы сомаларын жабу үшін мерзімін анықтаудан тұрады. Инестицияның өтелу мерзімін (PP- payback perіod) есептеу формуласы келесідей:

PP  І0 / CFt()

п

PP (payback perіod) - І0+CF1+CF2+CF3+….+CFt  - І0 +  CFt

t1

мұндағы,

PP - өтелу мерзімі

І0 – бастапқы инвестициялар

CFt()– инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдердің жылдық сомасы

Ішкі пайда нормасын есептеу әдісі. Ішкі пайда нормасы немесе инвестицияны өтеудің ішкі коэффиценті (ІRR – іnternal rate of return). ІRR – мәні жағынан инвестициялауға бағытталған қаражаттың өтелу деңгейін және табиғаты жағынан қаржылық менеджменттің басқадай аспектілерінде пайдаланатын пайыз мөлшерінің әр түріне жақын келеді. Экономикалық табиғаты жағынан, ішкі пайда нормасына ең жақыны:

Банктердің өз жинақ шоттарына қоятын табыстылықтың нақты жылдық мөлшері, (яғни күрделі пайыздық есептеу сызбасы бойынша есептелетін, бір жылғы табыстылықтың номиналдық мөлшері).

Күрделі пайыздық есептеу сызбасы бойынша бір жылға ссуда бойынша нақты пайыз мөлшері.

ІRR – келтірілген пайданы келтірілген шығынмен теңестіретін дисконттық мөлшерлеме коэффицентін білдіреді. Бұл коэффицент таза келтірілген құныды нөлге теңестіреді. Бұл көрсеткіштің мәні инвестициялық жобаға жұмсалымның табыс деңгейінің шегін белгілейді.

Егер ІRR-дің мәні r арқылы белгілесек, онда r-ді мынадай формуламен табамыз:

n­ CFt

---------- - І0  0 немесе NPV  0

t0 (1+r)t

Бұл көрсеткіштерді есептеуде арнайы калькуляторлар және кесте немесе график тұрғызу әдістері қолданылады.

ІRR бойынша жобаны таңдау келесідей түрде жүзеге асырылады:

а) егер ІRR > r – жоба тиімді

ә) егер ІRR < r – жоба тиімсіз

б) егер ІRR  r – жобаны қаржыландырудан таза пайда өзгермейді кез келген шешімді қабылдауға болады.

Жобалық несиелеуге және оның тиімділігін бағалауға байланысты отандық екінші деңгейдегі банктердің бірінің “Сарыарқа” фирмасын несиелеу тәжірибиесін мысалға келтірейік.

“Сарыарқа” фирмасының қызметіне сипаттама.

Бұл жоба бойынша Германия “Mіchael Weіnіg AG” компаниясының толық өндірістік циклінің технологиялық желісі негізінде терезе және есік көсіктерін дайындайтын цех құру жоспарланған.

Берілген жоба өзінің сапасы жағынан еуропалық стандартқа жауап беретін, ағаш терезелер мен ағаш көсіктерді өндіруді қарастырады.

Жобаның іске асырылуы үшін 1575601 АҚШ доллары қажет, соның ішінде:

  • құрал-жабдық сатып алуға жасалған

контрактіні төлеуге -796000 $;

  • қосымша құрылыс және монтаж

жұмыстарына -150000 $;

  • тасымалдау, кеден алымдарын,

бажын, ҚҚС төлеу шығыстары - 210942 $;

- іске қосу мерзімінің шығындары - 100000 $;

- көрінбейтін шығыстар - 30000 $;

- айналым қоры - 260000 $;

- банкке төлейтін комиссиондық ақы - 27659 $.

“Сарыарқа” фирмасы 2005 жылдың екінші жартысынан бастап, аталған өндірісті құрумен айналысып келеді. 2005 жылы қараша айының 30-шы жұлдызында германияның “Mіchael Weіnіg AG” компаниясымен құрал-жабдықпен жабдықтау туралы контракті жасасады.

Негізгі қызмет түрі: құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау (азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс, жер жұмыстар, жол құрылысын салу), құрылыс бұйымдары мен конструкцияларды өндіру, автокөлік қызметін көрсету, қойма қызметін көрсету, туризм, күзет, коммерциялық, делдалдық қызмет, ақпараттық, заңи, кеңес беру және маркетингтік қызмет көрсету.

