- •1.1 Банктің мәні және даму тарихы
- •1.2 Қазақстан аумағына банк капиталының енуі
- •1.3 Кеңес үкіметі тұсындағы банк ісінің моноплиялануы
- •1.4. Банктік реформалар
- •2.1. Қазақстан Ұлттық банкісінің ұйымдастырылу және функционалдық құрылымы
- •2.2 Қазақстан Ұлттық банкісінің міндеті, қызметтері мен операциялары
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өкілдігі мен филиалдыры
- •16 Аумақтық филиал
- •Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдыры
- •Акционерлік қоғамдар
- •2.3 Қазақстан Ұлттық банкісінің эмиссиялық қызметі
- •2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
- •2.6 Инфляциялық таргеттеу қағидаттары және трансмиссиялық механизм
- •00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000006-Сурет. Трансмиссиялық тетіктің үлгісі
- •2.7 Ақша массасы және ақша агрегаттары
- •3.1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру
- •3.2. Банк қызметін пруденциалдық реттеу
- •Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
- •2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
- •3.3. Банктік қадағалау әдістері
- •3.4 Банктік топтардың қызметін жиынтық қадағалау
- •3.5 Банк қызметін рейтингтік бағалау және camel жүйесі
- •Активтердің орташа құны
- •4.1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
- •4.2. Банктік меншікті капиталының көздері мен қызметтері
- •4.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
- •4.4. Банктің тартылған қаражаттары
- •4.4.1 Банктің депозиттік операциялары
- •4.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары
- •4.5 Банктің депозитті
- •5.1. Банктің активтерінің сипаты мен сапасы
- •4.2 Банк активтерінің жіктелуі
- •5.3 Несиелердің жіктелуі және оларға провизия құру
- •5.4 Банктің инвестициялық операциялары
- •4.4.1. Банктік инвестиция және инвестициялық саясаты
- •4.4.2 Банктің бағалы қағаздармен операциялары
- •1 Жай акцияға төленетін дивидент
- •1 Акцияға келетін пайда
- •6.1 Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелуі
- •6.2 Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі
- •Банктік шот ашу туралы өтініш формасы
- •Қазақстан Халық банкі ақ Алматы Облыстық филиалы
- •5.3 Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу формалары мен құралдары
- •6.5 Электрондық қызмет көрсетулер және есеп айрысулар
- •Интернет
- •6.5 Кассалық операциялар және қолма-қол ақшалармен есеп айырысу
- •7.1 Төлем жүйесінің ұғымы және құрылымы
- •7.4 Свифт жүйесінің құрылымы мен қызметі
- •8.1. Несиелік саясат, оның элементтері
- •8.2. Несиелік механизмнің мазмұны
- •8.2.1 Банктік несиенің жіктелімі
- •Мерзіміне қарай:
- •Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- •Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.С.С.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
- •8.2.2. Несиелеу субъектілері мен объектілері
- •8.2.3 Несиелеуді ұйымдастыру қағидаттары
- •8.3 Банктің несиелік комитетінің құрамы мен құзіреті
- •9.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
- •9. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар
- •9.3 Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
- •Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
- •9.4 Қарыз алушы-кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау
- •9.5 Несиелік келісімшарт жасау және несие беру
- •9.6 Несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысы
- •9.7 Жобалық несиелеу ерекшеліктері
- •9.8 Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау
- •9.5 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
- •10.1 Тұтыну несиесін беру
- •Банктік займды алуға арналған сауалнама нысаны (жеке тұлғаларға арналған)
- •1. Жеке басы туралы мәліметтер
- •7. Жанұяның мүлігі туралы мәліметтер
- •Жоғарыдағы көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы б.Ж. Тасмағанбеттегінің төлем қабілетін бағалау нәтижесі мынадай:
- •Жылжымайтын мүлік объектісін бағалау туралы есеп беру
- •10.2 Халықты ипотекалық несиелеу
- •Ипотекалық несиені кепілдендіру қоры
- •10.4 Ипотекалық несиелеу нарығы
- •11.1. Лизинг
- •11.2. Факторинг
- •Факторингтік компания
- •Импортер
- •Экспортер
- •Форфейтор-банк
- •12.1. Траст операциялары
- •Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- •12.2 Валюталық операциялар ұғымы
- •12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі
- •12.3 Инкассо
- •12.4 Аккредитив
- •Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.
