- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланатыны белгілі.
Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады:
сандық және сапалық (соның ішінде әлеуметтік);
объективті және субъективті;
формалдық және формалды емес.
Банктік менеджменттің сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын және мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:
банк капиталының мөлшері;
құрылтайшыларының саны;
активтік және пассивтік операциялар көлемі;
клиенттерді саны;
экономика аясы мен жұмыс саласының саны;
жұмыстың жағрафиясы;
филиалдық торабының саны;
корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;
банктік өнімдердің саны және т.б.
Банктік менеджменттің сапалық көрсеткіштерін мынадай топтарға бөлуге болады:
Несиелік мекемеге қатысты қойылатын кәсіби талаптар тұрғысынан банктік менеджменті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:
банк капиталының жеткіліктігі;
банк активтерінің сапасы;
банктің пайдалылығы;
банк өтімділігі;
банк операцияларын жүргізу және құжаттарды өңдеу жылдамдығы;
ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі;
ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі және сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дәрежесі;
тәуекелдерді басқару дәрежесі;
Кез келген кәсіпкерлік құрылымға нарық экономикасының тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкерлерінің сәйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менеджменттің көрсеткіштері:
банк әкімшілігінің құрамы мен біліктілігі (тағайындалған лауазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тәжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару құрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақылаудың болуы және оның сапалығы және т.б.);
банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі бақылау және аудит ережелеріне сәйкес еңбек тәртібінің сақталуы;
банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орыналуы, заңдардың, нұсқаулықтардың және заңдық күші бар кез келген актілердің сақталуы (банк жүйесінің әр түрлі деңгейіне арналған нормативтердің, шектеулердің және ұсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бұзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы және т.б.)
банк әкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктурасындағы алдағы уақыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу және оған уақтылы дұрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, құлдырау, депрессия және т.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)
Әлеуметтік көрсеткіштер, соның ішінде:
қызметкерлердің еңбекке қатынасы;
қызметкерлердің біліктілігі, жауапкершілігі мен еңбегіне сыйлық ақы төлеудың шекті қатынасы;
директораттың әлеуметтік адекваттылығы (кәсіби дайындығы, шыншылдығы, міндеттемелерге менімділігі, контрактілерге дайындығы);
әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесі.
Қай уақытта банктік менеджмент сапасыз болып табылса, оның арты банктік дағдарысқа ұласып, банктің зиян шегуіне, клиенттердің кетуіне әкеліп соғады. Мұндай менеджментті «мисменеджмент» немесе «нашар менеджмент» деп атайды. Мисменеджмент бұл кемшіліктері көп және заң бұзатын қызметкерлері бар және оларға бақылаудың болмауымен сипатталатын менеджменттің түрі. Мисменеджмент көп жағдайларда банктік менеджменттің бірқатар мектептерінің өкілдерінің басты көңіл аударатын объектісі ретінде қызмет етеді. Экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында мисменеджмент банктің дағдарысын одан әрі өршітіп, банктің құлдырауына тікелей сепебкер болады.
Мисменеджменттің мынадай түрлері болады:
техникалық мисменеджмент;
косметикалық менеджмент;
дағдарыстық (авантюралық) менеджмент;
Техникалық мисменеджмент мынадай жағдайлардан байқалады;
банк жаңадан құрылған, яғни енді ғана ұйымдастырлыған және агрессивтік саясат жүргізуі мүмкін, сонымен қатар оның жетекшісінің тәжірибесі жеткіліксіз;
банк иелері және жетекшілері ауысады және ол оның саясатының өзгерісіне әкеледі;
бұрынан банк жақсы басқарылып келгенмен, кейбір себептерге байланысты банктің жетекшілері нарықтағы мүмкін болатын коньюнктуралық өзгерістерді алдын ала көре білмейді.
Техникалық мисменеджмент бұл банктің дұрыс саясат жүргізбеуімен, ішкі бақылау және аудиттің жеткіліксіздігімен, жоспарлаудың әлсіздігмен және қызметкерлердің біліксіздігімен сипатталады. Техникалық мисменеджменттің теріс салдары болғанымен ол заңға сәйкес жүзеге асырыла береді, бірақ ондай менеджмент банк үшін қауіпті немесе тәуекелді болуы мүмкін.
Косметикалық менеджментте клиенттер тарапынан сенімді жоғалтпау және қолайсыз жағдайдан шығару жолын іздестіру және уақыт ұту мақсатында банк өзінің қызметіне байланысты орын алған өткен және ағымдағы зияндарын жасырады. Кометикалық мисменеджментің мақсаты – есептік құжаттарды банк қызметінің бірқатар көрсеткіштерін өзгеріссіз беру арқылы банкте қалыпты жағдайдың барлығын көрсету. Мұндай жасыруларды күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы резервтерді азайту, активерді қайта бағалау мақсатында банк активтерінің жіктелімі бойынша есеп берулерде пайдаланады. Косметикалық мисменеджмент бұл өзінше тәуекелді күшейтпейді, бірақ онымен күресу шарларын азайтады. Ол сонымен қатар банк клиенттері мен серіктестері үшін өте қауіпті жағдай туғызады.
Дағдарыстық менеджмент – бұл косметикалық мисменеджменттің банктің негізгі көрсеткіштерін жасыра алмай қалу жағдайына байланысты туындайтын менеджмент түрі. Мұндай менеджменттің мақсаты банктің қысқа мерзім ішінде өзінің жағдайын түзетуді көздейді. Мисменеджмент клиенттермен келісім бойынша нарықтық мөлшерлерммден жоғары пайызбен депозит тартып, келісімшарт бұзған қарыз алушылардан жоғары пайыз алу, салым иелеріне қаражаттарын қайтаруды кейінге қалдыру, валюта, бағалы қағаз, жер немесе жылжымайтын мүліктермен байлынысты алып сатарлық операцияларды бірден өсіру сияқты шараларды қамтиды.
Шын мәнісінде техникалық, косметикалық және дағдарыстық мисменеджмент қоғам үшін қауіпті, серіктестер мен клиенттерге, салымшыларға зиян әкелуі мүмкін болғанымен олардың көздеген мақсаттары бір болып келеді.
