- •3.2 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •1. Тарау Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер
- •1.1 Жахандану және халықаралық қатнастар тарихындағы миграциялық фактор түсініктері
- •1.2 Халықтар арасындағы персонофикация мәселелері. Мигрант – интернационалды адам?
- •1.3 Миграция және жұмыссыздық мәселелері хақында/ақш және Европалық Одақ/
- •Тарау 2 ақш cсыртқы саясаты және миграциялық үрдіс
- •2.1 Ақш сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Буш Доктринасы. Ақш жаңа сяасаты
- •2.2 Миграцияның Америкалық жоспары
- •2.3 Миграциялық модельдер хақында
- •2.3.1 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •2.3.2 Франциялық Ұлт концепциясы
- •2.3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.3.1 Германияның «Этникалық үлгісі»
Иммиграция саясатына қатысты құрылған германдық үлгіні интеграция үлгісі емес, герман ұлтына шетелдіктердің кіруіне қарсы құрылған үлгі деп айтуға болады. Бұның түпкілікті мағынасы германдық «ұлт» түсінігінде жатыр. Германияның тарихи дамуына қарайтын болсақ, оларда алдымен біріккен мемлекет емес, «ұлт» пайда болды. Осыған байланысты ортақ дін, тіл, тек, мәдениет деген негізгі тіректері бар «этномәдениеттік» концепциясы құрылды. Немістер шетелдік иммигранттардың азаматтық алуына жол бермеді. Мысалыға миллиондаған түрік иммигранттары көптеген жылдар бойы Германияда азаматтық алмай тұрып келеді. Бірақ шетелде тұрып келген этникалық немістер тіптен өзінің тілін, мәдениетін білмесе де ешқандай қиындықсыз герман азаматтығын ала алады.
Ұлттық этномәдениеттік концепция Германияда жүз жылдар бойы қолданылып келді. Әдетте 1970 жылдың ортасына қарай Германияға үлкен мөлшерде ассимиляцияланбаған шетелдіктердің келуі кезінде бұл концепция жаңыла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдары Германия шетелдік жұмысшы күштерін жинады және ешкім келуші шетелдіктердің көп бөлігі сонда өмір бойы қалады деп ойламады. ГФР үкімет басшылары басқа мемлекеттермен келісімдер ротация принциптерін ұстанды. Яғни жұмысшы эмигранттар Германияда бірнеше жыл жұмыс істесе өз отанына қайтарылады және қажет болған жағдайда оларды ауыстыруға басқалары келеді. Олар шетел жұмысшыларын «гастербайтер» (неміс тілінен «уақытша келген қонақ» дегенді білдіреді) деп атайды. Көптеген иммигранттар қалғысы келмеді, олар тек табыс тауып, кері кеткісі келді. Сол кезде ешкімнің ойында неміс қауымдастығына иммигранттарды интеграциялау келмеді, ал ГФР өзін «иммиграциялық мемлекет» ретінде санамады.
Ротация принципі екі онжылдықтар бойы қолданылды. 1955-1973 жылдар аралығындағы периодта мемлекетке 14 млн. иммигранттар келген, олардың көп бөлігі 11 млн. өз отанына оралды (16). Бірақ 1973 жылы ГФР үкіметі шетелдік жұмысшы күштерін шақыруды тоқтату жөніндегі қаулы қабылдағаннан кейін, сол уақытта Германияда тұрып жатқан иммигранттар өз отандарына оралғысы келмеді. Керісінше олар өздерінің жақындарын осы жаңа отандарына шақыра бастады. Осы уақыттан бастап уақытша еңбек мигранттары Германияның тұрақты тұрғындарына айналды.
Атақты Турция бойынша маман М.Хасановтың айтуынша, «1970 жылдың аяғына қарай парадоксальді жағдай орнады. Батыс Германияда қалған гастербайтерлер заңсыз түрде қалған болатын. 1990 жылдың соңына дейін үкіметтік және әкімшілік деңгейде ешқандай шаралар қолданылмады.
Германияның территориясындағы миллиондаған шетелдік иммигранттарды интеграциялау түсінігі бірден келе қойған жоқ. Тек 1998 жылдың соңына қарай Германия өзін «иммиграциялық мемлекет» ретінде мойындаған кейін үкімет басшылары шетелдіктерді интеграциялау жөніндегі саясатты құруға кірісті және бұл бағыттағы ең алғашқы қадам бұл 2000 жылғы азаматтық жөніндегі заң реформасы болып табылады. Бұл заңға сәйкес Германияда туылған шетелдік балдарға азаматтық берілді.
1989 жылы Берлин қабырғасы құлағаннан кейін Германия бұрынғы КСРО және Шығыс Еуропа мемлекеттерінен өз этникалық немістерді қабылдай бастады. Олар жүз жылдықтар бұрын Ресей империясын (Екатерина ІІ кезінде), Польша, Румыня, Венгрияны тұрақтанған және эмиграцияланған неміс тұқымдары болып табылады. Германияға этникалық немістердің келуінен кейін олар бірден азаматтық алды. Бұл бағыт бойынша 1990 жылы Германияға 2 млн. адам келді. Германияға этникалық немістердің қоныс аудару үрдісі жалғасып келеді. Бұрынғы КСРО-дан (Қазақстаннан және Сібір аймағынан) неміс қоныс аударушылар саны 2,3 млн адамға, ал жыл сайынға квота саны 100 мың адамға жетті.
Кейбір сараптамашылардың айтуынша этникалық немістердің қоныс аударуымен түрік иммиграциясы шектелді. Бұл этникалық немістердің келуі Германияда наразылық тудырды. Зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша, тұрғылықты неміс халықтары мен жаңадан қоныс аударған этникалық немістер арасындағы қатынас бұрыннан Германияда тұрып келе жатқан шетелдіктермен қатынасқа қарағанда едәуір қиынға соқты.
Сонымен, ХХ ғасырдың соңына қарай Германия үлкен иммиграциялық меммлекеттердің бірі болды. 2000 жылы тегі неміс емес 7,3 млн. адам қоныс тепті. Көбіне шетел азаматтары олар – түріктер. Қазіргі таңда Германияда 2 миллионға жуық түрік бар, олар шетелдік тұрғындардың 28% құрайды және олар ең үлкен иммигранттар тобын құрап отыр. Осы осы жаңа тұрғындарды интеграциялау үшін Германия өзі жаңа бағат таңдады: ол оларға азаматтық және саяси құқық берумен асықпады, бірақ әлеуметтік интеграцияның мәдениеттенуіне ұмтылуда.