- •Аккредитивтің артықшылықтары мынадай:
- •12.5 Банктік кепіл-хат
- •Мт 760 Кепіл-хатты шығару.
- •__________________________ Директоры
- •__________________________ Мырзаға
- •Банктік кепіл-хатты алу туралы
- •13. 1 Банкті қызметін басқару теориялары мен бағыттары
- •13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау
- •13.3. Банк қызметін стратегиялық және ағымдағы жоспарлау
- •13.4. Банк қызметіндегі ішкі бақылау
- •13.5 Банк қызметкерлерін басқару
- •14.1. Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
- •14.2. Банк өтімділігін басқару әдістері
- •14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері
- •15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері
- •15.2. Банк шығыстарының жіктелуі
- •16.1 Банктік тәуекелдер, олардың жіктелемі
- •16.2 Несиелік тәуекел және оны басқару
- •15.3 Пайыз тәуекелін басқару
- •16.4 Валюталық тәуекелді басқару
- •16.4 Операциондық тәуекелдерді басқару
- •Операциондық тәуекелдер
- •1993 Жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.
- •1993 Жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.
- •1993 Жылғы үлгідегі металл тиындар
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2003 Жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •2000 Жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.
- •2006 Жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы
- •1999 Жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.
- •500 Теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.
- •Төлемдердің тағайындалу кодының (ттк) кестесі
- •Қарыз алушы сыпаты туралы Қысқаша түйін формасы
- •Клиент туралы мәліметтер:
- •Сұраныстырылып жатқан займ туралы мәліметтер:
- •3. Қаржылық мәліметтер:
- •4. Түсініктеме:
- •Қамтамасыз ету (түйіндеменің бөлінбейтін бөлігі)
- •Ағымдық несиелік мониторинг туралы есебі
- •Қарыз туралы келісім-шарт №___ күні ___________ Несие сомасы ___________ Сыйақы мөлшерлемесі___________
- •Жобаның іске асырылуы
- •Салалар бойынша тереңдетілген мониторинг есебі Саласы _______________
- •1. Несиелеу шарты.
- •4. Жобаны нақты іске асырылуы
- •5. Сатып алушылар мен жабдықтаушыларды талдау
- •9. Талдау Қаржылық есеп
- •9.1 Жиынтық баланстық есеп, мың теңге
- •11. Қарыз алушының жіктелімі:
- •Әдебиеттер
- •Серік Биханұлы Мақыш
- •Банк ісі
2.4 Қ р Ұлттық банкісінің ақша-несие саясаты
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді.
· Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
· Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
2007 жылғы ҚР Ұлттық банкі мынадай операциялар бойынша ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгіеді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
банктерден таратын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері – жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.
Банктерден таратын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қражаттарын тартуға байланысты қолданылады.
ҚҰБ-нің ресми сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей 1-кестемен беруге болады.
1-кесте. Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері*
пайызбен, кезеңнің соңына
|
Сыйақы мөлшерлемесінің түрлері |
2000 ж |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2004ж |
2005ж |
2006ж |
2007ж |
1. |
Қайта қаржыландыру |
14 |
9,0 |
7,5 |
7,0 |
7,0 |
8 |
9 |
11 |
2. |
Овернайт займдары бойынша |
20 |
12 |
9 |
8,0 |
8,5 |
- |
- |
- |
3. |
РЕПО операциясы бойынша, соның ішінде: овернайт 1 апта 2 апта Кері РЕПО операциясы бойынша 1 апта |
- 6,5 5,5
|
5 5 5,5 |
5,5 5,5 5,5 |
4,5 4,5 4,5 |
4,25 4,25 4,25 |
8 |
9 |
11 |
* Дерек көзі: Сандық мәліметтер ҚҰБ статистикалық бюллетенінен алынған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылдың екінші жартыжылдығында жағдайдың өзгерісіне және банктердегі өтімділіктің ғаламдық дағдарысқа негізделген өтімдлік тапшылығының туындауына әсер ете отырып, банктердің өтімділігіні қолдау арқылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде қадамдар жасады. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету пайдасына жасалған таңдау дұрыс болды және де көптеген орталық банктер, оның ішіне дамыған елдердің банктері осы жолды таңдады.