Соңғы 2-3 жылдағы жылдық ақша айналым орта есеппен 4 млн АҚШ долларын құрайды.

“Сарыарқа” фирмасының қаржылық жағдайы тұрақты, салық органдары, банктер және жабдықтаушы компаниялар алдында қарызы жоқ.

Жеке немесе топтық тапсырыстар бойынша бағдарламасы бар, терезенің көсіктерін дайындауға мүкіндік беретін ЭЕМ-мен жабдықталған - “Униконконтроль-10/5” әмбебап станогының негізгі технологиялық желі болып табылады.

Жобаның басты мақсаты әлемдік стандартқа жауап беретін жоғарғы сапалы терезе және есік көсіктерімен нарықты толтыру болып табылады. Республикадағы құрылыс материалдарының нарығын оқып-білу, республикалық кәсіпорындардан шығарылатын мұндай типтегі өнімдердің жоқтығын куәландырған.

Бұл жоба республика тұрғындарының тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тұрғын үй құрылысын дамытуға бағытталған 2005-2007жж. ҚР-да қабылданған “Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының” міндеттеріне сәйкес келеді.

Бұл фирманың нарықта аталған өнімді шығаруға байланысты бәсекелестері бар. Өндірілетін өнімнің 40 пайызға жуығын Қырғызстан мен Ресей елдерінде сатуға болады деп күтілуде. Өнімді негізгі тұтынушылар республика тұрғындары болып табылады.

Төменде берілген 24- кестеде аталған фирманың жобалық құны берілген.

24-кесте .

Жобаның құны

(АҚШ долларында)

N

Ақшалай жұмсалым

дар

Заттай жұмсалымдар

Барлығы

1

Цех ғимараты

261356

261356

6-кестенің жалғасы

2

Жерді пайдалану құқы

65000

65000

3

Цех ғимараты бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарға кететін қосымша шығындар

150000

150000

4

Контрактіні төлеу – барлығы (1161600 еуро)

796000

796000

оның ішінде:

- құрал-жабдық құны (1094600 еуро)

750110

750110

- қосу-құру жұмыстары (58000 еуро)

39726

39726

- персоналдарды оқыту (9000 еуро)

6114

6114

5

Брестен Алматыға тасымалдау құны

42500

42500

6

Тасымалдауды сақтандыру 1

7500

7500

7

Қазақстандағы кеден алымдары мен бажы 800110 х 0,002  1600

1600

1600

8

Импортқа ҚҚС - 15

801710 х 0,15 120257

120257

120257

9

Қосу кезеңінің шығын-дары (контрактіде көр-сетілмегенінен басқа)

100000

100000

10

Көрінбейтін шығындар

30000

30000

Нәтижесі

1287942

326356

1614298

11

Айналым қоры

260000

260000

12

Банкке комиссиондық ақы (2)

27659

27659

13

Құрылыс кезінде есеп-телетін пайыздар

69147

69147

14

Өтелу мерзімі уақы-тында есептелетін пайыздар

172866

172866

Барлығы

1817614

326356

2143970

Жобаның құны біршама жақын жасалған. Мұндағы құрал-жабдықтар құны, қосу-құру жұмыстары және қызмет көрсететін персоналдарды оқыту шығыстары, 12.07.2005 ж. Германияның аталған фирмасымен жасалған келісім шартта анықталып, бағасы келісілген.

Аталған жобаны қаржыландыру көздеріне қарай олардың өзара үлесін, оның ішінде банктің несиесінің үлесін анықтаудың маңызы бар. Ол туралы 25-шы кестеден көруге болады.

25-кесте.

Жобаны қаржыландыру көздеріне байланысты бөлу

(АҚШ долларында)

N

Көздер

Барлығы

соның ішінде,

ақшалай бейнеленуі

заттай бейнеленуі

үлесі%

1

Ақшалай бейнеленген фирманың акционерлік капиталы

192659

192659

10,1

2

Заттай бейнеленген фирманың акционерлік капиталы

326356

326356

17,2

3

Несие

1382942

1382942

72,7

Барлығы

1901957

13288240

326356

100,0

7-шi кестеден көріп отырғанымыздай барлық жұмсалатын сома 1901957 АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде: жобаны іске асырудағы “Сарыарқа” фирмасының жұмсалымы - 519015 АҚШ доллары немесе 27,3-ті ал, несие жұмсалымы - 1382942 АҚШ долларын немесе 72,7-ті құрайды. Соңғы көрсеткіштен несиенің аталған фирманың айналым капитал шеңберіне қатынасу үлесінің өте жоғарылығын көруге болады.