Банктерді теңгедегі қысқа мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыздан бастап кері РЕПО операцияларын жүргізу көлемін ұлғайтты, шетел валютасын кепілге бере отырып, сондай-ақ банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі еркін айырбасталатын валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып валюталық СВОП операцияларын жүргізе бастады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің қысқа мерзімді ноталарын мерзімінен бұрын өтеу практикасын жаңартты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта қаржыландыру заемдарының жаңа нысанын, атап айтқанда банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды кепілге бере отырып қысқа мерзімді заемдар енгізді. Осы қайта қаржыландыру операциялары 7 күн мерзіммен жүргізілді.
2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 723,9 млрд. теңге көлемінде кері РЕПО операцияларын, 4043,1 млрд. теңге көлемінде валюталық СВОП операцияларын жүргізді. 2007 жылғы желтоқсанның аяғындағы жағдай бойынша банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы кері РЕПО операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 4,0 млрд. теңгені, валюталық СВОП операциялары бойынша өтелмеген берешегінің көлемі 123,8 млрд. теңгені құрады.
2007 жылғы тамыздан бастап банктер тарапынан қысқа мерзімді ноталарға деген сұраныс біршама қысқарды, нәтижесінде айналыс мерзімі 28 күн болатын ноталар ғана шығарылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттер тарту бойынша жүргізілген операцияларының көлемі аз болды. Бұл банктердің «бос» өтімділігінің болмауына байланысты болды.
Нәтижесінде айналыстағы ноталардың көлемі 228,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 57,1% төмендеді), банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерінің көлемі 9,9 млрд. теңгеге дейін (тұтастай алғанда 2007 жылы – 92,4% төмендеді) қысқарды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда ішкі валюта нарығында басым түрде шетел валютасын сатушы ретінде болды. Шетел валютасын нетто-сату көлемі 6,5 млрд. АҚШ долл. жетті.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігін 2007 жылғы тамыз-желтоқсанда 58,2 млрд. теңгеге толықтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі нарықтағы операцияларының нәтижесі болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тамызда ең төменгі резервтік талаптар тетігі қайта қарады. Өзгерістер резервтік міндеттемелер базасын қысқартуға және резервтік активтер құрылымын ұлғайтуға арналды, бұл бағалау бойынша банктерге 150 млрд. теңгені қосымша босатуға мүмкіндік жасады. Бұл өзгерістер 2007 жылғы 9 қазаннан бастап күшіне енді.
Ақша ұсынысының өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2007 жылғы шараларының нәтижесі болды. 2007 жылы ақша базасы 1464,3 млрд. теңгеге дейін 2,5% (2006 жылы – 126,4% кеңейді) тарылды. 2007 жылғы қаңтар-қараша аралығында ақша массасы 4521,0 млрд. теңгеге дейін 22,9% (өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында – 64,0%), айналыстағы қолма-қол ақша 686,1 млрд. теңгеге дейін 14,2% (27,4%) ұлғайды.
Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18-20åòòiåòòi мөлшерінде бекітілген болатын. Кейінен оның мөлшері 6-ға дейін төмендеді.
Банктердің резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің “Ең төменгі резервтік талаптар туралы” ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.
Осыған байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады.
2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.
2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:
- банктердің ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.
- банктердің өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы – 8-ға белгіленді. Мұндағы банктің өзге де міндеттемелері бейрезидент алдындағы банктің міндеттемелері мен резиденттік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді..
Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді. ҚР Ұлттық банкі нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Айналыстағы ақша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталамен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында,брокерлік және дилерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды шығару шарттарын сай аукционға қатысшылардыың өтініштерін қанағттандыруға құқылы.
Қазақстан Ұлттық банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық не жартылай алуға құқығы бар.
Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.
Қазақстан Ұлттық банкі бәсеклестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын қабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесін дербес түрде анықтайды
Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.
Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін ҚР Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын валюта резевтері есебінен жүзеге асырылды. Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістеріне жол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.
Ұлттық банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни ҚР Ұлттық банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады және ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осынадай теріс салдарларды болдырмау үшін ҚР Ұлттық банкі “стирилизациялау” құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артық ақшаны айналыстан алып отырды.
Теңгенің 2006 жылдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 127 теңгені құраған номиналдық бағамы 2007 жылғы сәуірде бір доллар үшін 120,1 теңгеге дейін нығайды, ал 2007 жылғы маусымның аяғына дейін бір АҚШ доллар үшін 122,31 теңгені құрады және оны 2-суреттен көруге болады.
2-сурет. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты айырбас бағамы*
*Дереккөзі: ҚҰБ-нің есептік материалдары.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция орташа жылдық дейгейінің 2007 жылы 10,8 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Шетел валютасына ұсыныстың қысқаруы жағдайында сұраныстың өсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері есебінен қаржыландырылды.
Әлемдік капитал нарықтарындағы оқиғалардан кейін банктерде шетел валютасындағы өтімділік тапшылықтарының пайда болуы халықта арасында валюта бағамының одан әрі серпініне қатысты дүрбелең туғызды. Тамызда айырбас бағамы айдың аяғында бір АҚШ доллары үшін 126,25 теңгеге дейін әлсіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылдаған өктемдігі және банк жүйесіне деген сенімділікті қалпына келтіру жөніндегі шаралары теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды қамтамасыз етті. 2007 жылғы қыркүйектің аяғында айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 120,96 теңгені, ал 2007 жылғы желтоқсанның аяғында бір АҚШ доллары үшін 120,30 теңгені құрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2007 жылғы тамыз – желтоқсан аралығындағы кезеңде 6,0 млрд. АҚШ долл. дейін төмендеп, желтоқсанның аяғында 17,4 млрд. АҚШ долл. құрады.
Орта мерзімді болашақта теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюын айқындайтын түбегейлі факторлардың болуын назарға ала отырып, теңге бағамының күрт ауытқуын болдырмау қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды фактор болып табылады.
2.5 ҚҰБ-нің алтын-валюта резервін басқару қызметі
Алтын-валюта резерві ұлттық валюта теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылады және пайдаланылады.
Алтын-валюта резервтері (АВР) құрамы мыналардан тұрады:
құйма алтыннан;
Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
валюталық құндылықтардан;
шетел валютасындағы жәй және аудармалы вексельдерден;
шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;
басқа да сыртқы активтерден.
Алтын-валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
монетарлық алтынды сатып алу;
резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;
Ұлттық банктің монетерлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металлдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;
Ұлттық банктің кеңес беру, ақпаратық - баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.
Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен іске асырылады:
ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;
өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін тенгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде дипломаттық және басқа да өкіліттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және ҚР Ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
басқа да шетел валютасын сатып алу үшін шетел валютасын сату;
Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;
құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.
Ұлттық Банктің жалпы алтынвалюта активтерінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жалпы көлемі 17 392,5 млн. долл болды, бұл 2007 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1 734,6 млн. долларға аз. Жалпы алтынвалюта активтері көлемінің өзгеруіне еркін айырбасталатын валютадағы активтердің 2 210,9 млн. долларға азаюы жəне монетарлық алтынның 476,3 млн. долларға ұлғаюы ықпал етті (2-кесте).