Яғни, несие күрделі шығынға және айналым қорын толықтыру үшін 1382942 АҚШ доллары сомасында қажет. Ал, “Сарыарқа” фирмасының жобаланған цехының ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары меншікті қаражат есебінен жүргізіледі.

Жобаны қаржылық талдау несиенің басты қайтару көзі болып табылатын “Сарыарқа” фирмасының ақшалай қаражат ағымын талдаудан басталады. Фирманың балансы мен пайда және зиян туралы есебі берілген.

Ақшалай қаражаттарды талдауға фирманың ақшалай қаражаттары қозғалысы туралы 5 жылға жасалған кестесі 26- кестемен берілген

26-кесте.

“Сарыарқа” фирмасының

ақшалай қаражаттарының ағымы

(мың АҚШ доллары)

Несие бергеннен кейінгі жылдар

1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 жыл

5 жыл

Операциялық қызметі

Ақшалай қаражаттардың түсуі

Сату

1 063 398

2 515 754

2 515 754

2 515 754

2 515 754

8-кестенің жалғасы

Барлық келіп құйылған ақшалай қаражат

1 063 398

2 515 754

2 515 754

2 515 754

2 515 754

Ақшалай қаражатардың жұмсалуы

Өнімнің өзіндік құны

772 162

1 639 217

1 639 217

1 639 217

1 639 217

Тауарлы –материалдық запастар

-534 231

73 795

0

0

0

Қысқа мерзімді алашақ қарыз

158 132

221 385

0

0

0

Алдағы уақыт шығындары

171 536

240 150

0

0

0

Қысқа мерзімді берешек қарыз

158 132

221 385

0

0

0

Еңбек ақы бойынша қарыз

67 000

93 800

0

0

0

Негізгі құралдардың тозуы

142 245

142 245

142 245

142 245

142 245

Бюджет алдындағы қарыз

6 940

9 005

0

0

0

Әкімшілік шығындары

69 833

167 600

167 600

167 600

167 600

Көрінбейтін шығындар

52 711

126 506

126 506

126 506

126 506

Кеден бажы мен алымдарын төлеу

58 511

140 427

140 427

140 427

140 427

Салықтық төлемдерді төлеу

24 195

150 822

156 008

161 194

166 380

Бір реттік комиссияларды төлеу

34 574

0

0

0

0

Барлық жұмсалған ақшалай қаражаттар

433 111

2 293 467

2 087 513

2 092 699

2 097 885

Операциялық қызмет нәтижесі

630 287

222 287

428 242

423 056

417 869

Ақшалай қаражаттың жұмсалуы

Қаржылық қызмет

Ұзақ мерзімді қарыздың ағымдағы төлемі

0

345 736

0

0

0

Банктің ұзақ мерзімді несиесі

0

-345 736

-345 736

-345 736

-345 736

Пайыздарды төлеу

69 147

69 147

51 860

34 574

17 287

Қаржы қызметінің нәтижесі

69 147

69 147

367 596

380 309

363 022

Мерзім басындағы қалдық

192 691

753 799

906 938

937 584

980 331

Мерзім соңындағы қалдық

753 799

906 938

937 584

980 331

1035 178

7-ші кестедегі мәліметтерден аталған фирманың ақшалай қаржаттар тасқынын есептеу үшін бес жылдағы ақшалай түсімдердің барлық сомасынан ақшалай жұмсалымдар сомасын шегеріп тастап, нәтижесінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткіземіз, яғни ақшалай қаражаттар тасқыны: 1 жылы - 630 287 АҚШ долларын, 2 жылы - 222 287 АҚШ долларын, 3 жылы - 428 242 АҚШ долларын, 4 жылы - 423 056 АҚШ долларын және 5 жылы - 417 869 АҚШ долларын құрайды.

Бұл кестені талдаудан Фирманың банктен алатын несиені қайтарудағы негізгі көзінің, яғни ақшалай қаражаттарының жеткіліктілігін байқауға болады. Дегенмен де, бұл ақшалай қаражатар тасқынының алдағы уақытқа байланысты жасалған болжау екендігін ескере отырып, оның алған несиені қамтамасыз етуін талап етеді. Несиенің кепілмен қамтамасыз етуі бұл екінші реттегі несиені қайтару көзін құрайды.

“Сарыарқа” фирмасының жоспарланған несиелері мынадай кепілмен қамтамасыз етіледі :

  • баланстық құны 33977571 теңге немесе 536347 АҚШ доллары болатын “Сарыарқа” фирмасының 2005 жылғы 1-ші тамызға берілген баланс бойынша негізгі құралдардың құрамындағы 3 қабатты өндірістік-тұрмыстық ғимараты (2 қабаты - кеңсе және 1 қабаты- супермаркет);

  • баланстық құны 33113831 теңге немесе 522712 АҚШ доллар үлгілік типтегі өндіріс ғимараты;

  • құны 31081123 теңге немесе 490625 АҚШ доллары тұратын пластикалық терезелер мен есік өндіретін цехтың технологиялық құрал-жабдықтары;

Осы негізгі құралдардың жалпы құны 98172525 теңгені немесе 1549684 АҚШ долларын құрайды. Бұл негізгі құралдар басқа кепілге берілмеген және оған ешқандай да іздестіру жоқ.

Сонымен қатар, осы жоба бойынша сатып алғалы отырған, құны 750110 АҚШ доллары тұратын, кепіл баламасы 450066 АҚШ долларына тең құрал-жабдық кепілге берілуі мүмкін.

Кепіл болатын мүліктің жалпы құны 1999750 АҚШ долларын құрайды.

Бұл жобаның тиімділігін бағалауда да алдыңғы жобадағы пайдаланылған әдістер қолданылады.

1 .Банк несиесінің өтелу мерзімі (РР)

Жылдар

Ақшалай қаражаттардың қозғалысы

(АҚШ доллары)

Сомасы, (АҚШ доллары)

0

-1382942,00

-1382942,00

1

630 287

-752655,36

2

222 287

-530368,33

3

428 242

-102126,78

4

423 056

320928,73

5

417 869

738798,21

Банк несиесінің өтелу мерзімі  1 жыл  752655222287  3 жыл 4 ай

Мұндағы 1-ші жыл жеңілдікпен берілгендіктен жобаның мерзімін бағалау екінші жылдың табысы пайдаланылып және оның бастапқы инвестициялау сомасына қатынасы арқылы есептеледі.

  1. Таза ағымдағы құн (NPV)

Жылдар

Ақшалай қаражаттар қозағалысы

(АҚШ доллары)

Пайыз мөлшері (5)

Ағымдағы құн,

(АҚШ доллары)

0

-1382942

1

-1382942

1

630 287

0,95238

600272,39

2

222 287

0,90703

201621,01

3

428 242

0,86384

369932,18

4

423 056

0,8227

348047,77

5

417 869

0,78353

327413,28

Таза ағымдағы құн шамасы - 464344,63 АҚШ долларына тең.

Бұл көрсеткіштің оң мәнге ие болуы жобаның тиімділігін көрсетеді.

3. Инвестиция рентабельдігі (РІ)

Бастапқы инвестицялар, $

Таза ағымдағы құн, $

Инвестицияның рентабельдігі

1382942,00

464343,52

0,34

Инвестицияның рентабельдігінің мәні - 0,34 -ке тең

4. Ішкі пайда нормасы (ІRR)

Жылдар

Ақшалай қаражаттар қозғалысы, $

0

-1382942,00

1

630287

2

222287,03

3

428242

4

423055,52

5

417869,48

Ішкі пайда нормасы 17%-ке тең

Жобаны несиелеу шарты келесідей:

  1. Пайыз мөлшері – 5 % жылдық.

  2. Несиенің берілу мерзімі -5 жыл.

  3. Жеңілдік жылы – 1жыл.

Сондай-ақ банк несиенің және оған есептелетін қайтару пайыз сомасының қайтарылу графигін белгілейді. Оны 27-кестеден көруге болады.

27-кесте.

“Сарыарқа” фирмасының несиені

және пайызды қайтару графигі

Жыл

Есептік жылдың басындағы негізгі қарыздың сомасы

Пайызды төлеу сомасы

Негізгі қарызды төлеу сомасы

Қайтаруға тиісті негізгі қарыз сомасы

1

1382942

69147

0

1382942

2

1382942

69147

345736

1037207

3

1037207

51860

345736

691471

4

691471

34574

345736

345736

5

345736

17287

345736

0