2-кесте
Қазақстан Ұлттық Банкінің жиынтық алтын-валюта резервтерінің құрылымы*
|
Көрсеткіштер (млн. АҚШ долл.) |
Сомасы |
|||
01.01. 2005ж |
01.01. 2006ж |
01.01. 2007ж |
01.01. 2008ж |
||
1 |
Жалпы алтын-валюта резвертері, барлығы |
9 276,654 |
7 069,705 |
19 127,051 |
17 392,450 |
|
соның ішінде: |
|
|
|
|
1.1. |
Монетарлық алтын |
803,562 |
985,512 |
1 376,243 |
1 852,526 |
1.2. |
Еркін айырбасталатын валютадағы және СДР-дегі активтер |
8 473,093 |
6 084,192 |
17 750,808 |
15 539,923 |
а) |
Қолма-қол шетел валютасы (ЕАВ) |
3,299 |
2,654 |
3,645 |
169,476 |
б) |
Еркін айырбасталатын валютадағы депозиттер |
1 092,017 |
669,459 |
6 227,96 |
6 236,485 |
в) |
Бағалы қағаздарға кепілге берілген еркін айырбасталатын валютадағы кредиттер |
539,924 |
290,800 |
309, 524 |
1 250,200 |
г) |
Еркін айырбасталатын валютадағы акциялардан басқа бағалы қағаздар |
6 836,278 |
5 104,825 |
11 194,795 |
7 883,769 |
д) |
Қаржылық деривативтер және басқа да шоттар |
1,575 |
16,454 |
4,162 |
0,000 |
*Көзі: Сандық мәлеметтер ҚҰБ-нің 2005 жылғы есебінен алынған
Қазақстанның валюта нарығы еркін айырбасталатын валютаға сұраныстың оның ұсынысынан артып кету ықпалында болды. Мəселен, Ұлттық Банктің Қазақстан қор биржасындағы нетто-сатуы 6 025,7 млн. долл. болды. Биржадан тыс нарықта нетто-сату 221,0 млн. долл. болды.
Өткен кезеңде Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге Ұлттық Банктегі міндетті резервтеу шоттарына 2 330,8 млн. долл. сомаға қаражат аударды.
Сонымен бірге Ұлттық Банк 2007 жылы жалпы сомасы 600,4 млн. долл. сыртқы борыш бойынша Қаржы министрлігінің төлемдерін жүзеге асырды.
Алтынның əлемдік бағасы 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 троя унция үшін 639,75 АҚШ долларынан 2008 жылғы 2 қаңтарға 846,75 АҚШ доллары деңгейіне немесе 32,4% өсті.
Ұлттық Банк сыртқы нарықта 775,4 троя унция мөлшерде алтынды нетто-сатып алуды жүзеге асырды.
Алтынвалюта активтерін басқару. Əлемдік қаржы нарықтарында қалыптасқан ахуалға байланысты алтынвалюта активтерін мемлекеттік бағалы қағаздар сияқты барынша сақталған активтер жағына қайта құрылымдау жүргізілді. Тұтастай алғанда портфельдердің кредиттік сапасы жақсарды.
Алтынвалюта активтерін басқару процесін жетілдіру мақсатында Ұлттық Банктің Инвестициялық комитеті құрылды жəне жұмыс істеуде.
Есепті кезеңде Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін сыртқы басқарушылардың біреуімен инвестициялық басқару бойынша келісім бұзылды.
Ауқымды қаржы нарықтарындағы күрт өзгерістерге тез назар аудару мүмкіндігін жасау мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы №139 қаулысымен бекітілген Алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияға тиісті өзгерістер енгізілді.
Туынды қаржы құралдарымен операцияларды жетілдіру жəне құралдар тізімін кеңейту мақсатында Ұлттық Банк Басқармасының «Ұлттық Банк Басқармасының «Ұлттық Банктің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 13 сəуірдегі № 133 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы №33 қаулысы қабылданды.
Алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфелі. Алтынвалюта активтерінің инвестициялық портфелінің нарықтық құны 2007 жылдың басында 8 933,0 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында – 5 799,3 млн. долл. болды
Валюта қоржынында көрсетілген 2007 жылғы инвестициялық портфельдің кірістілігі 6,04% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 5,72% болған кезде үстеме кірістілік 32 б.т. болды.
АҚШ долларымен көрсетілген 2007 жылғы инвестициялық портфельдің кірістілігі 10,95% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 10,61% болған кезде үстеме кірістілік 34 б.т. болды
Сыртқы басқарудағы долларлық қосалқы портфельдердің үстеме кірістілігі 2007 жылы комиссиялық сыйақыны есептемегенде, 1 Басқарушының басқаруындағы қосалқы портфель бойынша (-)224 б.т., 2 Басқарушының басқаруындағы қосалқы портфель бойынша, тиісінше (- ) 234 б.т. жəне (-)206 б.т. комиссиялық сыйақыны қоса алғанда, (-)200 б.т. болды (3-кесте).
3-кесте
АВР портфелінің басқарушылары бойынша 2005 жылғы үстеме кірістіліктің салыстырмалы кестесі1
(кірістілік әрбір қосалқы портфельдің меншікті валютасымен есептелген).
млн. АҚШ доллары
Басқарушы |
Нарықтық құны |
Портфель кірістілігі |
Эталон портфель кірістілігі |
Үстеме кірістілік |
||||
Валюталық активтердің ұзақ мерзімді портфелі |
||||||||
Барлығы |
5 799,30 |
10,9% |
10,61% |
0,34% |
||||
АҚШ долларымен деноминирленген қосалқы портфель |
||||||||
Барлығы |
2 605,54 |
7,81% |
7,88% |
-0,07% |
||||
Ұлттық Банк |
2 411,86 |
7,99% |
7,88% |
0,11% |
||||
1-Басқарушы |
193,68 |
5,64% |
7,88% |
-2,24% |
||||
2-Басқарушы* |
|
3,08% |
5,08% |
-2,00% |
||||
Еуромен деноминирленген қосалқы портфель |
||||||||
Ұлттық Банк |
1744,30 |
3,92% |
3,67% |
0,25% |
||||
Фунт стерлингпен деноминирленген қосалқы портфель |
||||||||
Ұлттық Банк |
570,51 |
7,59% |
7,19% |
0,40% |
||||
Австралия долларымен деноминирленген қосалқы портфель |
||||||||
Ұлттық Банк |
308,64 |
4,56% |
4,29% |
0,26% |
||||
Жапон йенімен деноминирленген қосалқы портфель |
||||||||
Ұлттық Банк |
570,32 |
1,76% |
1,83% |
0,10% |
||||
Абсолюттілік кірістілік портфелі |
||||||||
Барлығы |
370,54 |
6,26% |
5,44% |
0,82% |
||||
* Келісім 28.09.2007 ж бұзылды.
Көзі: Сандық мәлеметтер ҚҰБ-нің 2007 жылғы есебінен алынған
2007 жылдың аяғында басқарушылар инвестициялық портфельдің активтерін мынадай құрал бойынша бөлді: ақша жəне олардың баламалары - 4,91%, мемлекеттік бағалы қағаздар – 78,98%, агенттік бағалы қағаздар – 9,08%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 4,93%, корпоративтік бағалы қағаздар – 2,10%.
2007 жылдың аяғында басқарушылар инвестициялық портфельдің активтерін қисық кірістілікке мынадай бөлуді белгіледі: бір жылға дейін – 36,40%, бір жылдан 2 жылға дейін – 3,10%, 2 жылдан 3 жылға дейін – 24,30%, 3 жылдан 4 жылға дейін – 22,50%, 4 жылдан 5 жылға дейін – 0,00% жəне 5 жылдан астам – 13,80%.
Алтынвалюта активтерінің абсолюттік кірістілік портфелі. Абсолюттік кірістілік портфелінің нарықтық құны жылдың басында 49,9 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында – 370,5 млн. долл. болды. Инвестициялық портфельден 300 млн. долл. сома аудару абсолюттік кірістілік портфелінің нарықтық құнының өзгеруіне ықпал етті.
Абсолюттік кірістілік портфелінің кірістілігі 2007 жылы 6,26% болды. Бұл ретте эталондық кірістілік 5,44% болған кезде үстеме кірістілік 82 б.т. болды.
Алтынвалюта активтерінің өтімділік портфелі. Өтімділік портфелінің нарықтық құны 2007 жылдың басында 8 753,1 млн. долл., 2007 жылдың аяғында 9 409,3 млн. долл. болды. Өтімділік портфелі ақша-кредит саясатын жүргізуге арналған жəне барлық ағындар мен түрлі төлемдер ол арқылы жүзеге асырылады. Бұл портфель алтынвалюта активтері портфельдерінің кірістілігін бағалауға қосылмайды жəне эталондық портфелі жоқ.
Алтынвалюта активтерінің алтын портфелі. 2007 жылдың басындағы алтын портфелінің нарықтық құны 1 371,7 млн. долл., ал 2007 жылдың аяғында 1 812,2 млн. долл. болды.
